Орындаушы: Нұржан Мадияр Ерланұлы


Пиролиз- көмірді ауа қатыстырмай жабық реакторда 1000 °C шамасында қыздыру. Түзілген өнімдер одан әрі өзгерістерге ұшырамайды. Газдандыру



бет3/16
Дата07.01.2022
өлшемі53,32 Kb.
#18243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Пиролиз- көмірді ауа қатыстырмай жабық реакторда 1000 °C шамасында қыздыру. Түзілген өнімдер одан әрі өзгерістерге ұшырамайды.

Газдандыру- 1000 °C температурада қатты отынның органикалық массасын ауамен, су буымен немесе олардың қоспасымен шала тотықтыру арқылы жанғыш газдарға айналдыру. Жанатын газдарды генератор пештерінде өндіретін болғандықтан, оларды генератор газдарыдеп атайды.

Гидрогендеу- катализатор қатысында жоғары температурада және қысымда отынды сутекпен өңдеу. Бұл кезде отын алғашқы қалпынан өзгеріп, құрамында сутек мол жаңа сұйық,газ тектес немесе қатты отынға айналады. Мысалы, көмір мен тақтатастарды осылай өңдейді.

Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Тағы да басқа целлюлозадан және органикалық әртүрлі типті қалдықтардан алынып бағытталған әр түрлі дәрежедегі өңделген жобалар кездеседі, бірақ бұл технолгоиялар әлі бастапқы кезеңдегі өңдеуде немесе коммерциялылықтануда. Био отындар сұйық түрде (іштен жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол, биоотын), қатты отын (ағаш, шымтезек, отынды гранулалар, жаңқа, сабан, қауыз) және газ тәрізді отындар (биогаз, сутегі).

Қатты отындар

Ағаш — адамдар бұрыннан қолданатын көне отын. Қазіргі таңда әлемде ағаш өңдеуге немесе биомассаға энергетикалық ормандар қолданады, олар тез өсетін түрлерін алады (теректер, эвкалипт және т.б.). Көп елдерде отын ретінде табиғи балансты ағаштар қолданады, ал олар өз кезегінде орманның жойылуына әкеліп соғады. Ол ағаштар сапа жағынан пиломатериал өндірісіне сәйкес келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет