Өткізген: Қалкенова Э. И. Тіл – достықтың алтын көпірі (әдеби-сазды тәрбие сағаты) Мақсаты



Дата07.02.2023
өлшемі43 Kb.
#65809
түріБағдарламасы

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжді


Тіл – достықтың алтын көпірі
(22 қыркүйек тілдер мерекесіне орай өткізілген
іс-шараның бағдарламасы)


Өткізген: Қалкенова Э.И.
Тіл – достықтың алтын көпірі
(әдеби-сазды тәрбие сағаты)
Мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, дамытуда, тілге деген қызығушылығын арттыру және жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге, сүйе білуге тәрбиелеу.


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен студенттер!
22 қыркүйек күні бүкіл Қазақстан халқы үлкен бірлік пен берекенің мейрамын тойлайды. Ол – тілдер мерекесі. Бүгін Қазақстан халықтарының тілдері күні. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан – туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп 130-дан астам түрлі ұлт өкілдері бір ауыздан жар салуда. Өйткені біздің ел татулық, достықтың, бірліктің киелі бесігі.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы –
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар – деп бүгінгі Тілдер мерекесіне арналған «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты әдеби-сазды тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Би: ШР-11-9 тобы
Жүргізуші: Тіл байлығы -әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс.
Ана тілім –
Дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Біздің ана тіліміз шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдалана алмаған адам, меніңше, нағыз пақыр жан.
Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар. Ендеше сөз кезегін поэзияға берейік.
Катя: (ШР-11-9) «Тілім менің!» Шабасов.
ДимаМО-12-9) «Төрт ана» М.Шаханов.
Юлдыз (ИР-10-9) «Үш бақытым» М.Мақатаев.
Камила (МО-10-9) «Қазақ тілі» М.Жұмабаев.


Ж: -- Осылай жырлаған ақындардың жүрек сөзінен ана тіліміздің шексіз бай, өте көркем, мәңгілік екені көрінеді.
Иә, тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!


Әдемі әнімен ортаға І курс студенті Ким Станиславты шақырайық.
Ән: «Отан- Ана»
Ж: Жақсы сөзді жанына азық ете білген, қарсы атылған оққа тоқтамаса да қазақ халқы жүйелі сөзге тоқтаған. Орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен тең көрген. Тіл өнерін ардақтап, қатты қадірлеген.
Көрініс: «Тілден қымбат қазына жоқ» (№4 -2012, 26-бет).
Қатысатындар: Автор –Ксения(ШИ-10-9), Әкесі – Ермек, қария – Дима, бала-Стас.


Ж: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, бедерлі де бейнелі тілдердің бірі. Бір кезде ұлы Абайдың өзі «Қазақтың өзгелерден сөзі ұзын» немесе
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас» -деп өз ана тіліне таңырқап, тағзым еткені белгілі. Ұлы Абайдың «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» өлеңін үш тілде тыңдап көрелік.
Стас: «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» өлеңі.
Ж: Тіл – мәдениет, тіл-әдебиет, тіл –тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық.
Ұлылар айтқан екен тіл жайында
Осы сөзді біз де алайық пайымға.
Қасиет пен құт дарыған ана тіліміз туралы даналардан жеткен, ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
Қатысатындар: -------------------

Нақыл сөздер:


1. Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғабит Мүсірепов.
2. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»
Ахмет Байтұрсынов
3. ... Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б.Момышұлы.
4. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ғ.Мүсірепов.
5. Әркімнің туған тілі – туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе.
Сәбит Мұқанов.
6. Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу – мәдениетсіздік.
Мұхтар Әуезов.

7. Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздың ақылынан, анамыздың сүтінен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік.


Шерхан Мұртаза.
Ж: Тіл өткірлігіне, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген, тіл өнерін өнердің өнері, «Өнер алды- қызыл тіл» деп бағалаған. Мұны қазақ сөз қадірін білгендіктен айтқан. Сондықтан, қазақта «Өнер алды- қызыл тіл», «Айтылған сөз атылған оқпен тең», «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді». «Сөзі мірдің оғындай», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» сияқты мақал – мәтелдер бар. Осыған орай, қазақ халқы тіл өнерінің небір әсем кестелерін тудырған. Соларды игеру, халықтың тіл байлығына мұрагер болу- ана тілін ардақтайтын азаматтың ісі.
Тілім барда қазағым бар, халқым бар
Дәстүрім бар, сыры терең жаным бар.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Ән: Семерня Мария (МО-10-9)


Ж: Сөз өнері ақылға, қиялға, көңілге байланысты болады. Ақыл ісі – аңдау. Қиял ісі – меңзеу. Көңіл ісі – түю.
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын, қиялдың меңзеуін айтуға жарау. Оны тілмен айтып, білдіруге шеберлік керек.
(қыздар шығады)


Ж: Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

Әуездісің, әсем тілі елімнің


Әуенісің ұлан – байтақ жерімнің
Самғай берсін шартарапқа өр үнің!- деген ізгі тілекпен тіл мерекесіне арналған «Тіл –достықтың алтын көпірі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Тілдер мерекесі құтты болсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет