«Қош келдің, әз Наурыз!»



бет1/2
Дата24.08.2023
өлшемі33,47 Kb.
#105531
  1   2

«Қош келдің, әз Наурыз!»

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!»
Әуен ойналып тұрады.

Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1 - жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

2 - жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Абсаттар ағайға беріледі.

ІІ жүргізуші:
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
І жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.

1 - жүргізуші: Алқа - жұртым, той - думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Ән орындалады.

2 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
1 - жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

2 - жүргізуші: Ана жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе жатқан?
Әуен ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шығады.
Алдар:
- Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға!
Қожанасыр:
- Нұрлы Наурыз тойына келіңдер!
Тазша бала:
- Уа, балалар! Жылан жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наруыз мерекесіне келіңдер.
Алдар көсе:
- Әй, ағайын, ағайын!
Той деп жар салайын,
Наурыз тойға келіңдер,
Мен де бірге барайын!
Қожанасыр:
- Ағайын тойға келіңдер,
Мерекені көріңдер.
Қоян жылы келді еліме,
Той көрімдік беріңдер!
Тазша бала:
- Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?
Алдар көсе:
- Биыл қоян жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?
Қожанасыр:
- Тотыша тақылдаған мұның кім?
Алдар көсе:
- Қожеке, танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой.
Қожанасыр:
- Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын.
Екеуі құшақтасып, Наурыз мерекесімен құттықтайды.
- Наурыз құтты болсын! Жылан жылы елімізге бақ - береке әкелсін!
Халқымыз ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. 21 наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр - адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейіпінде көрінетін қиял ғажайып адам.

Қожанасыр: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Туа сала атандым Қожанасыр,
Мендей аңқау болмас - ау басқа сірә.
Наурыз тойы мектепте болады деп,
Көк есекті желдірттім мен жетектеп.
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын?
Досымын адал жандардың.
Жақсыларға серік боп,
Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)

1 - жүргізуші: Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
Ән: «»
1 - жүргізуші: Қоян жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
2 - жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
1 - жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.
Ән:
2 - жүргізуші: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша –
1 - жүргізуші: Күй де шертіп, ән салып,
Наурыз тойды қарсы алып.
Болсын дейміз шаттық мол,
Бейсен апай ән салып – дей келе келесі әнді әжелердің орындауында тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші: - Мол, мол болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін тыныштық.
1 - жүргізуші: Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекті қонақтарымызға
шашу ретінде әсем ән сыйлаймыз.

2 - жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас - кәріміз,
Ән салайық бәріміз
Ән: «»

І жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
ІІ жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
І жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.

ІІ жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
І жүргізуші:
Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

ІІ жүргізуші:
Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.

Алдар көсе Наурыз бата беру
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!


ақсаты: Наурыз туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. «Гүлдер» аулының, «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекесін тамашалаңыздар.
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк шығып, төрт түлік мал түлеп, көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз мерекесі.
Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән: «Қош келдің төрлет Наурызым!»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Сендермен «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал» ойынын ойнағым келіп тұр. Қане, олай болса ортаға шығайық.
Ойын: «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал!»
Жүргізуші: Ұлы оң болсын,
Саяна:
Ақ мол болсын.
Жүргізуші: Ұлыс бақты болсын,
Мұхаммед: Төрт түлік ақты болсын.
Жүргізуші: Ұлыс береке берсін,
Әлихан: Бәле-жала жерге енсін.
Жүргізуші: Бір тал ексең,
Аблайхан: Он тал ек.
Жүргізуші: Атаңнан мал қалғанша,
Самира: Тал қалсын.
Жүргізуші: Бұлақ көрсең,
Фариза: Көзін аш. Жүргізуші: Енді біздің кішкентай ұлдардың мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
Әлінұр: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Жаңа жылым бармысың .
Нұртөре: Осыншама жақсылық ,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Жалғас: Көлдің мұзын күн тесті,
Әппақ тонынын жер шешті
Жан-жақтан күн күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Нұрасыл: Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
М.Мирас: Арпа бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден,
Бұл тойдағы бас маман.
Мансұр: Бата беріп апамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татыңыз.
Ердан: Жақсылыққа бас болып,
Алдымызға ас болсын.
Келген Наурыз құт болсын,
Берері тағы мол болсын.
Әлихан: Жылдың басы Наурыз,
Жырдың басы Наурыз.
Наурызға арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз
Алдар Көсе: Мен Алдармын, Алдармын,
Балалармен ойнаймын.
Ренжітер сәбилерді ,
Тентектерден қорғаймын.
Құтты болсын Наурызым!
Қарным тойған күлкіге,
Базарлығым тағы бар,
А-а-а-а-а-а-а-а-а-а .
Жүргізуші: Қош келдің, Алдар Көсе балаларымыздың өнерін бірге тамашала.
Алдар Көсе: Ия дұрыс айтасыз, балалардың өнерін тамашалап, күштерін сынауға келдім. Балалар мен сендермен күш сынасқым келіп тұр. Қане күштеріңді байқайық. (ортаға балалармен күш сынасуға шығып, қол күрестіреді)
Ойын: «Кім күшті?» қолмен күш сынасу.
Алдар Көсе: Байқаймын баллалар, шетінен мықты екен, мені жеңіп қойдыңдар.
Жүргізуші: Олай болса балаларымыздың «Жігіттер» биін тамашалаңыздар.
Би: «Жігіттер» ұлдар биі
Жүргізуші: Қазақ халқы өнерге бай халық, «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» — деп халық бекер айтпаса керек. Алдарыңызға біздің кішкентай айтыскер ақындармыз «Жұмбақ айтысын» ортаға ала келді, қарсы алыңыздар.
Айтыс: Алмас пен Тұмар (Еркем-ай әуенімен)
Алмас: Айналайын халқым-ай,
Тұмар: Айналайын, халқым-ай, Құтты болсын салтың-ай.
Болсын жүзің жарқын-ай.
Шықтық біздер жырлауға,
Ата салтын сақта деп, Қазағымның салтын-ай.
Ұран етем жалықпай. Алмас: Айтсам егер жаңылтпаш,
Тұмар: Қына тасқа бітеді:
Жаңыласың қалқам-ай,
Білім басқа бітеді.
Жұмбағыңды шеше алмай,
Жұмбағыңды шешеуге Қиналасың қалқам-ай.
Білім бізде жетеді.
Алмас: Төбедегі көзінен
Тұмар: Үйлеріндей қаланың
Күн сәулесі түседі
Бөлек-бөлек бөлме жоқ
Бұрышы жоқ төрінде
Макетіндей даланың
Самал еркін еседі
Болады ол дөңгелек
Біліміңді көрейін
Қазағымның үйі ғой.
Жауабын кім шешеді.
Тазша бала: Уа, Алдар Көсе, сені іздеп жүрсем сен балалармен жүр екенсің.
Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурыз тойын тойлайық
Қызық ойын ойнайық.
Ойын: «Қыз қуу» ойыны 
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, келіңдер қыздар «Наурыз –Думан» биін билеп берейік.
Би: «Наурыз-Думан!» қыздар биі
Жүргізуші: Енді осы кышкентай өнерлі балаларымызды өмірге акеліп, өнерін тамашалауға келген және де бізге көмектерін аямаған ата-аналармен «Сыр-сандық» атты сұрақ-жауап өткізсек.
Сұрақ-жауап: «Сыр-сандық» Ата-аналарға араналған сұрақтар:
— Өмірде не тәтті? (Ананың сүті)
— Өмірде не қымбат? (Бала, Отан)
— Жыл басы? (Наурыз)
— Қасиетті сан? (Жеті саны)
— Өмірде не жұмсақ? (Ананың алақаны)
Жүргізуші: Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп, аса қадірлі қонағымыз Қыдыр ата келді. Қыдыр ата жоғары шығып, төрлетіңіз, балалардың өнерін тамшалаңыз.
Қыдыр ата: Амансыңдар ма, балаларым!
Наурыз мерекесі құтты болсын! Әр отбасына құт-береке әкелсін! Жүргізуші: Енді біздің кішкентай қыздардың мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
М.Жанель: Әнім де саған биімде саған,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш силап еліме,
Күлімде Наурыз, күлімде!
Медина: Наурыз күні той думан,
Ортамызды ашайық .
Ән мен күйді төгіп,
Биден шашу шашайық .
Ұлжан: Армысыздар халайық,
Әркез аман болайық.
Наурыз тойын әр жылда,
Бірге қарсы алайық.
Аружан: Наурыз тойы береке,
Наурыз тойы жыр-аңыз.
Қызық думан мереке,
Қызық думан құрамыз.
Жанбота: Наурыз келді балалар,
Көктемде күн жағалар.
Наурыз тойын тойлайық ,
Қызығына тоймайық.
Ж.Жанель: Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Наурыз әнін саламыз.
Жүргізуші: Олай болса «Құтты болсын – Әз Наурыз!» атты әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән: «Құтты болсын – Әз Наурыз!»
Жүргізуші: Балалар, «Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам» деп қазақтың кандай салт-дәстірінде айтылады ?
Балалар: Тұсау кесерде.
Жүргізуші : Дұрыс айтасыңдар балалар, ал олай болса кім айтады «Тұсау кесу» дегеніміз не және немен кеседі?
Балалар: Сәбиді қаз тұрғаннан кейін, тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын салт-дәстүр. Ала жіппен кеседі, шөппен кеседі, тоқ ішекпен кеседі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, жақсы біледі екенсіңдер. Ал олай болса, біз бүгін ортамызға, Ақ жаулықты әжеміз немересіне , «Тұсау кесу» рәсімін өткізеді. Бәріміз бірге тамашалайық.

Салт-дәстүр: «Тұсау Кесер» Аяна: «Қаз-қаз балам, қаз балам, Қадам бассаң мәз болам.
Тағы, тағы баса ғой. Тақымыңды жаз, балам. Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың! («Тұсау кесер» жырынан)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған «Тұсаукесер» тойының батасын Қыдыр атамызға жолдаймыз.
Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
(бата беріліп,шашу шашылып, дәм татуға шақырамыз)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет