Орналасуы: екі өкпеқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы



Дата19.02.2023
өлшемі36,14 Kb.
#69159

107-Көкірекаралық.Базель жіктемесі бойынша бөлімдері,көкірекаралықтың
ағзалары,олардың топографиясы
Көкірекаралық ediastinum
ОРналасуы: екі өкпеқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы
Шекарасы Көкірекаралық, mediastinum, алдынан төспен, артынан - омыртқа бағанының
кеуде бөлiгiмен, бүйірінен - оң және сол көкірекаралықпен шек теледі. Көкірекаралық
жоғарыдан кеуде торы ның жоғарғы апертурасына, төменнен кокетке дейін жетеді.
Базель номенклатурасы бойынша алдыңғы/төменгі(mediastinum anterior/ mediastinum
posterior)
Жоғарғы көкірекаралық, mediastinum superius, төс сабын (алдынан) IV және V кеу де
омыртқаларымен (артынан) ѳосатын шарт ты көлденең жазықтықтан жоғары орналаса ды.
Жоғарғы көкірекаралыкта тимус, оң және сол иыкбас веналары, жоғарғы қуыс венаның
жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақта латын тамырлар (иықбас сабауы, сол
жалпы ұйкылық артерия, сол бұғанаастылық венасы), кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі,
кеуде түті гiнiн сәйкес бөлігі, оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв орналасқан.
Шартты гори зонталдi жазықтықтан төмен төменгi көкірека ралық, mediastinum inferius,
орналасады. Төменгi көкірекаралық өзі үшке:
-Алдыңғы
-Ортаңғы
-Артқы бөлімдерге бөлінеді.
Алдыңғы көкірека аралық, mediastinum anterius, алдынан төс сабы мен артынан
жүрекқаптың алдыңғы қабырға сының аралығында орналасып, құрамында ішкі кеуде
тармақтары, төс маңындағы, алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа
түйіндері орналасады. Ортаңғы көкірекара аралықта, mediastinum medium, ішінде жүрек
және ірі қан тамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан жүреккап, басты
бронхылар, екпе артериясы мен венасы, кекеттік нерв пен қо сарланып жүретін көкетжүрекқаптық тамыр лар, төменгі кеңірдек-бронхтық және латерал дi жүрекқаптық лимфа
түйіндері орналасады. Арткы көкірекаралық, mediastinum posterius, алдынан жүрекқаптың
қабырғасымен және ар тынан омыртқамен шектелген.
Арткы көкірек аралық мүшелеріне төмендеген қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және
жартылайсыңар веналар, оң және сол симпатикалық сабаудың, ішкі мүшелік нервтердiң,
кезбе нервтің, өңеш тiн, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері, артқы көкірекаралык және
омыртқа алдындағы лим фа түйіндері жатады. көкірекаралық өзі үшке: алдыңғы, ортаңғы,
артқы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы көкірека ралық, mediastinum anterius, алдынан төс
сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңғы қабырға сының аралығында орналасып,
құрамында ішкі кеуде тармақтары, төс маңындағы, алдыңғы көкірекаралықтық және
жүрекқапалды лимфа түйіндері орналасады. Ортаңғы көкірекара лықта, mediastinum
medium, ішінде жүрек және ірі қан тамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан
жүреккап, басты бронхылар, екпе артериясы мен венасы, кекеттік нерв пен қо сарланып
жүретін көкет-жүрекқаптық тамыр лар, төменгі кеңірдек-бронхтық және латерал дi
жүрекқаптық лимфа түйіндері орналасады.
Арткы көкірекаралық, mediastinum posterius, алдынан жүрекқаптың қабырғасымен
және ар тынан омыртқамен шектелген. Арткы көкіре каралықтың мүшелеріне төмендеген
қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және жартылайсыңар веналар, оң және сол симпатикалық
сабаудың, ішкі мүшелік нервтердiң, кезбе нервтің, өңеш тiн, кеуде түтігінің сәйкес
бөлімдері, артқы көкірекаралык және омыртқа алдындағы лим фа түйіндері жатады.
108-Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша.
Көкірекаралық (mediastinum)
Орналасуы: екі өкпеқап араcында орналасқан мүше
Шектесуі(жанасуы):1)алдынан төспен жанасады
2) артынан –омыртқа жотасының бөлігімен
3)бүйірінен – оң және сол өкпеқаппен
Проекциясы: жағарыдан кеуде торының жоғарғы бөлігінен, төменнен көкетке дейін
жетеді.
Париж номенклатурасы бойынша көкірекаралық жоғарғы және төменгі бөліктерге
бөлінеді.
1)Жоғарғы көкірекаралық (mediastinum superior). Жоғарғы тимус, иықбас веналары,
жоғарғы қуыс венаның жоғарғы бөлігі, тамырлар , кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі ,
кеуде түтігі, оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв
2)Шартты горизонтальды жазықтықтан төмен төменгі көкірекаралық (mediastinum
infeior)орналасады.
Ол 3 ке бөлінеді: Алдыңғы , ортаңғы, артқы.:
1)Алдыңғы (mediastinum anterior) алдынан төс сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңғы
қабырғасының аралығында орналасып, құрамында ішкі кеуде тармақтары , төс мңындағы ,
алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқап алды лимфа түйіндері орналасады.
2)Ортаңғы (mediastinum medium)ішінде жүрек және ірі қан тамырлардың жүрекқап ішкі
бөлімдері орналасқан жүрекқап , басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы, көкеттік
нерв пен қосарланып жүретін көкетжүрекқаптық тамырлар, төменгі кеңірдек- бронхтық
және латеральді жүрекқаптық лимфа түйіндері болады.
3)Артқы (mediastinum posterior)алдынан жүрекқаптың қабырғасымен және артынан
омыртқамен шектелген . Артқы көкірекаралықтың мүшелеріне төмендеген қолқаның
кеуделік бөлігі, сыңар және жартылай сыңар веналар, оң және сол симпатикалық сабудың,
ішкі мүшелік нервтердің , кезбе нервтін, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері , артқы
кқкірекаралық және омыртқа алдындағы лимфа түйіндері жатады
109-Бүйрек топографиясы, бүйректің капсуласы (скелетотопиясы, синтопиясы,
голотопиясы), ішастарға қатынасы.
Бүйрек, ren- несеп түзуші және несепті шығарушы мүше.
Жұп мүше: оң және сол бүйрек ажыратылады.
Пішіні-бұршақтәрізді, түсі қою-қызғылт, орташа салмағы-120г
Топографиясы: Бүйрек іш қуысының артқы қабырғасында, омыртқа бағанасының бүйір
қапталы тұсында XII-кеуде омыртқа мен II-бел омытқа аралығында орналасқан.
Голотопиясы:
Бүйректер бел аймағында (region lumbalis) және құрсақ қуысының ішастарартқылық
кеңістігінде (region retroperitoneale) экстроперитонеалды орналасқан.
Бел аймағында- жоғарғы, төменгі, медиалді, латеральді шекаралары ажыратылады:
-жоғарғы шекарасы XII қабыртқа;
-төменгісі мықын қыры;
-медиальді шекарасы-омыртқаның қылқанды өсінділерінен боймен өткізілетін сызық;
-латеральді шекарасы- XI қабыртқадан мықын қырына дейінгі сызық, яғни ортаңғы
қолтық сызыққа сәйкес орналасқан(Linea axillaris medius).
Бүйректердің құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасына проекциясы:
оң жақ бүйрек- regions epigastrica, umblicalies et abdominalis lateralis dextra
сол жақ бүйрек- regions epigastrica et abdominalis lateralis sinistra Скелетопиясы:
-Оң бүйрек сол бүйректен төмен жатады. Себебі, оң бүйрек бауырдың оң үлесімен
беттесіп орналасқан.
- Омытртқа бағанасының жолында орналасқан, дәлірек айтқанда оң бүйрек- XII-кеуде
омытрқа мен III-бел омытрқа аралағында, ал сол бүйрек- XI-кеуде омытқа мен II-бел
омыртқа аралығында .
-бүйректің екі шеті бар-жоғарғы және төменгі. Төменгі шеті мықын қырынан орташа - 3-5
см-дей жоғары орналасқан.
- Бүйректің алдыңғы нүктесі, яғни, бүйрек қақпаларының іштің алдыңғы қабырғасына
проекциясы: IX-шы қабыртқа шеміршегінің алдыңғы ұшында.
-Бүйректің артқы нүктесі,яғни, бүйрек қақпаларның іштің артқы қабырғасына
проекциясы: тұлғаны жазғыш бұлшықеттердің сыртқы жиегі мен XII-қабыртқа
аралағындағы бұрыш.
Бүйректің кейбір ауруларында , бүйректің осы 2 нүктесін саусақпен басқанда қатты
ауырсыну болады.
Синтопиясы:
-оң жақ және сол жақ бүйректердің екеуінінде жоғарғы шетінде бүйрекүсті бездері
орналасқан;
Оң бүйрек:
Алдыңғы беті-бауырмен(hepar),
Медиальді жиегі-он екі елі ішектің төмендеген бөлігімен (Pars descendens),
Төменгі бөлігінің алдыңғы латеральді бөлімі- тоқішектің оңдақ иінімен(flexura coli dextra)
Алдыңғы медиальді бөлімі-ащыішекпен жанасады.
Сол бүйрек:
Жоғарғы ұшының Алдыңғы беті:
-жоғарғы 1/3 бөлігі-Асқазанмен
-ортаңғы 2/3бөлігі ұйқыбезбен
-латеральді бөлігі көкбауырмен шектескен.
-Төменгі ұшының алдыңғы беті-жіңішке ішектің аш ішек бөлімімен(jejunum),
- латеральді бөлігі- тоқ ішектің сол иінімен(flexura coli sinistra) шектескен.
- Артқы беті- көкетпен шектескен.
Бүйрек қабықтары:
-фиброзды қабық
-майлы қабық
-бүйрек шандыры
Ішастарға қатынасы:
- ішастардың артында экстроперитонеалды орналасқан.
110-Бүйректің фиксациялық аппараты
Бүйректердің өз орындарында бір қалыпты деңгейде орналасуының маңызы зор. Өйткені,
бүйректер майлы қабықпен қоршалып бос жатады, сондықтан, бүйректер әлсіз бекіген
ағзалар қатарына жатады. Нашар бекігендіктен қозғалмалы келеді, мұндай жағдайда
бүйректің төмен түсіп кетуі байқалады.
Бүйректің қалыпты бір деңгейде орналасуы мына факторларға байланысты:
-Бүйрек орнына, белдің үлкен бұлшықеті(m. psaos major) мен белдің шаршы бұлшықеті
(m. quadratus lumbarum) түзілген.
- бүйрек аяғына: бүйрек кантамырлары, нервтері, лимфа тамырлары және бүйрек түбегі
немесе несепағар;
- ішастар байламдарына;
-іш қуысы, көкет, шаттың бқошықеттерінің жиырылуы нәтижесінде пайда болған
құрсақтық қысымға,
-бүйрек қабықтары, әсіресе бүйрек шандырына,
-ішкі мүшелермен тығыз жанасып орналасуына байланысты.
Бүйректің фиксациялық аппаратының күрделігіне қарамастан, тыныс алу кезінде 2-5 см
ауытқуы байқалады.
111-Бүйректің микроструктурасы. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі.
Бүйрек паренхимасы негізгі екі қабатқа бөлінеді - сыртқы (қыртысты зат) және ішкі (милы
зат).
Қыртысты зат(cortex renalis)- бүйректің беткі қабатын құрайды. Ол милы заттың
аралағына өтіп, бүйрек бағанасын(columnae renalis) түзеді. Қыртысты заттың 2 бөлігі
ажыратылады:
1.Жарық бөлігі-Пішіні конустәрізді, ол бүйректің милы затынан қыртысты затқа
сәулеленіп орналасқан, қыртысты заттың сәулелі бөлігін(pars radiata) құрайды.
2.Қою бөлігі-бүктелген бөлік(pars convulata)
Милы зат(medulla renalis)- бір-бірінен бүйрек бағаналары арқылы шектелген. Пішініпирамида тәрізді,саны-10-15. Милы заттың негізі(basis pyramidis) және ұшынын бірігуінен
пайда болған бүртігі(papillae renalis) ажыратылады.
Бүйректің үлесшесі (lobulus renis), және сегменті (segmentum renis):
бүйрек үлесшесі (lobulus renis) немесе қыртыстық үлесше (lobulus corticalis) – қыртысты
заттың бүктелген (pars convoluta) және сәулелі бөліктерінен (pars radiata) түзіледі;
-бүйрек үлесі (lobus renis) – пирамидамен (және оған сәйкес жатқан қыртысты затпен
және қыртыстық үлесшемен (lobulus corticalis) түзілген;
-бүйрек сегменті(segmentum renis)- бүйректің 2-3 үлестерінен түзіледі. Ол артериялардың
тармақталу ерекшелігіне қарай орналасады:
-жоғарғы сегмент(segmentum superiorius)
-жоғарғы алдыңғы сегмент (segmentum superiorius anterius)
-төменгі алдыңғы сегмент (segmentum inferius anterius)
-төменгі сегмент (segmentum inferius)
-артқы сегмент(segmentum posterius)
Жалпы айтқанда, қыртысты заттың сәулелі бөлігі(pars radiata) мен бүктелген бөлігі (pars
convulata) үлесшені, үлесше мен пирамида және қыртысты зат үлесті, 2-3 үлестер
сегментті, ал сегмент бүйректі құрайды.
Бүйректің құрылымдық-фунционалдық бірлігі- Нефрон(nephron)
-Бүйрек түтішелері мен қан капиллярлар шумағы нефронның негізін түзеді.
-Нефронның қызметі: біріншілік ( алғашқы ) несептің түзілуі және екіншілік ( ақырғы )
несептің түзілуі .Біріншілік несептің түзілуі бүйрек түтікшелерінің бастапқы бөлігі
Шумлянский - Боумен капсуласында жүреді . Қанның құрамындағы заттектер қан
капиллярларынан бүйрек түтікшелерінің бастапқы бөлігі шумақ капсуласының қуысына
абсорбция және фильтрациялық жолдармен өтіп біріншілік ( алғашқы ) несеп түзіледі (
біріншілік несептің құрамы қан плазмасының құрамына ұқсас ) . Бүйрек түтікшелерінің
қалған үлестерінің бойында , яғни бүйрек түтікшелеріндегі біріншілік несептен су және
кейбір қоректік заттектер түтікшелерді сыртынан жатқан қан капиллярларына кері
сіңіріледі,нәтижесінде екіншілік(ақырғы) несеп түзіледі.
-Әр бүйректе 1млн-ға жуық нефрон болады, олардың жиынтығы бүйректің негізгі
массасын құрайды.
Нефрон құрылысы:
Әр бүйректе миллионға жуық нефрон бар, олар осы органның құрылымдық және
функционалдық бірліктерін білдіреді. Әрбір нефрон бүйрек түтігіне өтетін Боуман
капсуласында орналасқан қан капиллярларының гломеруласынан тұрады. Түтікше үш
бөлікке бөлінеді: проксималды, дистальды және оларды байланыстыратын Генле ілмегі.
Нефронның 80% бөлігі қыртысты затта, ал 20% бөлігі милы затта орналасқан.
112-Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралы түсінік
Нефрондар ( дәлірек айтсақ – бүйрек денешіктері , corpusculum renale ) негізінен
бүйректің қыртыс заттегінің сыртқы және ортаңғы қалыңдығында орналасады . Кейбір
нефрондар қыртысты заттектің милы заттекке жақын жатқан бөлігінде немесе екеуінің
шекарасында орналасқан . Осылай орналасу ерекшеліктеріне сәйкес нефрондардың екі
түрі болады:
1 ) Юкстагломерулярлық нефрондар ( перhroni juxtaglomerulares ) немесе қыртыстық
нефрондар ( перhroni corticales ) , олардың құрылысы жоғарыда қарастырылды : -
бүйректегі нефрондардың жалпы санының 80 % -ын құрайды ; -юкстагломерулярлық
нефрондардың бүйрек ( Мальпиги - Шумлянский денешігі ( corpusculum renale )
қалыңдығында орналасқан . қыртыс заттегінің сыртқы және ортаңғы қалыңдығында
орналасқан.
2 ) Юкстамедуллярлық нефрондар ( перhroni juxtamedullares ) және олардың
ерекшеліктері: -нефрондардың жалпы санының 20 % -ын құрайды ; Юкстамедуллярлық
нефрондар қалыпты жағдайда мүлдем қызмет атқармайды,олар тек төтенше жағдайларда
ғана ( улану , жарақаттану , шок , қан кету , жүрек , бауыр , бүйрек ж.т.б жетіспеушілік
кезінде ) іске қосылады ;
Қорыта айтқанда , юкстамедуллярлық нефрондар ( 20 % ) қантамырларының тармақталу
реттері төмендегідей болады : артериола – капилляр — артериола –венула .
Ал , юкстагломерулярлық нефрондар ( 80 % ) қантамырларының тармақталу реттері :
артериола — капилляр — артериола – капилляр – венула .
Юкстагломерулярлық аппарат (ЮГА) – нейрогуморалді жүйенің бөлігі саналатын жоғары
мамандырылған жасушалар жиынтығы. Ол қалыпты ультрафильтрацияны ,яғни бірінші
реттік несептің түзілуін қамтамасыз ететін, әкелетін және әкететін артериола арасындағы
қысымның тұрақтылығын қадағалайтын құрылым.
ЮГА жасушалары қанға биологиялық белсенді зат – ренин бөледі, оның әсерінен қан
плазмасында вазопрессорлық зат – ангиотензин түзіледі.
ЮГА бүйрек денешігі аймағында орналасып, үш компоненттен тұрады:
1) әкелуші артериола қабырғасындағы юкстагломерулярлық жасушалардан;
2) дисталді иректелген өзекшелер қабырғасы аймағында орналасатын тығыз дақтан
(macula densа);
3)тығыз дақ- әкетуші және әкелуші артериолалар арасындағы тамырлы полюстің
үшбұрышты кеңістігінде орналасатын кеуекті жасушалар тобынан құралады.
Жалпы бірінші бүйрек несеп мүшесіне анықтама бере кетсек.Бүйрек жұп экскреторлық
мүше болып саналады,латынша бүйректі ren деп атайды.Ол адам организмінде арқа
жотамыздан төмен орналасады.Бүйрек несеп мүшесінің пішіні бұршақ тәрізді болып
келеді,ал құрамы жағынан тығыз.Және де бүйрек түсі қою қызыл түсті,ал салмағы не бәрі
жүз жиырма граммды болады.Бүйректің құрылымдық қызметтік бірлігі болып нефрон
саналады,нефронның латыншасы nephron аталады.Ал енді негізгі сұрақ бүйректің
қызметіне жауап берсек,бүйрек бір емес бірнеше қызмет атқарады,солардың ішіндегі
маңызды қызметтерінің бірі ол экскреторлық қызметі.Экскреторлық қызмет дегеніміз
ол,яғни зәрді түзу және де сол зәрді шығару қызметі.Одан бөлек бүйрек минералды
тұздардың және су тепе теңдігін сақтау қызметін де атқарады.Сонымен қосы бүйрек
қанның артериялық қызметін де реттеуші,басқаша айтқанда бүйрек қан тамырларын
тарылтатын және кенейтетін ферменттерді,олар ренин және простогландинды
бөлуші.Бүйрек қызметі бұнымен аяқталмайды,бүйрек тағы да қан жасаушы,қандағы
ақуыздардың мөлшерін қалыпта ұстаушы,яғни қанның осмостық қысымын реттеуші.
113-Бүйректің форникалдық аппараты.
Жалпы бірінші бүйрек несеп мүшесіне анықтама бере кетсек.Бүйрек жұп экскреторлық
мүше болып саналады,латынша бүйректі ren деп атайды.Ол адам организмінде арқа
жотамыздан төмен орналасады.Бүйрек несеп мүшесінің пішіні бұршақ тәрізді болып
келеді,ал құрамы жағынан тығыз.Және де бүйрек түсі қою қызыл түсті,ал салмағы не бәрі
жүз жиырма граммды болады.Бүйректің құрылымдық қызметтік бірлігі болып нефрон
саналады,нефронның латыншасы nephron аталады.Бүйректің форникалық аппараты
бүйрек өзекшелерінен кіші тостағаншаларға несеп шығарылуы мен кіші
тостағаншалардан несептін кері қарай өтпеуіне кедергі жасаушы болып табылады.Жалпы
форникалық аппараттың жұмыс принципі сауу механизміне ұқсап келеді,яғни бұл
дегеніміз несеп өзі ақпайды,ол бүртіктен кіші тостағаншаларға сауылады.Ал осы
фроникалық аппараттың жұмыс механизміне қатысатын бұлшықеттер саны төртеу.Бұл
төрт бұлшықеттің бәріне бірдей ортақ қасиеті бар,ол жиырылу қабілеті.Енді бүйректің
форникалық аппаратының құрамына кіретін құрылымдар жайлы айтсақ,оған бүйрек
түбегінің біртектілігі мен кіші,үлкен бүйрек тостағаншалары жатады.Бұлардың қабырға
құрылысы бұлшықеттік,сыртқы дәнекер тінді және шырышты қабаттан құралады.Кіші
тостағанша қабырғасының күмбез тұсында бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары
күмбез қысындысын түзіп жатады.Осы бөлікте қан мен лимфа тамырлары және нерв
талшықтары бір біріне жақындаса жатады.
114-Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері.
Жалпы бірінші бүйрек несеп мүшесіне анықтама бере кетсек.Бүйрек жұп экскреторлық
мүше болып саналады,латынша бүйректі ren деп атайды.Ол адам организмінде арқа
жотамыздан төмен орналасады.Бүйрек несеп мүшесінің пішіні бұршақ тәрізді болып
келеді,ал құрамы жағынан тығыз.Және де бүйрек түсі қою қызыл түсті,ал салмағы не бәрі
жүз жиырма граммды болады.Бүйректің құрылымдық қызметтік бірлігі болып нефрон
саналады,нефронның латыншасы nephron аталады.Бүйректің қантамыр арнасында ұсақ
қантамырлары капиллярлар,ең ірі қантамыры артерия және де вена болады.Осы
қантамырлары арқылы бүйректе тәулігіне мың сегіз жүздей литр қан ағып жатады.Бүйрек
артериясы латынша a.renalis деп аталады,сол латынша hilus renalis деп аталатын бүйрек
қақпасы арқылы кіріп,ары қарай артқы және алдыңғы тармақтарға бөлініп жатады.Осы екі
тармақ ары қарай сегментаралық артерияларға бөлінеді.Алдыңғы тармақтан төрт
сегментарлық артерия тарайды,олар:a.segmenti superioris;a.s.anterioris
superioris;a.s.anterioris inferioris;a.segmenti inferioris.Ал артқы тармақ мүшенің артқы
сегментіне жалғасады.Сегментарлық артериялар үлесаралық артерияларға яғни
aa.interlobares,ал олар бүйрек пирамидаларының аралығында жүреді.Сосын үлесаралық
артериялар aa.arcuatae доғалық артерияларды бүйрек қыртыс және милы заты арасында
түзеді.Бұл түзілген доғалық артериялардан бүйрек қыртыс затына көп үлесшеаралық
артериялар тармақталады.Ал олардан әкелушы шумақ артериоласы arteriola glomerularis
afferens бастау алып ары қарай капиллярларға жалғас алады.Сосын осы капиллярлардан
glomerulus шумақ қалыптасады.Бұл шумақтан arteriola glomerularis efferens әкетуші шумақ
артериоласы басталады.Осындай әкелуші шумақ артериоласының капиллярларға
тармақталуымен капиллярлардан қайта әкетуші шумақ артериоласының қалыптасуы rete
mirabile таңғажайып тор атанады.Және де бүйректің милы затына үлесаралық пен доғалық
және кейбір әкетуші шумақ артериоласынан пирамидаларды қанмен қамтамасыз ететін
arteriola recti тік артериолалар тарайды.Ал бүйректің қыртысты затының капилляр
торынан венулалар қалыптасып,vv.interlobulares түзіледі,олар ары қарай vv.arcutae
құяды.Жәнеде venulae stellatae жұлдызша венулалар қалыптасып ары қарай доғалық
веналарға ашылады.Мұндағы жұлдызша венулалар бүйрек қыртыс затының беткей қабаты
мен фиброзды қабығында түзіліп отырады.Олар үлесаралық веналарға,vv.interlobulares
бүйрек қойнауына кіріп сосын бір бірімен бірігіп бүйрек венасын v.renalis түзеді.Ал осы
бүйрек венасы қақпасынан шығып төменгі қуыс венаға ашылады.Бүйректегі қан
тамырлармен қоса бірге лимфа тамырлары да қатарласа жүреді,олар бүйрек қақапасынан
шығады.Лимфа тамырлары nodi lymph.lumbales құяды.
115-Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.
Зәр бұл сұйықтық,оның өзіне тән иісі және де түсі болады,әдетте сарығыш түсті
болады.Зәр медицинада көптеген ауруларды анықтау үшін қолданылып жатады.Мысалы
келтірсек зәрдің бір ғана түсі бізге бірнеше ақпарат бере алады,сонымен қатар оның иісі
де назарсыз қалмайды.Зәр бүйрек несеп мүшесінде түзіледі.Зәрдің түзілуі екі кезеңге
бөлініп жүреді,олар:бірінші алғашқы зәр түзіледі,екінші кезеңде соңғы зәр түзілуі
өтеді.Немесе зәрдің түзілуін басқаша сүзілу және қайта сіңірілу кезеңдеріне бөліп
қарастырсақта болады.Бірінші кезеңде алғашқы зәр нефронда пайда болады.Ары қарай
қан капсула ішінде сүзілу процессінен өтеді себебі,капсула шоғырындағы қан қысымы
жоғары болады.Осы капсула қуысына сүзіліп түскен сұйықтықты алғашқы зәр
дейміз,осылайша бірінші кезең алғашқы зәр түзіліуі немесе фильтрация,сүзілу кезеңі
бітеді.Екінші кезеңде каналдардағы алғашқы зәр құрамындағы қажетті делінген
минералды тұздар,сулар,глюкозамен амин қышқылдары қанға сіңіріліп,ал қажетті емес
делінгендері,мысалы несеп қышқылы,неше түрлі сульфаттар сол сияқты зиянды заттар
кері сіңірілмейді.Ал осы кері сіңірілу процессі каналдар қабырғасының эпителий жасуша
қызметтеріне негізделеді,сөйтіп барлығы өз қызметін дұрыс атқарған жағдайда соңғы зәр
түзіліп екінші кезең реабсорбция яғни,қайта сіңірілу аяқталады.
Зәрдің шығарылуында айта кетер болсақ бір өзіндік ерекшеліктер бар.Зәрдің шығарылуы
тек несеп мүшелеріне ғана емес,ауа райына және тағамға байланысты болады.Мысалы,ауа
райы жоғарылап,күн ысуы мен құрғақ тамақ жеу зәрдің шығуын төмендетеді.Ал күн
суытуы кезімен суды көп тұтыну зәр шығуын арттырады.Зәрдің шығарылуы оның түзілуі
секілді кезеңдерге бөліп қарастырылмайды.Бүйрек түбегіне келген зәр ары қарай
несепағар арқылы өтіп,кейіннен уақытша аялдама несепқуық мүшесіне келіп
аялдайды.Несепқуық мүшесінен кейінгі жолы үрпі жолы болады яғни,зәршығару
өзегі.Зәршығару өзегі арқылы зәр сыртқа шығарылып,зәрдің шығарылу жолы осымен
аяқталады.
116-Несепқуық, топографиясы, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы.
Несеп мүшелері біздің ағзамыздағы болатын процесстердің бірі зат алмасудың соңғы
заттарын шығаруға және де оданда басқа маңызды қызметтерді атқарып,адам ағзасының
дұрыс жұмыс атқаруына қажетті.Адам ағзасына қажетті делінген несеп мүшелерінің бірі
болып несепқуық есептелінеді.Несепқуық бізде басқа несеп мүшелері секілді жұп мүше
болып саналмайды,ол дара қуыс мүше.Жалпы несепқуық бұл несептің бүйректен бастап
түзіліп,ары қарай несепағарменен ағып уақытша аялдайтын аялдама секілді уақытша
жиналатын орыны және де несепқуықтың латынша атауы vesical urinaria seu cystis деп
аталады.Алдында жазып кеткенімдей несепқуық несеп жиналатын орын
болғандықтан,оның көлемі және де пішіні жиналған несепке байланысты өзгермелі болып
келеді.Осыған қатысты несепқуық толған жағдайда оның пішіні міндетті түрде
дөңгелектенеді.Ал несепқуықтың сиымдылығы жалпы бес жүз мл-ге дейін сиымды.Осы
несепқуықтың орналасу орны кіші жамбас қуысы болып есептеледі.
Несепқуық мүшесінің құрылысында басқа адам организміндегі мүшелер секілді өзіне тән
ерекшелігі бар.Қуықтың ұшы болады,сол ұшы алдыңғы жоғарғы бөлігі,алдыңғы іш
қабырғасына қарап орнығады.Ары қарай қуық ұшы кіндікке арнайы орталық кіндік
байламы арқылы жалғасады,ал осы байламды латынша lig.umbilicale medianum деп
атайды.Ендігі кезекте қуықтың ұшы кеңейіп латыншасы corpus vesicae делінетін
несепқуық денесіне жалғасады.Бұдан қуық денесінің төменге және артқа бағыт
алып,fundus vesicae яғни қуық түбіне ұласады.Және де қуық денесінің төменге бағыт
алған бөлігі тарылады да құйғыштәрізденіп,несеп шығарушы өзекке жалғасады.Ал осы
бөлікті несепқуық мойны,cervix vesicae дейміз.Қуық мойынының төменгі жағында ostium
urethrae internum орналасады.Несепқуық мүшесінде бірнеше қабырғалары
болады,олар:шырышасты негізі мен шырышты,бұлшықеттік және дәнекер тінді немесе
басқаша сірлі қабықты деседе болады.Әр қабырғаға тоқталар болсақ,бірінші шырышасты
негізінен бастайық.Tela submucosa деп шырышасты негізін атаймыз,ол шырышты қабық
қатпарларға жинала алады,себебі қуық қабырғасында жақсы дамыған.Ал шырышты
қабырға ішкі жағы қызыл сұрғылт түсті болып келген,бос тұрған кезінде қатпарлар
түзеді,ал толса қатпарлар кері жазылады.Қатпарды түзуінің себебі шырышасты негізінің
жақсы дамуына байланысты.Біраақ осы қатпарлар қуық түбінде болмайды,оның орнына
онда шырышты қабық бұлшықеттік қабықпен тығыздалып кеткен.Tunica muscularis деп
аталатын бұлшықеттік қабырғасы бірыңғай салалы үш қабаттан тұрады.Осы қабаттар
арасында сыртқысы және ішкісі бойлық,ал ортаңғысы дөңгелек яғни өте жақсы дамыған
қабат.Несепқуықтың мойны мен несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі тұсында ортаңғы
қабат жақсы дамыған,соған қатысты m.sphincter vesicae құрайды.Жәнеде қуықтың көлемі
кішірейіп,несепті несеп шығаратын өзекке айдауы бұлшықеттік қабырғаның жиырылуына
тікелей байланысты.Осыған қатысты қуық бұлшықеттік қабырғасын m.detrusor vesicae деп
те атайды.Несепқуықтың сыртқы жағында сірлі қабық жоқ жерінде,оның сыртқы
қабырғасы адвентиция.
Несепқуықтың алдыңғы бет жағы қасаға симфизне қарайды,соған қатысты қасаға артында
болатын майлы қатпармен шектеліп жатады.Алдында несепқуық жамбас қуысында
орналасады дегенімдей,ол сонда орналасады бірақ ол орнынан шығатын жағдай болып
тұрады.Сонда қуық несепке толған жағдайында,қуықтың ұшы қасаға симфизнен асып
жоғарылайды,сөйтіп алдыңғы іш қабырғасына жанасады.Және де қуықта несеп толуына
қатысты үш жағынан мезоперитонеальды болып,ал бос болса ретроперитонеальді болып
жабылады.Несепқуық жақын жатқан мүшелермен фиброзды жіп арқылы байланыс
орнатады.Ал кіші жамбас астауының қабырғасына қуықтың төменгі жағы арнайы
байлам,жамбас шандырының талшығынан түзілетін байлама арқылы байланысады.Осы
тұрғыда несепқуықтың адам жынысына қарай сәл пәл өзгерістер болатының ескере кетер
болсақ,әйел кісілеріңде несепқуығының жоғарғы жағында жатыр орын алады.Ал астыңғы
жағы яғни түбі несепжыныс диафрагмасымен беттессе,артқы жағы қынаппен және жатыр
мойынының алдыңғы қабырғасымен шектесіп жатады.Енді ер кісілердегі несепқуыққа
келсек,төбе бетінде жіңішке ішек ілмектері орналасады.Түпкі бетінде қуық асты безімен
шекараласады да,артқы жағында шәует шығаратын түтік кеңжерімен,шәует
қуықшаларымен сомен қоса тік ішекпен беттеседі.Әйелдер мен ерлер несепқуық
мүшесіндегі ұқсастықтарда бар,ол несепқуықтың бүйірі артқы өтісті көтеретін
бұлшықеттермен шектеледі.Ішастарға қатынасында,несепқуыққа ішастар бүйір
жақтарынан,жоғарыдан және артынан жауып әйел кісілерінде жатырға,ал ер кісілерде тік
ішекке өтіп жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет