5.9. Қан қозғалым (гемодинамика) заңдылықтары
Қан қозғалым (гемодинамика) деп тамырлармен қанның
ағуы
ның себептерін, заңдылықтарын жəне тетігін зерттейтін
ілім ді айтады. Қан қозғалым заңдылықтары бойынша тамырдан
өтетін қанның мөлшері мен жылдамдығы тамырдың басы мен
соңындағы қысым айырмасына жəне гидродинамикалық кедергі
деңгейіне байланысты өзгереді. Қысым айырмасы (градиенті)
қанның жылжуына ықпал етсе, гидродинамикалық кедергі – оған
бөгет болады. Ал гидродинамикалық кедергі қан тамырлары
арнасының мөлшеріне, қанның тұтқырлығына жəне ағу сипа-
тына қарай өзгеріп отырады. Демек, денеде қанның қозғалысын
қамтамасыз ететін негізгі фактор - қан тамырларындағы қысым
айырмасы. Қарынша еттері жиырылғанда қолқа мен өкпе арте-
риясына қан күшпен қуылады, ал тамырлар бойымен артериялар
мен веналардағы қысым айырмасына байланысты жылжиды.
Тамырларда қысым жүрек жұмысына байланысты пайда бо-
лады. Ол жүректің қанға берген потенциалдық энергиясының
бейнесі. Тамыр жүректен алшақтап, тарамданған сайын он
да-
ғы қысым төмендей түседі. Оған себеп, потенциалдық энер-
гия
ның белгілі бір мөлшері қанның жылжу жылдамдығын
қалып тастыруға, ал қалған бөлігі ішкі (қан торшаларының бір-
бірімен) жəне сыртқы (қанның тамыр қабырғасымен) үйкеліс
күшін жеңуге жұмсалады. Егер сол қарынша мен оң жүрекшені
жалғастыратын қан тамырларының диаметрі осы жолдың ұзына
бойына бірдей болса, қан қысымы бірте-бірте төмендеген болар
еді. Оны пейзометрмен тəжірибе жасап көрсетуге болады (28-су-
рет). Диаметрі өзгермейтін құбырға тік түтікшелерді тізбектей
жалғастырса, қысым көзінен алшақтаған сайын олардағы қысым
деңгейі біртіндеп төмендейтінін байқаймыз (сұйық деңгейіне
көңіл аударыңыз). Ал осы аспаптағы тік түтікшелерді диаметрі
əртүрлі құбырлармен жалғастырғанда, тізбектегі құбыр тарылған
жерлерде қысымның күрт төмендемейтінін байқауға болады. Қан
айналым жүйесінде кедергі артериолалар мен капиллярларда өте
жоғары, сондықтан тамырдың бұл бөлімдерінде қысым көбірек
төмендейді. Қан тамырлары жүйесіндегі жалпы қысымды 100
пайыз деп есептесек, оның шамамен 20 пайызы артериялар, 10
93
пайызы - веналар, ал қалған 70 пайызы артериолалар мен капил-
лярлар бөлімінің үлесіне тиеді.
Қан қозғалымына əсер ететін факторларды мына төмендегі
теңдеумен бейнелеуге болар еді.
Q=(Р,– Р
2
):R
Осы теңдеу бүкіл денедегі қан айналым мөлшерін ғана
емес, сонымен қатар жеке органдардың қанмен қамтамасыз еті-
лу дəрежесін де анықтауға мүмкіндік береді. Бұл теңдеуден ар-
терия мен вена тамырларындағы қысым айырмасы (Р
1
– Р
2
)
неғұрлым көп жəне қан ағынына кедергі (R) неғұрлым аз бол-
са, белгілі бір уақыт ішінде қан тамырлары арнасынан өтетін
қан мөлшері соғұрлым мол болатынын байқауға болады. Демек,
қан айналымның үлкен шеңбері арқылы бір минут ішінде өтетін
қанның мөлшері қолқа мен қуыс веналардағы қан қысымының
айырмасы мен тамырлар жүйесіндегі жалпы кедергі мөлшеріне
тəуелді. Ал органдар арқылы өтетін қанның мөлшері болса,
ол осы органдағы артерия мен веналардағы қысым айырмасы
мен оның тамырларындағы қан ағысына кедергінің мөлшеріне
байланысты.
Кедергі (R) мөлшері қанның тұтқырлығына, қан тамырының
ұзындығы мен диаметріне қарай өзгереді. Тамырдағы гидроди-
намикалық қысым Пуазейль (француз физигі жəне физиологы)
теңдеуімен анықталады:
R=(Р
1
– Р
2
):Q = 8ηl /r
4
Мұнда: η - тұтқырлық (пуаз өлшемі);
8 - пропорциональдық коэффициент; l - тамырдың ұзындығы; r -
та мырдың радиусы.
Бұл теңдеуден қан тамырлары ұзын, қан тұтқырлығы жоғары,
тамыр арнасы тар болса, гидродинамикалық қысымның соғұрлым
жоғары болатыны сезіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |