Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет172/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   210
9.4 Мəтіндік файлдармен жұмыс істеу
Мəтіндік файлдар символдардан құралған қатарлардан, яғни жолдардан тұрады, əрбір қатардың соңына оның аяқталғанын белгілеп отыратын шартты белгі (CR) қойылады. Əрбір файл оның соңын білдіретін арнайы символмен аяқталады. Мəтіндік файлдар стандартты TEXT түйінді сөзімен сипатталады жəне олардың компоненттерін тек бірінен кейін бірін тізбектей отырып қана оқуға болады. Мұндай файлдармен жұмыс істеу кезінде ар-найы қосымша процедуралар мен функцияларды пайдаланлады.
Айта кететін бір жайт, мəтін түріндегі файлға не файлдық құрылғыларға түсетін символдар тізбегі енгізілгенде жолдар


279

соңында міндетті түрде орналасатын CR – carrіage return шартты белгісі «енгізу» ( ) пернесін басу арқылы қойылады, ал мəтін толық теріліп біткенде, оның ең соңына Ctrl+Z қос пернесін басу арқылы «файл соңы» белгісі – EOF орналасуы тиіс. Сонымен, файл компоненттері (сандар, сөздер) бір-бірінен «бос орын» не-месе CR арқылы бөлініп жазылып, олардың ең соңында CTRL+Z шартты белгісі міндетті түрде қойылады.
Мəтіндік файлдардағы мəліметтер тек тізбекті түрде ғана алы-нады. Олармен əр түрлі мəтіндік редакторлар жұмыс істей алады. Мəтіндік файлдардың типі – стандартты TEXT типі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет