Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет82/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   257
Графтар теориясынан ақпаратты қорғау жүйесін зерттеу 
үшін Петри желілері аппаратын қолдану өте ыңғайлы болады. 
Петри желілері түйіндеріндегі шарттарды басқару, бұзушының 
қорғаудан өту үдерісін модельдеуге мүмкіндік береді. Петри 
желілері аппараты ақпаратты қорғау құралдарының тиімділігін 
зерттеу үдерісін тұжырымдауға көмектеседі.
Формалды-эвристикалық əдістерге қатаң математикалық, 
логикалық қатынастарға негізделмей, білімі жəне сезу қабілеті 
бар адам тəжірибесіне сүйенген оңтайлы шешімдерді іздеу 
əдістері жатады. Алынған шешімдер онша оңтайлы болмауы 
мүмкін, бірақ олар эвристикалық əдістерсіз алынған шешімдердің 
ең жақсысы болады.
Эвристикалық əдістердің ішінен ең көп таралғаны лаби-
ринттік жəне тұжырымдамалық əдістер болып табылады. Лаби-
ринттік модельге сəйкес есеп шешудің мүмкін жолдарының 
лабиринті түрінде көрсетіледі. Лабиринттен келешегі жоқ жол-
дарды тез кесіп тастауға адамның қабілеті бар деп ұйғарылады. 


108
Нəтижесінде, қалған жолдардың ішінен қойылған есептің ше-
шуіне апаратын ең жоғары ықтималдықты жол табылады. 
Тұжырымдамалық əдісте тұжырымдамалармен амалдар орын-
далады деп есептеледі. Тұжырымдамалар (концепталар) деп құ-
ры лымданған элементтер мен олардың арасындағы байланысты 
түсінеміз. Тұжырымдамалық (концептуалдық) əдіске сəйкес 
концепт жиыны əмбебап жəне оған адамның есептеу, өзгерту 
жəне қатынастарды қалыптастыру тетіктері сəйкес келеді. 
Адам құрылымға оймен тəжірибе жүргізіп, лабиринттің телімін 
шектейді, мұнда шешімді табу қиын болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет