Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ


 Этникалық жəне оның полиэтникалық қоғам өмiрiндегi рөлi



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#5606
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

 
 
4.3.1. Этникалық жəне оның полиэтникалық қоғам өмiрiндегi рөлi.
 
Қазiргi  əлемнiң  этносферасы  жеткiлiктi  түрде  күрделi,  динамикалы  жəне 
қайшылықты. Онда саны мыңдаған, ал кейде жүздеген адамды ғана қамтитын архаикалық
этникалық  қауымдастықтармен  қатар,  қазiргi  саны  миллиондаған  адамдарды  құрайтын  
этностортар бiрге өмiр сүредi.
 
Барлық  бұл  этностар  əлемдегi  əлеуметтiк-саяси  жəне  экономикалық  құрылыстары 
əртүрлi  жəне  көбiне  полиэтникалық  (көпұлтты)  екi  жүзден  астам  елдiң  құрамына  кiредi. 
Тек жиырмадан аз мемлекеттер ғана салыстырмалы түрде моноэтникалық (бiрұлтты) деп 
есептеледi,  өйткенi  ондағы  этникалық  аз  ұлттар  тұрғылықты  халықтың 5%-дан  азын 
құрайды.  Демек,  моноэтникалық  мемлекеттер  де  этникалық  тұрғыда  абсолюттi  бiртектi 
болып табылмайды.
 
Қазiргi  əлемнiң  аса  күрделiлiгi  мен  алуан  кейiптiлiгi  мынадай  фактормен  де 
қуатталады.  Дəстүрлi  көзқарас  бойынша  жердiң  бүкiл  тұрғылықты  халқы  үш  нəсiлге 
бөлiнедi:  ақ,  сары,  қара,  яғни  европеоидтi,  монголоидтi,  негроидтi.  Ал  соңғы  зерттеулер 
бойынша адамдар тоғыз нəсiлге бөлiнедi, оның үстiне отыз екi топтың ешқандай берiлген 
схемаға  енбейтiнi  аңғарылды.  Өзге  классификация  бойынша  адамдар  өздерiнiң  нəсiлдiк 
белгiлерiне қарай екi жүз категорияға бөлiнедi. Қазiргi этнореалдарға тəн сипаттама оның 
аса  күрделiлiгiмен  қатар  динамизмiмен,  қайшылығымен  жəне  тұрақсыздығымен 
ерекшеленедi.  Қазiргi  этникалық  процестер  көп  жағдайда  қақтығыстық   (конфликттiк) 
сипатымен де өзгешеленедi. Осыған дейiн бұл этникалық қақтығыстар не капиталистiк, не 
дамушы елдерге тəн, ал социалистiк достастық елдерiнде ол орын алмаған деп есептелiп 
келдi.  Қазiргi  этникалық  ахуал  бұл  қалыптасқан  пiкiрдi  терiске  шығарды,  этникалық 
коллизиялар мен қақтығыстардың Батыста да, Шығыста да, дамыған елдерде де, дамушы 
елдерде  де  болатынын  дəлелдейдi.  Соңғы  жылдары  американдық  əскери  ауызекi 
əңгiмеге (жаргонға) қазiргi əлемдегi  этноахуалды  сипаттайтын  жаңа  термин  ендi - "ЭҰС 
соғыстары"  (этникалық, ұлттық, сеператистiк). 
 
"ЭҰС  соғыстары"  ретiнде  Днестр  бойындағы,  Грузиядағы,  Абхазиядағы, 
Армениядағы, Əзiрбайжандағы жəне əсiресе, Шешенстан мен Тəжiкстандағы соғыстарды
айтуға  болады.  Жалпы,  белгiлi  мағынада  айтқанда  адамзат  тарихындағы  барлық
соғыстарды  "ЭҰС  соғыстары"   деп  айтуға  болады,  өйткенi  бұл  соғыстар  өз  этникалық 
кеңiстiгiн кеңейту, қайтарып алу немесе сақтап қалу үшiн жүргiзiлдi.
 
Осы  орайда  этникалық  ұғымында  бiз  ненi  түсiнемiз,  оның  дəстүрлi  ұғымы  ескiрген 
жоқ  па  жəне  бұл  түсiнiк  этникалықтың  өзiнiң  дамуына  кедергi  болмай  ма  деген  заңды 
сұрақтар  туындайды.  Əдетте,  этникалық  ұғымы  белгiлi  бiр  этносқа  тəн  дəстүрлi 
сипаттардың сақталумен түсiндiрiледi.
 
Этностың төлтума мəдениетiн, оның дəстүрлерiн сақтау берiлген этнос үшiн өмiрлiк 
маңызы бар мəселе болып табылады. Бiз қандай да болмасын этностың өмiрдiң барлық 
ауыртпалықтары  мен  қиындықтары  арқылы  ұрпақтан  ұрпаққа  таратылып  келген  рухани
жəне  материалдық  құндылықтарын  сақтауымыз  керек.  Алайда,  кейбiр  зерттеушiлердiң 
ауылдарда, 
деревняларда, 
қышлақтарда 
этникалық 
құндылықтардың 
жақсы
сақталатындығын, консервативтiлiгiн алға тартып, "керi қарай" шақыруымен келiсуге бола 
ма?  Этникалықтың  бұл  ұғымы  ескiрген  жоқ  па?  Бұл  мəселеге  қатысты  этностардың 
менталитетiн  түбегейлi  өзгертетiн  кез  келген  сияқты.  Бiздiң  ойымызша,  этникалықтың 
дəстүрлi  белгiлерiн  сақтай  отырып,  оларды  жаңа  қасиеттермен  жəне  сапалармен
белсендi  түрде  толықтыру  қажет.  Егер  де  жапондықтар  өздерiн  дəстүрлi  этникалық 
қасиеттермен  шектегенде,  онда  олар  өздерiнiң  қазiргi  жетiстiктерiне  жете  алмас  едi. 
Қазiргi  жапондықтар  туралы  айтқанда  бiз  сакура  гүл  шоғын  түзiп,  самурайлық  пен  дзен-
буддизм  дəстүрлерiн  сақтап,  табиғатпен  үйлесiмдi  өмiр  сүрiп  отырған  этнос  туралы  ғана 
емес,  көбiне  электроникада  үлкен  биiктерге  қол  жеткiзген  этнос  жайлы  еске  аламыз. 
Жапондықтар аз ғана уақыттың iшiнде экономикада, қазiргi өнеркəсiпте үлкен табыстарға 
қол жеткiздi. Бұл қазiргi этностың тек дамуы үшiн ғана емес, қазiргi қатал əлемде этностың
сақталып қалуы үшiн де өмiрлiк маңызы бар мəселе болып табылады. Өзiнiң бекiтiлуiн тек 
өмiр сүрiп отырған дəстүрлермен ғана шектеген этнос өзiн күйретуге əкелiп, стагнацияға 

ұшырайды.
 
Этникалық  қайта  түлеу  процестерiнiң  ғаламдық  сипат  алуы  қоғам  өмiрiндегi 
этникалықтың орны мен рөлiн ұлғайтып, экономикалық болсын, саяси  немесе əлеуметтiк 
болсын,  рухани  болсын,  барлық  құбылыстар  этникалық  кейiпке  ене  бастайды. 
Этникалықтың  үнемi  бүкiл  қоғам  өмiрiнде,  оның  барлық  салаларына  осы  уақытқа  дейiн 
күштi  ықпал  етiп  келгендiгiн  айта  кету  керек.  Этникалық  процестердiң  дүниетанымға, 
философияға  ықпалын  Л.Н.Гумилев  тарихи  айғақтардың  негiзiнде  нық  сенiмдiлiкпен 
көрсетiп  бердi.  Ол  өзiнiң  этникалық  "өрiстер"  концепциясында  қарама-қайшы  екi 
этникалық  ырғақтың  бiр-бiрiне  қабаттасуы  барысында  какофония,  яғни  химера  (химера  -
бұл бiр-бiрiне сəйкес келмейтiн əртүрлi суперэтникалық жүйеге жататын екi этностың бiрi 
өз ерекшелiгiн жоғалтатын контактының формасы) қалыптасады. Химералық этностардың 
пайда  болуы  философияны  терiске  шығаратын  антижүйелердiң  құрылуына  əкеледi. 
Мысалы,  эллиндер  мен  иудейлердiң  ирандармен  қақтығысы III ғасырда   манихейлiктiң  
қуатты   антижүйесiн   дүниеге   əкелдi.  Б.з. II ғасырында  кушандар  мен  сақтардың 
Үндiстанға басып кiруi авторы Нагарджуна болып табылатын, өзiнiң өмiр сүруiн де сағым 
деп  есептейтiн  "бос  кеңiстiк"  туралы  дүниенi  терiске  шығарушы  iлiм  құрылды.  Онан  да 
жаман қорқынышты антижүйе ғұндар мен сянбилердiң қоныс аудару тұсында Қытайда III 
ғасырда  пайда  болды.  Бұл  жерде  тiптi  əлемдi  терiстеушi  философия  қалыптасып  та 
үлгермедi, себебi үш ғасыр бойы тайпааралық соғымтардың нəтижесiнде 27 этнос, оның 
iшiнде ертеқытай  (хань) этносы да жойылып кеттi. Б.з. Х ғасырында Араб халифатында 
гаремдер  құру  барысында  арабтар  өзге  суперэтностармен  араласып,  нəтижесiнде 
исмаилиттердiң антижүйесi пайда болды.
 
 
 
4.3.2. Ұлт теориясының марксшiлдiк интеграциясы
 
Ұлт 
жəне 
ұлттық 
қатынастардың 
маркстiк-лениндiк-сталиндiк 
теорисы 
қалыптасуының  қайнар  көздерi  ең  алдымен  осы  мəселенi  түсiндiрудегi  жаңа  бағыттың 
негiзiн қалаған немiс зерттеушiлерi О.Бауэр жəне К.Каутскийдiң есiмдерiмен байланысты 
болды.  В.И.Лениннiң  жəне  өзге  марксшiлдердiң  олардың  теориясын  буржуазиялық 
ұлтшылдық, оппортунизм, психологизм, идеализм жəне т.б. түрiнде айыптағандықтарына 
қарамастан ұлттың марксшiлдiк теориясы жоғарыдағылардың теориялық тұжырымдарына
негiзделедi. Бұл мəселеге байланысты марксизмнiң негiзгi тұжырымдары О.Бауэрдiң жəне 
К.Каутскийдiң көзқарастарымен сəйкес: екеуiнде де, француздық үлгiден айырмашылығы 
(онда  ұлт  азаматтық  қоғам  ретiнде  түсiндiрiледi),  ұлт  этникалық  түзiлiм  ретiнде 
қарастырылады жəне ұлттың негiзгi белгiсi ретiнде тiл мен территорияны мойындауы екi 
көзқарасқа  да  ортақ.  Бiз  ұзақ  жылдар  бойы  этникалық  жəне  этнос  аралық  процестердi 
зерттеу  барысында  ұлт  жəне  ұлттық  қатынастарының  маркстiк-лениндiк-сталиндiк 
теориясын  басшылыққа  алып  келдiк.  Бұл  теория  бойынша  тарихи  қауымның  мынадай 
негiзгi типтерi бар: ру, тайпа, халық, ұлт. 
 
Мұндай  типология  қоғамды  дамудың  белгiлi  бiр  сатыларына  бөлуге,  яғни 
қоғамдық-экономикалық  формацияларға  бөлуге  негiзделдi,  əрбiр  қоғамдық-
экономикалық  формацияға  адамдардың  тарихи  қауымының  нақты  бiр  типi 
сəйкес  келдi.  Алайда  тарихтың  көрсеткенiндей,  қандай  да  болмасын  бiр 
қоғамдық-экономикалық  формацияда  адамдардың  тарихи  қауымының  тек  бiр-ақ 
типi ғана өмiр сүрмейдi, оның үстiне əлеуметтiк-экономикалық формациялардың 
алмасуының  этногенез  процестерiмен  сəйкес  келуiнiң  мiндеттi  еместiгiн 
Л.Н.Гумилев  тарихи  айғақтарға  сүйене  отырып  дəлелдедi: "мысалы,  Францияда 
феодализмнен  капитализмге  өту 1789-1791 жылдары  аралығында  жүзеге   асты 
жəне  əлеуметтiк   күштердiң  орналасуы  өзгердi,  бiрақ  француз  щаруаларының 
этникалық  мəнi  сол  күйi  қалып  қойды...  Жəне   де,  ақырында,  қазiргi  жағдайда  
қоғамдық-экономикалық  формация  теориясының  өзi  күйзелiске  ұшырады  жəне 
қазiр бүкiл əлемде  көбiне өркениеттiк принциптер қолданылады.
 
Бұл  мəселеге  қатысты  кеңестiк  этнографияда,  тарихта  жəне  философияда  келiсiм 
болмады.  Алғаш  рет, 1980 жылдардың  басында  адамзаттың  бүкiл  тарихи  дамуы 
барысында адамдардың тек үш негiзгi қауымы туралы идея  қалыптасты. Н.Н.Чебоксаров 
жəне  М.Г.Левин  адамдардың  этникалық  қауымдары  тарихи  дамудың  əр  түрлi 

сатыларында бiр-бiрiнен түбiрлi ерекшеленедi жəне тарихи дамудың əрбiр сатысына 
этникалық  қауымның  ерекше  типi  ғана  тəн  болады  деп  есептедi:  алғашқы  қауымдық 
құрылыс  үшiн – тайпа,  құл  иеленушiлiк  жəне  феодализм  үшiн – халық  жəне  ақырында, 
буржуазиялық  жəне  коммунистiк    қоғамдар    үшiн - ұлт.    Мұндай   жiктелiс 
(классификация)  кеңiнен  таралды  жəне   осы  соңғы  уақытқа  дейiн  жалғыз  жəне  үстем
болып  келдi,  тiптi  бүгiнгi  күнi  де  оның  iзбасарлары  табылады.  Бiрақ,   кеңестiк  қоғамтану 
ғылымы  дамуының  əртүрлi  кезеңдерiнде   адамдардың  қауымының  тарихи  типтерiн 
бөлудiң  осы  дəстүрiн  пайдалана  отырып,  этникалық  қауым  типологиясының  өзге  де
критерийлерiн ұсынған зерттеушiлер де болды.
 
Адамдар 
қауымының 
тарихи 
типтерiнiң 
өзiн 
алар 
болсақ, 
этникалық 
қауымдастықтардың  барлығы  да  мiндеттi  түрде  осы  сатылардың  барлығынан  өтуi  тиiс 
емес  екенi  анықталды.  Мысалы,  этностардың  барлығы  ру-тайпалық  құрылымға  бөлiнген 
жоқ: француздар, ағылшындар, испандар, гректер, жəне т.б. Оның үстiне Л.Н.Гумилевтiң 
пiкiрiнше  кландық немесе рулық жүйенi ерте дəуiрге апарып тiреу  мiндеттi емес, өйткенi  
"византиялықтар  немесе  сасанидтiк  парсылар  моңғолдардан 1000 жыл  бұрын, 
қазақтардан 1200 жыл  бұрын  қалыптасқанымен,  оларда  рулар  мен  фратияларға  бөлiну 
болған жоқ".
 
Халықты  зерттеу  мəселесi  де  тұйыққа  тiрелiп  отыр.  Бұл  ең  алдымен   "халық" 
терминiнiң  көп  мағыналылығымен  байланысты.  Бұл  ұғым  "этникалық  қауымның"  белгiлi 
бiр  типiнде,  қанаушы  топқа  қарсы  тұрушы  халық  көпшiлiгiн  де,  немесе  жай  ғана 
тұрғылықты  халықты  да  бiлдiре  алады.  Сонымен  қатар  əртүрлi  қоғамдық-экогомикалық 
формациялардағы  этностарды  да   "халық"  терминiмен  белгiлеу  зерттеушiлер  арасында 
əр  алуан  пiкiр  туғызды.  В.И.Козлов  өзiнiң  "Этникалық  қауымдардың  жiктелуi  туралы 
(мəселенiң жағдайы)" еңбегiнде этникалық қауымдарды жiктеудiң формациялық принципiн 
ескере  отырып  жəне  əлеуметтiк-таптық  құрылымның  ерекшелiктерiнен  шыға  отырып, 
соған  сəйкес  былайша  атауды  ұсынады: "алғашқы  қауымдық   құрылымды"   этнос, "құл 
иеленушiлiктi  құрылымды"  этнос  жəне  т.с.с.  немесе  қысқартылған  түрiнде  –АҚЭ,  ҚҚЭ, 
ФҚЭ, КҚЭ, СҚЭ. 
 
Онан  ертерек, 1964 жылы  С.А.Токарев  құл  иеленушiлiк  жəне  феодалдық 
қоғамдық-экономикалық  формацияларға  қатысты,  ең  алдымен  əлеуметтiк-
экономикалық  құрылымының  ерекшелiктерiне  орай  этникалық  қауымдардың 
принципиалды  айырмашылығы  туралы  идеясын  ұсынды.  Осыған  байланысты
"халық"  ұғымын  феодализм  тұсындағы  этникалық  қауымды  белгiлеу  үшiн 
қалдырып,  ал  құл  иеленушiлiк  құрылыс  үшiн  жаңа  "демос"  ұғымын  енгiзудi 
ұсынды. 
Соңғы  
жылдары  
М.В.Крюков  
"халық"  
ұғымының  
көп 
мағыналылығына  орай,  оны  қолданудың  мүмкiн  еместiгi  туралы  мəселенi 
көтердi.  Осыдан  туындата  отырып  Ю.В.Бромлей  "халық"  ұғымын  құл 
иеленушiлiк  қоғамның  этникалық  қауымына  қатысты  "палеос"  жəне  феодалдық 
қоғамға  қатысты  "мезос"  терминдерiмен  алмастыруды  ұсынды... "Халық"  
(народ)  жəне  "халықтық" (народность)  ұғымдары  арасындағы  қайшылық  нақты
мəселелердi  шешуге  келгенде  де  күшейе  түстi.  Кеңес  зерттеушiлерi   "Кеңестiк 
тарихи  энциклопедияны"  баспаға  даярлауы  тұсында   (1967-1976  жылдары)  осы 
мəселеге  байланысты  қиындықтарға  тап  болды.  Ең  бастысы  КСРО  халықтар  мен 
ұлттарының арасындағы айырмашылықты бекiту қиынға  түстi. Берiлген  энциклопедияда 
КСРО-ң 20 этникалық  қауымдары  "халықтыққа  жатқызылып,  ал  ал  өзге  жиырмасы  
"халық"  деп  белгiлендi.  Оның  үстiне  қатар  деңгейдегi  этникалық  қауымдар   əр  түрлi 
типтерге жатқызылған, мысалы, манси, "халықтық", ал ханты "халық" разрядтарына кiрген 
(қараңыз,  СИЭ.М.:  Советская  энциклопедия, 1966. 9т. 39-бет; 1974, 15т. 515-бет).  Сол 
сияқты  бiр  этникалық  қауымдар  əртүрлi  мақалаларда  əрқилы  жiктелген: "халықтық"  деп 
аталатын  шолушы  мақалада,  олардың  қатарына  эвенкiлер,  эвендер  жəне  чукчалар 
жатқызылса, (сонда 9т. 969-бет), ал олардың əрқайсысына арналған жеке мақалаларда -
"Эвенкiлер" (сонда, 16т. 396-бет), "Эвендер" (16т. 397-бет), "Чукчалар"   (16т. 395-бет) 
"халықтар" қатарына енгiзiлiп кеткен.
 
Этникалық  қауымның  тағы   бiр  күрделi   жəне  шатастырылған   типi - ұлт. 
Ұлттың классикалық анықтамасын И.В.Сталин бердi  жəне  ол бүгiнгi күнге дейiн 

түбiрлi  өзгере  қойған  жоқ.  Ол  бойынша,  халықтардың  этникалық 
ерекшелiктерiнiң  барлық  алуан  түрлiлiгi  оның  төрт  белгiсiне  əкелiп  танылды 
жəне қатаң сақталынды жəне, егер де, ол белгiлердiң бiреуi  қай ұлтта болмаса, 
онда ол ұлт ретiнде есептелмедi.  Ал бұл, өз кезегiнде бiрқатар негативтi, оның 
iшiнде саяси салдарларға ұрындырды: ол халықтың өзiндiк сара жолын анықтау 
құқығынан, белгiлi бiр мемлекеттiк құрылымын құру мүмкiндiктерiнен айырды.
 
Ұлттың дəл осындай түсiнiгiнiң батыста да орын алғанын ескеруiмiз қажет. Мысалы, 
осы  мəселеге  қатысты  американдық  мамандардың - С.Дж.Х.Хайестiң,  Л.Снайдердiң 
еңбектерiнде ұлтты анықтаудың сталиндiк варианты қырқылған күйiнде берiледi. Өзге де 
факторлардың  қатарында,  əдетте,  территорияның,  тiлдiң,  дiннiң  ортақтығы  да  бiрге 
көрсетiледi  жəне  ұлттың  осы  берiлген  анықтамасын  қазiргi  этноұлтшылдықты  зерттеу 
барысына қолданады.
 
 
 
 

  
4.3.3. Ұлттың қазiргi түсiндiрiлуi
 
Ұлттың табиғаты мен оның анықтамасын беруде Ж.Б.Абылхожин, Н.Масанов сияқты 
зерртеушiлер өзге көзқарасты ұстанады.  "Өткенмен болашақтың  арасындағы  Қазақстан" 
  деп  аталатын Н.Əмреқұлов пен  
 
Н.Масановтың  бiрiгiп  жазған  еңбегiнде  ұлт  елдiң  барлық  азаматтарының  құқығының 
теңдiгiне  негiзделген  мемлекеттiк-азаматтық  қауым  ретiнде  түсiрдiрiледi.  Бұл  мəселенiң 
онан  ары  кеңiнен  ашылуы  Ж.Б.Абылхожиннiң  көптеген  мақалалары  мен  сөйлеген 
сөздерiнде  орын  алады.  Оның  пiкiрiнше,  ұлт - бұл  этникалық  емес,  мемлекеттiк-саяси 
категория,  этникалық  емес,  азаматтылық. "Ұлттық  бiрегейлiк  тұлғаның  өзiн  бiртұтас 
азаматтық  қоғамға,  мемлекетке  қатыстылығын  сезiнуi  мен  бағалауы  арқылы 
сипатталатын  жалпыадамзаттық  ментальдылық".  Ұлттың  бұл  түсiнiгi  қазiргi  заманғы 
əлемдiк  "стандартқа",  батыстық,  əсiресе  англо  немесе  франкотiлдiк  түсiнiкке  сəйкес 
келедi.  Мысалы,  ағылшын-орыс  сөздiгiнде  (проф.  Мюллердiң  редакциялығымен,  М.1962) 
nationality  ұлт,  ұлттық  азаматтылық  деп  аударылады.  Сол  сияқты  қазiргi  батыстық 
саясаттануда  "ұлттық" (национальность)  ұғымы  "берiлген  мемлекеттiң  азаматы",  ал 
"ұлт" (нация)  ұғымы  азаматтардың  сəйкес  мемлекеттегi  əлеуметтiк  қауымдастығын 
бiлдiредi. Демек, "ұлт", "ұлттық"  түсiнiктерi этникалық емес саяси, мемлекеттiк мағынаны 
бiлдiредi.  Бұл  ұғымдар,  батыстағы  түсiнiгiне  орай  этатистiк  (франзузша e’tat- мемлекет) 
мағынада  қоланылады:  байрақ,  елтаңба,  əнұран  жəне  т.б.  Бiздiң  əлемдiк  өркениеттен 
тысқары  қалғанымыз,  дер  кезiнде  əлемдiк  ғылыми  қауымдастықпен  бiрiкпегенiмiз  тек 
теориялық  деңгейде  ғана  емес,  тұрмыста  да  аңғарылады.  Алыс  шетелге  жаппай  қоныс 
аударудың  нəтижесiнде  бiздiң  бұрынғы  отандастарымыз  анкетадағы  ұлттық  деген
бағананы  толтыру  кезiнде  өздерiнiң  этникалық  тегiн  көресететiнi  жиi  кездеседi,  ал 
олардың үлгiлерi бойынша азаматтылықты көрсету талап етiледi. 
 
Батыстағы ұлттың қазiргi түсiнiгi Э.Ренанның өзiнiң "Ұлт дегенiмiз не" деген еңбегiнде 
келтiрген  ұлттың  классикалық  анықтамасына  айналған  сөзiне  сəйкес  келедi: "Ұлт - бұл 
жан,  рухани  принцип…  Жанды  қалыптастыратын  екi  нəрсе  бар…  Бiрiншiсi - бұл  ес  пен 
жадының  бай  мұрасын  игеру,  екiнiшiсi - бұл  шын  келiсiм,  бiрге  тұруға  ұмтылу  жəне 
барынша  өз  үлесiңдi  қосуға  ұмтылу".  Бұл  берiлген  анықтамада  ұлтты  қалыптастырудың 
маңызды  екi  сəтiне  көңiл  бөлiнедi;  бiрiншiден,  тарихи  тағдырдың  бiрлiгi  туралы  ортақ 
тарихи  жадының  болуы;  екiншiден,  бiрге  тұру  жəне  өз  ұлтыңның  болашағы  үшiн  ерiктiң, 
келiсiмнiң  жəне  ұмтылыстың  болуы.  Мұнан  шығатын  қортынды  ұлт  қалыптастырудың
бастапқы  кезеңiнде  бiрегейлiк  деңгейiнiң  қаншалықты  екендiгiне  ұлттың  болашағы
бағынышты. Бiзде мұның алғашқы белгiсi, тарихи жадының ортақтығы, тарихи тағдырдың 
бiрлiгi  бар:  ең  болмағанда,  соңғы 80 жыл  бойы  қазiргi  Қазақстан  территориясын 
мекендейтiн  халықтардың  тарихи  тағдырлары  ортақ  жəне  аштықты  да,  бүлiншiлiктi  де, 
ұжымдастыруды  да,  тың  игерудi  де,  соғысты  да  жəне  т.б.  бiрге  бастан  кешiрдi.  Алайда, 
бiзге əлi ұлт болып қалыптасу қажет, өз елiңнiң азаматы ретiнде Отаныңның ырысы үшiн 
еңбек етiп, бiрге өмiр сүруге ұмтыла отырып бiртұтас Қазақстан халқына айналу қажет. 
 
Жоғарыда  айтылғандардан  шығатын  қорытынды,  ұлт - бұл  бiр  мемлекетте  өмiр 
сүретiн  жəне  осыған  орай  кейбiр  ортақ  белгiлерi  бар  адамдардың  бiрлiгi,  этникалық 
қауымы  емес.  Полиэтникалық  қоғамда  этникалық,  конфессионалдық,  мəдени  жəне  тiлдiк 
айырмашылықтары бар адамдар тек ерекше азаматтық қауымға, яғни ұлтқа бiрiге отырып 
қана бейбiтшiлiк жəне келiсiммен өмiр сүре алады. Бұл түсiнiктi басшылыққа ала отырып 
ұлттың мынадай анықтамасын беруге болады. Ұлт дегенiмiз - бұл жалпы территориямен 
жəне  бiртұтас  мемлекетпен  бiрiккен,  экономикалық  жəне  тарихи  бiрлiгiнiң  терең 
байланыстары  бар,  этникалық,  конфессионалдық  жəне  тiлдiк  айырмашылықтарды 
құрметтейтiн  жəне  ақырында  бiртұтас  мемлекеттiк  тiлi  бар,  жалпы  өзiндiк  санасы  мен 
патриотизмге  ие  азаматтардың  қауымдастығы.  Демек,  ұлттық  бiрлiк  тарихтың, 
экономиканың,  территорияның,  өзiндiк  сана  сезiм  мен  патриотизмнiң  бiрлiгiн  бiлдiредi, 
яғни этникалық, конфессионалдық, мəдени жəне тiлдiк айырмашылықтар сақталғанымен, 
бұл 
айырмашылықтар 
құрметтелетiн 
отанның 
ортақтығы 
болып 
табылады. 
Х.М.Энценсбергер ұлт қалыптасуына байланысты былай деп жазды: "Оның пайда болуы 

неғұрлым  жасанды  болса,  ұлттық  сезiм  де  соғұрлым  күдiктi.  Бұл  отаршылдық 
жүйесiнiң құрсауынан шыққан жаңа мемлекеттер мен "жас" европалық ұлттарға, сондай-ақ 
зорлықпен  бiрiктiрiлген,  құлдырау  мен  азамат  соғыстарына  қарай  қозғалып  бара  жатқан
КСРО  жəне  Югославия  сияқты  мемлекеттерге  қатысты".  Бiр  мемлекеттiң  iшiнде  тұратын 
этностардың одағы өзара құрметке, азаматтық келiсiм мен татулыққа негiзделуi тиiс жəне 
ерiктi  болуы  керек.  Х.М.Энценсбергер  ұлт  пен  этностың  арасындағы  түбегейлi 
айырмашылықты  көрсетедi: "Кландар,  тайпалар  жерде  адам  пайда  болғалы  берi  өмiр 
сүрiп  келедi.  Ал  ұлттар  мұнан  екi  ғасыр  бұрын  ғана  қалыптасты.  Айырмашылығы  айдан
анық.  Этностар  өз-өзiнен,  табиғи  жолмен  пайда  болады.  Ұлттар  болса,  саналы  күш-
жiгердiң  нəтижесi,  көбiне  олар  арнаулы  идеологиясыз  өмiр  сүре  алмайтын  жасанды 
құрылымдар  ретiнде  көрiнедi.  Бұл  идеологиялық  негiз,  сəйес  ғұрыптар  мен 
эмблематикамен  қатар  (байрақтар,  əнұрандар  жəне  т.б.)  ХIХ  ғасырда  ғана  қалыптасты 
жəне Европа мен Солтүстiк Америкадан бүкiл əлемге таралды".
 
4.3.4. Этнос.  Адамдар қауымының этникалық формалары.
 
Ұлт  жəне  ұлттық  қатынастардың  теориясының  шеңберiндегi  жоғарыда  келтiрген 
терминологиялық шатасулар кеңестiк қоғамтану ғылымына этникалық терминологиясының енгiзiлуiне 
мұрындық  болды. 50-шi  жылдардың  өзiнде-ақ  "этностың"  мəнi  туралы  мəселердi  шешу  қажеттiлiгi 
туындады.  С.А.Токарев  пен  Н.Н.Чебоксаров  бұл  мəселенi  шешудi  күн  тəтiбiне  қойды,  бiрақ  өзiнiң 
абстракциялық  ерекшелiгiн  бүкiл  адамзат  тарихы  бойында  сақтайтындай  өзгермейтiн  жəне  тұрақты 
категориялар  ретiндегi  ерекше  "этнос"  ұғымын  тырнақшаға  алды. "Этнография  жəне  салалас 
пəндер" (М., 1988, 121-122 беттер)   кiтабының  авторларының  пiкiрiнше,  бұл  көзқарастарда 20-шы 
жылдардың аяғынан бастап "этнос" ұғымына тыйым салған шектеудiң салдары аңғарылады. Бұл этнос 
теориясымен  алғаш  айналыса  бастаған  белгiлi  орыс  этнографы  С.Ш.Широкогоровтың (1887-1939) 
есiмiмен байланысты. 1921-1922 жылдары ол өзiнiң Қиыр Шығыс университетiндегi  лекцияларында 
этностың типологиялық белгiлерiн беруге тырысты. Бiрақ бұл мəселенi кейiнiрек шетелде (Қытайда) 
жан-жақты  қарастырып,  бұл  тақырыпқа  арнайы   "Этнос,  Этникалық  жəне  этнографиялық 
құбылыстардың негiзгi принциптерiн зерттеу"  деп  аталатын  монографиясын  арнады   (Шанхай, 923). 
Оның  анықтауынша,  этнос - "бiр  тiлде  сөйлейтiн,  өзiнiң  түпкi  тегiнiң  ортақтығын  мойындайтын, 
дəстүрлерiнен көрiнетiн жəне сақталатын, сонымен қатар осы сияқты өзгелерден ерекшеленетiн өмiр 
тəртiптерi  мен  əдет-ғұрыптарының  жиынтығы  бар  адамдар  тобы".  Бiрақ  онда  бұл  түсiнiк  этносты 
ерекше  биологиялық  түр  ретiнде  қарастырумен  атасып  жатыр.  Этностардың  болашағы  туралы 
мəселеге байланысты ол былай деп жазды: "Адамзат жақын арада болашаққа бейiмделе алатындай  
өзiнен жаңа түр шығарып үлгере алмаса, онда ол аммониттер секiлдi өзiне iзбасар да қалдыра алмай
өмiрден өтедi, мұндай кульминациялық кезең жақын тұр".
 
Этникалық  проблематикаларға  арналған  зерттеулер  тек 50-60 жылдары  ғана  қайта 
жалғасты. Олардың қатарына этностардың қызмет ету барысындағы территорияның рөлi 
мəселесi  негiзiнен сөз  болатын  П.И.Кушнер жəне оның  "Этникалық территориялар  жəне 
этникалық  шекаралар " (М., 1951) атты  монографиясын;  этностың  анықтамасы  берiлген, 
этностың  негiзгi  бөлiгi  ретiндегi  этникалық  сана-сезiмнiң  маңыздылығы  келтiрiлген  жəне 
тайпа,  халық,  ұлт  типiндегi  этникалық  қауымдардың  типологиясы  ұсынылған
Н.Н.Чебоксаровтың  зерттеулерi  мен  оның  бiрлесiп  жазған  еңбектерiн  (қараңыз,  Толстов 
С.П., Левин М.Г., Чебоксаров Н.Н. Очерки общей этнографий. М.,1957) атап өтуге болады. 
60-жылдардан  бастап  этникалық  терминология  ғылыми  айналымға  толығымен  енедi, 
бiрақ  бұл  мəселеге  байланысты  пiкiрталастар  əлi  күнге  дейiн  толастаған  жоқ.  Барлық 
көзқарастарды  екi  топқа  бөлуге  болады:  этносты  əлеуметтiк  құбылыс  ретiнде  түсiндiру 
жəне  оны  жаратылыстанымдық  ғылыми  позициядан  түсiндiру.  Бiрiншi  топқа  үстем 
концепция  болып  табылатын  этнос  теориясын  жасап  шығарған  Ю.В.Бромлей  бастаған 
ғалымдардың  негiзгi  тобын  жатқызуға  болады;  екiншiсiне,  ең  бастысы  Л.Н.Гумилев  жəне 
оның  iзбасарларының  шағын  тобы  жатады.  Ю.В.Бромлей  жəне  өзгелерiнiң  көзқарасына, 
жалпы  алғанда,  этнос  əлеуметтiк,  тарихи  қауым,  өздерiнiң  ұжымды  өмiр  сүруiнiң  ерекше 
жəне өзге аналогиялық қауымдардан айрықша формасы ретiнде қарастырылады.
 
Этностың  бiзде  қалыптасқан  осы  берiлген  теориясына  ұзақ  жылдар  бойы  негiзгi 
концепцияларын  өзiнiң  фундаменталды  "Этногенез  жəне  Жер  биосферасы"  еңбегiнде 
жəне  басқа  да  көптеген  басқа  да  шығармаларында  жариялаған  Л.Н.Гумилев  болды. 
Ю.В.Бромлей  жəне  оның  iзбасарларына  қарсы  Л.Н.Гумилев  "этносты"  əлеуметтiк  емес 

құбылыстардың  қатарына  жатқызады: "Этнос...əлеуметтiк  емес  құбылыстың
қатарына жатады, өйткенi ол бiрнеше формацияларда сүре алады жəне ол мұны көптеген
тарихи  айғақтармен  дəлелдейдi.  Бiрақ  Ю.В.Бромлей  де  тарихи  процестердiң  этникалық 
процестермен сəйкес еместiгiн айтып, осыған байланысты "этникос" ұғымын енгiзедi.
 
Л.Н.Гумилев  өз  тұжырымында  В.И.Вернадскийдiң  биохимиялық  энергия  туралы 
концепциясына  сүйенедi: "Бұл  энергия  қоршаған  ортаны  өзгертушi  жəне  сол  ортада 
кедергiлердi  жойып  жiбере  алатындай  қысым  көрсететiн  энергия  болып  табылады". 
Л.Н.Гумилевтiң  пiкiрiнше",  этнос  биосфераның  феноменi  бола  отырып  биохимиялық 
энергиямен  тығыз  байланыста  болады,  дəл  осы  энергия  этникалық  теңiздердiң 
толқындарын  көтередi.  Əрбiр  асау  толқын  су  бетiнде  пайда  болғаннан  кейiн,  өзiнiң 
жолына  дейiн  жетедi  де  қайта  пайда  болу  үшiн  бұрқырай  қайта  құлайды.  Мыңдаған 
жылдар  бойғы  тербелiстерде  халықтардың  үздiксiз  алмасуы  жүзеге  асып  жатады.  Бұл 
жағдайда  осы  энергияны  қабылдау  этногенездiң  əртүрлi  кезеңдерiнде  əрқилы  болып 
табылады  жəне  бұл  пассионарлықпен  жəне  субпассионарлықпен  байланысты". 
Л.Н.Гумилев этногенездiң пассионарлық теориясын негiздедi. Оның пiкiрiнше əрбiр этнос 
белгiлi  бiр  пассионарлыққа  жəне  субпассионарлыққа  ие,  яғни  этнос  дамуындағы  өрлеу 
мен құлдырауды туғызатын биохимиялық энергияны қабылдаудың əртүрлi деңгейлердегi 
қабiлетiне ие болады.
 
Этносфераны  жан-жақты  зерттеудiң  нəтижесiнде  Л.Н.Гумилев  этностың  мəнiн 
белгiлердiң  жиынтығы  арқылы  (тiл,  мəдениет,  психикалық  қыртысы,  психология, 
экономикалық жалпылық, территория жəне т.б.) анықтау мүмкiн емес деген қорытындыға 
келедi,  өйткенi  барлық  этносқа  қатынасында  жəне  тiптi  этногенездiң  əртүрлi 
кезеңдерiндегi бiр этносқа да қатынасында бiр деңгейде сəйкес келетiндей универсалды 
этнобiрiктiрушi  белгi жоқ. Жəне мұны белгiлi дəрежеде оның қарсыластарды да қолдайды
(қараңыз,  Бромлей  Ю.В.  Этнос   "Этнография".  М.,1973, 31-бет;  Белков  П.Л.  О  методе 
построения  теории  этноса // Этносы  и  этнические  процессы.  М., 1993, 59-60 беттер). 
Л.Н.Гумилевтiң  пiкiрiнше  "этнос  ұғымын  қатаң  анықтауға  жүйелiк  тəсiл  ғана  мүмкiндiк 
бередi" жəне "жүйенiң нақты ықпалдары заттар емес, олардың арасындағы байланыстар 
болып  табылады".  Мұнан  шығатыны  "этнос - өздерiн  өзге  ұжымға  қарсы  қоятын  жеке 
даралардың  ұжымы".  Бұл жерде   "бiз - өзiмiз,  ал қалғандары - өзгелер"  деген  этникалық 
ұжымның өз бүтiндiгiн мойындауы белгi емес, адамдар арасындағы жүйелiк байланыстың 
бiр түрi болып табылады. Л.Н.Гумилев этностың мынадай неғұрлым толық анықтамасын
бередi: "этнос - өздерiн өзге аналогиялық ұжымдарға қарсы қоятын берiк, табиғи жолмен 
қалыптасқан  адамдар  ұжымы  жəне  бұл  комплиментарлық  сезiмталдықпен  анықталды 
жəне  тарихи  уақыттарда  заңдылықпен  өзгерiп  отыратын  өзiндiк  стереотиптi  жүрiс-
тұрыстармен  ерекшеленедi"   (Гумилев  Л.Н.  Этносфера:  История  людей  и  история 
времени. М., 1993, 540-бет).
 
Этникалық  дамудың  ырғақтарын  тарихтың  ырғақтарымен,  яғни,  ең  алдымен 
қоғамдық-экономикалық  формациялармен  сəйкес  еместiгiн  алға  тарта  отырып, "этносты 
əлеуметтiк  емес"  құбылыс  ретiнде  анықтаған  Л.Н.Гумилевтiң  пiкiрiмен  келiсу  қиын.  Иə, 
шындығында  этногенез  жəне  социогенез  дамуының  кезеңдерi  бiр-бiрiне  сай  келмейдi 
жəне  бұл  зерттеушi  ғалымның  жоғарыда  жəне  жалпы  келтiрiлген  айғақтармен 
дəлелденедi.  Бiрақ,  бiрiншiден  қоғамдық-экономикалық  формация  теориясының  уақыт
сынына шыдай алмай, өзiнiң өзектiлiгiн жоғалтқаны жалпыға  мəлiм. Екiншiден, этногенез 
жəне  социогенез  даму  ырғағының  бұл  сəйкестiгi  этностың  "əлеуметтiк  еместiгiн"  бiлдiре 
алмайды, этногенездiң шарттылығын, салыстырмалылығын, яғни этносфераның өзiне тəн 
заңдылықтарға  бағынатындығын  бiлдiредi.  Үшiншiден,  этникалық  қасиеттердiң  негiзгi 
тасымалдаушысы  мен  субъектi     адам    болып    табылады,     сондықтан     оны     бұл    
сапада 
 
"этнофора"  деп  белгiлеу  ұсынылды  (Э.Л.Василева,  В.В.Пименов,  Л.С.Христолюбова). 
Əрбiр  адам  белгiлi  бiр  этностың  өкiлi  болғандықтан,  оның  экономикалық  қасиеттерi 
болатыны  жалпыға  белгiлi,  ал  бiрақ  адам  биопсихоəлеуметтiк  салалардың  тұтастығы, 
оған  қосымша  "этнофора"  ретiнде  географиялық  ерекшелiктер  қосылатын  күрделi  жəне 
қайшылықты  жан  болғандықтан  этносты  не  "əлеуметтiк",  не  "əлеуметтiк  емес"  деп 
қарастыру  бұл  мəселеге  деген  бiржақты  көзқарасты  ғана  бiлдiредi. "Этностың" 

географиялық,  биологиялық  құбылыс  екендiгiн,  этногенезге  биохимиялық  жəне 
биофизикалық  процестердiң  ықпал  ететiндiгiн  Л.Н.Гумилев  өте  орынды  пiкiрлермен 
дəлелдеген.  Ол  "этностың"  əлеуметтiк  табиғатын  терiске  шығарғанымен,  оның 
анықтамасы  керiсiнше  мұны  дəлелдейдi.  Ол  этносты  адамдардың  ұжымы  ретiнде 
сипаттайды,  ал  ұжымның,  əрине, "белгiлi  бiр  жалпы  мақсатты  шешу  барысында 
адамдарды бiрiктiретiн əлеуметтiк қауым"  екендiгi белгiлi. Демек,  бiрiншiден этнос тобыр 
емес, ұжым, яғни əлеуметтiк қауым. Екiншiден, бұл анықтамадан шығатыны, этнос тарихи 
уақытта  заңдылықтарға  сай  өзгерiстерге  түсiп  отырады,  яғни  əлеуметтiк  өлшемде  өмiр 
сүредi. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет