Оқу жылындағы жүргізілген оқу-тәрбие жұмысына



Дата25.06.2023
өлшемі19,61 Kb.
#103393
Байланысты:
Тәрбие қорытынды (4)


2022-2023 оқу жылындағы
жүргізілген оқу-тәрбие жұмысына
қорытынды
2022-2023 жылғы оқу жылында тәрбие бағыты бойынша мынадай міндет алынған
Міндеттері:

  • мемлекеттік білім стандартын меңгерте отырып, жыл бойы оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру мақсатында іс-шаралар жұмысын жүргізу;

  • оқушының табиғи дарыны мен қабілетін кеңейту;

  • бастауыш сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу болатын

Жалпы тәрбие бағыты педагогикалық теория мен тәжірибе мектептегі тәрбие жұмысы арқылы құрылды. Жоғарыда мектепте жүргізілген тәрбие жұмыстары бекітілген әр ұстаздың жауапкершілігіне жүктеліп, жоспар арқылы жүзеге асты.
Қыркүйек айы Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және Отаншылдық қасиет» атты тәрбие сағатынан басталды. Бүлдіршіндер
1-сынып табалдырығын аттап, оқушы атанса, басқа оқушылар бір сыныпқа есейді.
Қазан айында «1-қазан Халықаралық қарттар» күніне орай тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, қарттарға алғыс айтылды.
Сонымен қатар 1-сынып оқушылары арасында «Көркем сөйлеу- мақалдан басталады» атты сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапаталды.
«Республика күніне» орай ұйымдастырылған тәрбие сағаттары әр түрлі формада ұйымдастырылды. 2-сыныптар балалардың дүниетанымын кеңейту мақсатында интеллектуалдық ойын түрінде өткізді.

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағаттары өткізіліп, әр сынып бөлмесінде арнайы бұрыш ұйымдастырылды, оқушыларға құнды мәліметтер ұсынылды. 4-сыныптар арасында «Талатты Ұландар» атты жан-жақты шығармашылық бағыттағы әр оқушының талантын ашуға бағытталған үлкен іс-шара, көрме, концерттік нөмерлер ұйымдастырылды. 4-сынып жетекшілері аса жауапкершілікпен ұйымдастырған бұл шаралар бүкіл мектептің көңілінен шықты.


1-сынып ұстаздары Динара Ахановна, Динара Нурахметовна, Асемгүл Токтасыновна, Арай Ризабекқызы, Теңел Женисхановнаға, Альмира Омарбекқызына білім нәрімен сусындатқан Әліппемен де қоштасуды ұйымдастырып, бүкіл ата-аналардың ризашылығына ие болды.
Сондай–ақ, жоспар бойынша бастауыш сынып ұстаздары жаңа 2023 жылды қарсы алды. Мереке әр сынып параллелдерімен бірге ерекше безендірілген спорт залда ұйымдастырылып, оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйланды..
Әрине, әр іс-шараның өзіне тән белгісі бар. Қай мерекені алсақ та, бастауыш сынып ұстаздарының тыңғылықты дайындалып, әркім өзіне жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен орындай білді.
Ақпан айында оқуға құштар мектеп аясында «Жас оқырмандар» атты ата-аналармен бірлескен іс-шара кітапханамен байланысты арттыра түсті.
«1-наурыз Алғыс айту» күніне орай тәрбие сағаттары әр сыныпта ұйымдастырылып, бала бойында мейірімділік, кішіпейілділік сынды қасиеттерді қалыптастыруға себепі болды.
8-наурызда ұйымдастырылған іс-шаралар өте құнды болды. 1-сынып ұстаздары әжелермен бірге «Әжемнің сыр сандығы» атты тәрбие сағатын өткізсе, 2-сыныптар «Ана өмірдің гүлі» атты ашық тәрбие сағатын, 3- сыныптар , 4-сыныптар арасында «Гүлдер» фестивалі құнды адамгершілік қасиеттерді бала бойына сіңіре білді.
«Наурыз-жыл басы» мерекесі де ерекше аталып өтті. 1-сыныптар саумалдықтан бастаса, басқа сыныптар ұлттық ойын, ұлттық қол өнер, ұлттық өнер, ұлттық тағамдарды насихаттады.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне мектепішілік Наурыз мерекесінде киіз үйді безендіру жүктеліп, мұғалімдер бұл міндетті аса жауапкершілікпен атқарды. Бүкіл ұлттық бояуды көрсете білді. Шет елдік қонатарға да қазақтың қонақжайлылығын көрді.
Бастауыш сыныптар сәуір айының аяғында театрға «Алладин» қойылымына қонаққа барды. Рухани тәрбие алып қайтты.
«1-мамыр Бірлік күніне» орай ұйымдастырылғын тәрбие сағаттарында оқушылар достық, бірлік, татулық, ұлтжандылық сынды қасиеттерді бойларына сіңірді.
7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 1-сыныптар «Алға, жігіттер!» 2-сыныптар «Ұлы дала ұландары атты» спорттық -интеллектуалдық ата-аналармен бірлескен сайыс ұйымдастырды. 3-4 сыныптарда спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Биылғы оқу жылына жоспарланған барлық тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ұсыныс:
Жоғарыда аталған іс-шаралар өзінің жүргізу барысында қиындықтар мен қызықты да, есте қаларлықтай өтті. Сондай-ақ, әр ұстаз өзінің шеберлігін көрсету барысында өскелең ұрпақтың көкейіне адамгершілік, ұлтжандылық, Отанға деген сүйіспеншілік, баурмалдық қасиеттерді сіңіре білді.. Әр іс-шараны ұмытылмастай өткізуге тырысты. Барлық мерекелік іс-шаралар жоспар бойынша уақытында өткізілді.
Келесі 2023-2024 оқу жылына іс-шаралардың осы қарқында өтіліп, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре білуге үлес қоссақ, нұр үстіне нұр болар еді.


Келесі 2023-2024 оқу жылына міндет:

  1. Оқу-тәрбие жұмысындағы 2022-2023 оқу жылындағы олқылықтарды ескере отырып орнын толтыру;

  2. Компьютерлік технологиялар дәуірінде, қазіргі заманғы білім жүйесінде ақпаратты үлкен ағыны өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиелей берудің жаңа тәсілдерін табу;

  3. Әр ұстаз өзінің жұмыс нәтижесіне байланысты, ол өз жұмысында жаңа тәрбие әдістерін енгізу;

  4. Білім құндылықтар, идеялар, адамдар, оның жігерлі-күшті және эмоционалдық салаларында, сондықтан жасөспірім арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, баламен жұмыс, жас адам өзін түсіну және жетілдіру мүмкіндігіне ие болу;


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет