Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы



бет1/2
Дата21.06.2023
өлшемі22,8 Kb.
#102797
  1   2
Байланысты:
Лек-Жүктілікпен-байланысты-аурулар

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы





ДӘРІС
Тақырыбы: «Жүктілікпен байланысты аурулар»

Пәні: Акушерия және гинекология


Мамандығы: 0301000 емдеу ісі
Курс: 4

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат


Құрастырған: Абдукасымова Э,А.

Шымкент, 2013




Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді

«___» ____ 2013 ж №__ хаттама


Кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доц.м.а.________________ Р.Т.Тлеужан

1. Тақырыбы: «Жүктілікпен байланысты аурулар»


2. Mақсаты: жүктілікпен байланысты аурулардың (гестоздың) ағымымен, асқынуларымен оқушыларды таныстыру.
3. Дәріс тезистері
1.Жүктілік гестоздары.
2.Жүктілікпен босануды жүргізу ерекшеліктері.
3.Күттермейтін көмек көрсту .
Жүктіліктің екінші жартысында гестоздың таза және аралас түрін ажыратады. Гестоздың таза түрі - дені сау екіқабат әйелдің жүктілік гестозына шалдығуы. Аралас түрі - сырқат екіқабат (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек т.б. аурулармен ауыратын) әйедцің жүктілік гестозына шалдығуы.
Бүгінгі күні гестоздың белгілі жөне белгісіз түрлері жиі кездеседі. Мысалы, жүктілік нефропатиясьша тән бірнеше белгілері бар: әйелдің қан қысымының көтерілуі, аяқ-қолының ісінуі, зөрінде белоктың пайда болуы. Белгісіз түрівде зөрде тек қана белок пайда болып, аяқ-қолы шамалы ісінуі мүмкін. Жүктілік гестозын ең бастапқы басталған мерзімінен анықтаудың маңызы зор, себебі гестоз мерзімі екі жұмадан асып кетсе (жеңіл дәрежесінің өзі), оны ұзаққа созылған гестоз дейді, ананы тез арада босандыру қажет.
Жүктілік преэклампсияның клиникалық белгілері: қан қысымының жоғарылауы (гипертензия); зәрде белоктың пайда болуы (протеинурия); ісіну. Жүкті әйелде ісіну ең алдымен сирағында, балтырда, санда пайда болып, содан кейін қүрсақ қуысының аддыңғы пердесіне, қолға, бетке, әсіресе көзінің алдына жайыла бастайды. Әйелдің бүкіл денесі ісінеді, оны кейде "анасарка" деп атайды. Кейбір жүкті әйелдерде бүл науқастың тек екі-ақ белгісі болуы ықтимал. Мысалы, ісіну мен протеинурия, немесе ісіну мен гипертензия.
Преэклампсияның жеңіл дәрежесінде:
1. Қан қысымы 130/80 сынап бағанасынан 150/90-ға дейін көтеріледі.
2. Зәрдегі белоктың мөлшері қүрттай ізден бастап -1 г/л-ге дейін.
3. Ісіну тек қана сирақта, балтырда болады.
Преэклампсияның ауыр дәрежесінде:
1. Қан қысымы 150/90 мм сынап бағанасынан 170/ 110-ға дейін көтеріледі.
2. Зәрдегі белоктың мөлшері 1 г/л-ден - 3 г/л-ге дейін көбейеді, зәр түнбасын микроскоппен зерттегенде эритроциттер, цилиндрлер анықталады.
3. Ісіну сирақта, балтырда ғана емес, қүрсақ қуысының алдыңғы пердесінде де болады.
Жүктілік преэклампсиясында тиянақты клиникалық белгілердің бірі - қан қысымының жоғарылауы - гипертензия, гестоздың патогенетикалық факторларының негізі (қан-та-мыр жүйесі қызметінің бүзылуынан). Осының салдарынан кейде қан қысымының асимметриясы байқалады (әр қодда қан қысымы әр түрлі). Жүктіліктің бүл асқынуына тән: қылтамырдың артериялық бөлімдері жиырылады, веноздық бөлімдері кеңейеді, артерияньщ жиырылуы, қылтамырда қан козғалысының төмендеуі, қан тамырлардың еткізгіштік қасиетінің жоғарылауы, қаннан үлпаға судың, белоктың, электролиттердің өтуінің жоғарылауына эсер етеді. Қылтамыр қан айналымының жүйесінде бүзылуының айғағы - офтальмоскопияда көз түбі артерияларының тарылуы және веналарының кеңеюі, кейде көздің тор қабығының ісінуі байқалады.
Жүктілік преэклампсиясында зәрдегі белоктың пайда болуы (протеинурия) бүйрек шумақша қан-тамырларының өткізгіштік қасиетінің артуьшан. Бүйрек қан-тамырларының үзақ жиырылуы салдарынан оның қоректену қасиеті темендеп, протеинурия жоғарылап, гиалинді цилиндрлер пайда болады, тәуліктік зәр мөлшері төмендейді. Қан тамырлардың қызметінің бүзылуы салдарынан үлпаларда оттегі жетіспей, зат алмасудың бүзылуы байқалады. Осьшен қатар, бауырдың қызметі де төмендеп, плацентада дистрофия л ык өзгерістер пайда болады. Жүктілік преэклампсиясының ағымы өте үзақ бірде төмендеп, бірде жоғарылайды) босанғанға дейін созылады. Ерте басталған және үзаққа созылған жүктілік преэклампсиясында әйел мезгілінен ерте босануы, жатырдағы нәресте өспей немесе жүктілік кезінде шетінеп кетуі де мүмкін.
Эклампсия
Эклампсия - гестоздың ең жоғары сатысы, әйел организмінде барлық жүйелер мен мүшелер патологиялық өзгерістерге үшырап, ми үлпалары ісініп, әйел есінен танып, бүкіл денесі, бүлшық еттері қүрысып, эклампсия талмасы басталады. Эклампсия босану кезінде жиі кездеседі, босанушы әйелде (100-ден 48-50 рет) жүктілік кезінде сирек (28-29 %), босанғаннан кейін (22-23 %). Эклампсия талмасы басталар алдында, әйеддің басы катты ауьфып, көзінің көруі нашарлап, қан қысымы көтеріліп, мазасызданады. Әрбір эклампсия талмасы 1-2 минутқа созылады, төрт кезеңнен тұрады.
/ кезең. Талма алдындағы кезеңі. Әйелдің есі кіресілі-шығасылы, тыныс алуы жиілеп, жүрегі қатты соғып, қас-қабағы жыбырлай тартылады. Бүл кезең 20-30 секундқа созылады.
// кезең. Тоникалық талма кезеңі. Әйел есінен айьфыльш, тыныс алуы тоқтап, тер басып, беті көкпеңбек болып, көзжанары үлкейіп, жағы тартылады. Осы кезде жүкті әйел тілін тістеп алуы ықтимал. Бүкіл дененің бұлшық еттері қатып, сіресіп қалады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 30 секунд. Ана мен нәрестеге қауіпті кезең.
/// кезең. Клоникалық талма кезеңі. Қатып-сіресіп тартылған бүлшық еттер, енді бірінің артынан бірі, беттен кеудеге, саннан балтырға қарай селкілдетіп тартылып тарай бастайды. Әйелдің тыныс алу ауырлайды, біртіндеп аяқ-қолдарының тартылғаны тоқталады, жақтары ашылып, аузынан қан, сілекей аға бастайды. Бүл кезең 40 секундтан 1,5 минутқа дейін созылады. Талма біткеннен кейін әйел қатты үйықтап қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет