Отыз жылдық соғыс



бет1/3
Дата25.05.2023
өлшемі19,9 Kb.
#96989
  1   2   3

Бикмухаметов Айдар
Эссе
«30 жылдық соғыс»
Отыз жылдық соғыс (1618 – 1648) – габсбургтер әулеті (папа қауымы қолдаған Испания және Австрия Габсбургтері, Германияның котолик князьдары, поляк-литва мемлекеті (Речь Посполита) мен оған қарсы мемлекеттер (Германияның протестант князьдары, Франция, Швеция, Дания және Англия, Голландия, Ресейдің қолдауымен) арасында болған еуропалық соғыс.
Соғыс Қасиетті Рим империясындағы католиктер мен протестанттардың арасындағы қақтығыс ретінде басталып, Габсбург әулетінің Еуропадағы гегемониясын тоқтату күресіне ұласты. Құрлық тарихындағы ең ірі дін үшін соғыс халықаралық қарым-қатынастардың Вестфаль жүйесінің тууына алып келді.
Соғыс 1618 жылдың 23 мамырында Прагадағы дефенестрациядан кейін басталды. Габсбург әулетінің Чехия корольдігінің халқын католицизмге қайтару әрекеттері чех таптарының наразылығына алып келді. Әлем тарихында кейін орын алған әскери қақтығыстар император қарсыластарының атауымен аталып, 4 кезеңге бөлінген: чех-пфальц, даниялық, швед және франк-швед. Соғысты тоқтатудағы екі талпыныс (1629 жылғы Любек бейбіт келісімі және 1635 жылғы Прага бейбіт келісімі) сәтсіз аяқталды. 1641-1648 жылдары жиналған жалпыеуропалық Вестфаль бейбіт конгресі ғана бұл қақтығысты тоқтата алды. 1648 жылдың 24 қазанында Вестфаль бейбіт келісімі Қасиетті Рим империясы мен империялық таптардың арасындағы болашақ қарым-қатынастардың реті мен мемлекеттегі конституцияның шегін айқындады. Біріккен провинциялардың республикасы (қазіргі Нидерлан корольдігінің аумағы) мен Швейцария одағы империя құрамынан шығып, тәуелсіздік алды.
Негізгі қақтығыстар Орталық Еуропада өтті(бүгінгі Германияның аумағы). XVII ғасырдың ортасына қарай Оңтүстік Германияда халықтың үштен бір бөлігі ғана аман қалды. Соғыстың кесірінен туындаған әлеуметтік және экономикалық дағдарыстан шығу үшін бір ғасырдай уақыт қажет болды.
Соғыс кезеңдері. Майдан даласына айналған Қасиетті Рим империясының аумағындағы Отыз жылдық соғыс төрт негізгі кезеңге бөлінеді: чех, даниялық, швед және франк-швед. Германия аумағынан тыс қақтығыстар жергілікті сипатқа ие болды (Испания мен Біріккен провинциялар соғысы, Орыс-поляк соғысы, Поляк-швед және тағы басқалары). Соғысқа қатысушылар екі үлкен коалициядан құралған. Бірінші коалицияға Орталық және Шығыс Еуропадағы Габсбург әулетінің иеліктері, Испаниямен біріккен Португалия, Польша және Рим папасы енді. Антигабсбург одағын Франция, Швеция, Дания корольдігі, протестанттық Германия, Чехия, Трансильвания, Венеция, Савоя кнзьдіктері, Біріккен провинциялардың республикасы құрады. Антигабсбург одағы Англия, Шотландия, Мәскеу мемлекетіның қолдауына ие болды. Вена мен Мадрид майдандағы әрекеттерін біріктіріп жүргізді. Отарларының арқасында байыған Испания императорды қаржыландырып отырды.
Соғыс ағымы

  • О. ж. с-тың 1-кезеңінде (1618 – 23) габсбургтер чех протестанттарының әскерін талқандады. Католиктік лига мен Испания әскерлері Пфальцті алды (1621 – 23).

  • Соғыстың 2-кезеңінде (1625 – 29) габсбургтік блок әскерлері Дания әскерлерін жеңіліске ұшыратып, оларды Германиядан қуып шықты.

  • 3-кезеңде (1630 – 35) швед армиясы Солт. Германияға басып кірді.

Бірақ 1634 ж. Оңт. Германиядағы Нердлинген маңында испан әскерлерінен жеңіліп қалды. О. ж. с-тың соңғы кезеңінде (1635 – 48) Франция Германия жерінде габсбургтерге қарсы соғысқа шықты. Франция мен Швеция әскерлері бірлесе отырып бірнеше ірі жеңіске жетті. Габсбургтік блок жеңілгенін мойындады. Вестфаль бітімі (1648) бойынша Солт. Германиядағы кеме жүретін өзендердің сағасы Швецияға, Эльзастағы жерлер, сондай-ақ Мең, Туль, Верден Францияға берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет