Оқу практикасы 2 апта 6В017 "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы



бет1/4
Дата24.11.2022
өлшемі72,02 Kb.
#52257
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


Оқу практикасы


2 апта
6В017 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы
2 курс
Орындаған: Қлышбек Қымбат
Қабылдаған:Кенже Доғарқызы

3-апта бойынша орындалатын тапсырмалар:
1.Танымдық процестерге сипаттама беру (зейін, ес, қабылдау, түйсік, ойлау, қиял, елестету).
2. Психологиядағы негізгі зерттеу әдістері.
3. Бақылау әдісі, оның негізгі түрлері.
4. Сауалнама әдісі, оның түрлері мен сипаттамасы.

1.Танымдық процестерге сипаттама беру (зейін, ес, қабылдау, түйсік, ойлау, қиял, елестету).

Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады.
Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.

Ес- психикалық процесс ретінде. Естің негізгі механизмдері: әсерлену, есте сақтау, тану және қайта жаңғырту. Ес процесстерін зерттеу тарихы. Ассоциация туралы түсініктер. Аристотель еңбектері. Д.Юмның, У.Джемстің, Г.Спенсердің ассоциативті психологиясы. Кеңестік психологтардың еңбектңріндегі ес мәселесі. Ассоциация көріну заңдылықтарын эксперименталыд зерттеу. Г.Эббингауз: оқиғалардың ассоциация үшін маңызы, “шет эффектісі”, ұмыту заңы. Гештальтпсихологиядағы ес мәселесі. Квазиқажеттілік. Бихевиоризм және психоанализ өкілдерінің зерттеулеріндегі ес мәселесі. А.Бине мен К.Бюллердің мағыналық теориясы. П.Жане және Л.С.Выготский еңбектеріндегі естің жоғарғы формаларының қалыптасу мәселесі.Естің жекеленген түрлерінің классификациясы: психикалық белсенділік сипаты бойынша, іс-әрекет мақсатының сипаты бойынша, материалды бекіту мен есте сақтау ұзақтығы бойынша. Қозғалыстық ес. Эмоционалдық ес. Бейнелік ес. Ырықты және ырықты ес. Қысқы мерзімді, ұзақ мерзімді және оперативті ес.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет