Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Сурет 11.2 - Терінің топографиялық бөліктері



Pdf көрінісі
бет403/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   417
Сурет 11.2 - Терінің топографиялық бөліктері 
а - мүйізді ірі малдың терісі; б- жылқы терісі, штрихпен белгіленген ең қалың 
тығыз жері жая - «Шпигель»; в - тиін терісі 
263 


 
Сурет 11.3 - Түк қалташығы мен жүн қалташығының үзынынан қиғандағы 
көрінісі 
А-шаш (жүн талшығы); Б - түк қалташығы; 1- кутикула немесе сырт 
қабаты; 2 - қабыршақ қабат; 3- жүрекше (ортаңғы қабат); 
4 - түк қалташыгының ішкі қабаты; 5- түк қалташыгының сыртқы қабаты; 6- 
түктің бүршігі; 7- түк тамырының ішкі жағы; 
8- түк тамырының сыртқы жағы. 
 
Сурет 11.4. Аң терісіндегі жүн талшығының түрлері 
а- сезуші; ә- бағыттаушы; б-қылшық; в- аралықтық; г-түбіт 
264 


Жүннің әр талшығы үзына бойында үш бөліктен түрады:
 
1)  қылтық  немесе  сыртқы  бөлік,  2)  түбір  немесе  қылтықтың  түк 
қалташасындағы  жалғасы  және  3)  тамыр  -  түбірдің  жіңішкерген  бөлігі.  Ал 
жүн  талшықтарының  көлденеңінен  кесіп  қараса,  шеңберлі  орналасқан  үш 
қабатты  байқауға  болады:  сырт  қабаты  немесе  кутику-  ла,  қабыршақ  қабат 
және жүрекше (сурет -11.3)
 
Жүннің толық алмасуын түлеу дейді.
 
Жүннің  әр  талшығының  формасы  оның  жуандығы  мен  үзындығына 
және қылтығының бүйра түзулігіне байланысты.
 
Қылтықтың бүйра-түзуінің 6 түрі бар: тік, иілген сынық, толқынды, ирек 
және бүйра.
 
Аң терісінде жүн талшығының бес санаты бар: бағыттаушы, қылшықты, 
аралықтық, түбіт және сезуші. Ол төмендегі 11.4 - суретте көрсетілген.
 
11.2.  Шикізаттың қасиеттері және алдын ала өңдеу 
Шикізаттың  былгары мен  тері  жасауға жарамдылыгын анықтайтын 
маңызды қасиеттері. Терінің сапасы, яғни оның толық бағалы былғары мен 
терінің белгілі бір түрлерін шығаруға жарамдылығы және илеу тәсілдерінің 
ерекшеліктері терінің төмендегідей қасиеттерімен анықталады.
 
Терінің  қалыңдығы  былғарының  неге  жарайтынын  және  100  шар-  шы 
метр  былғары  шығару  үшін  қанша  шикізат  кететінін  анықтайды.  Терінің 
жамбасынан  мойынына  дейін  (үзына  бойына) және  жон  арқасының  етегіне 
дейін (көлденеңінен) кішіреюін тартылуы (ширау, жиырылуы) деп атайды.
 
Терінің  ауданы  оның  пішімділік  қасиеттерін  анықтайды.  Ауданы  20  дм 
дейінгі шикізат өңдеу тиімсіз деп саналады.
 
Түкті жабынды терілерінің ауданы әр түрлі болып келеді. Тері мас- сасы 
мүйізді  ірі  қара,  жылқы  және  басқа  жануарлар  терісінен  өндірістік  партия 
жасақтағанда  үлкен  рөл  атқарады.  Қой  мен  ешкі  терісі  ауданы-  на  қарай 
партияға  сүрыпталады.  Өнім  сапасына,  сондай-ақ  терісінің  тығыздығы, 
қыртыс қабатының қалыңдығы, жүнді жабынының даму дәрежесі, тері асты 
шел  қабатының  қалыңдығы,  өзеңдегі  емізікше  мен  торлы  қабаттардың 
арақатынасы,  терінің  химиялық  қүрамы,  кемістік-  ақаулары,  түкті 
жабынның  сипаты  да  әсер  етеді.  Шикізат  сапасына  төмендегідей  бірнеше 
фактор әсер етеді.
 
Жануарлардың  пайда  болуы  мен  өмір  жагдайлары.  Пайда  болу 
факторларына  түр,  түқым,  жыныс  пен  жануардың  жасы  жатады,  өмір 
жағдайына климат, күту мен азықтандыру кіреді.
 
Аң терісінің кейбір түрлері (тиін, түлкі терісі) үлысына қарай жіктеледі. 
Яғни,  аң  терісі  қай  өлкеде  өндірілгені  есепке  алынады.  Оны  «кряж»  деп 
атайды.
 
265 


Сою  уақыты  мен  тәсілдері.  Күзде  және  ерте  қыста  сойылған  малдың 
терісі  қүнды  деп  есептеледі.  Алу  тегіне  қарай  тері  сойылған және  атылған 
деп ажыратылады.
 
Теріні  сыпыру  (іреу)  жылдам  жүргені  дүрыс.  Сыпыру  кезінде  теріге, 
майға,  пышақ  тимеуге  тиіс,  оны  теспей  алу  керек.  Былғары  шикізатын 
сыпыру  жалпағынан  (ақ  жолақ  бойымен  тілу,  яғни  төстің,  қарынның  және 
шеткі  мүшелердің  ортасын  ала)  және  бүйірден  тілу  әдісімен  жүзеге 
асырылады.
 
Ықшамдау  және  майсыздандыру.  Теріні  сыпырғаннан  кейін  оны 
ықшамдау  үшін  жабысқан  жүннен,  қоқыстан,  ет,  май  кесінділерінен, 
шеміршек  қалдығынан,  сүйектен,  жыныс  сіңірлерінен  түяқтан  та-  зартады. 
Аң  терілерін  майсыздандырудың  маңызы  зор,  себебі  теріні  сақтаған  кезде 
сапасын  нашарлатып  жіберуі  мүмкін.  Үлбір  терілерін  майсыздандыру 
механикалық  жолмен  немесе  химиялық  ерітінділер  қолдану  арқылы  іске 
асырылады.  Кейінгі  жағдайда  әлсіз  сілті  ерітіндісі,  жуғыш  заттар, 
эмульгаторлар, техникалық ерітікіштер қолданылады.
 
Шикізатты  консервілеу.  Малдың  жаңа  ғана  сыпырылған  терісін  «жас 
тері»  деп  атайды.  Малды  сойған  сәттен  бастап  жас  тері  бактериялық  және 
ферментативтік  процестердің  әсерінен  өзгеріске  үшырай  бастайды.  Бүлар 
беткі  қабатының  сілекейленуі,  «бахтарма»  түсінің  өзгеруі,  сасыған  иіс, 
жүннің түсуі, т.б. белгілері арқылы білінеді. Теріні консервілеудің мақсаты - 
бактериалар дамуының алдын алу. Ол үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. 
Консервілеу  түрлері:  мүздату,  қүрғату,  ылғалды  түздау,  түздай  қүрғату, 
сәулелендіру.
 
Былғарыны өндіру үрдістері 11.5-суретте көрсетілген.
 
Былғары және тері шикізатының сапасын бағалау және сұрыптау. 
Шикізат стандарты. Былғары мен тері өндірісінде шикізатты қабылдау 
және  оны  сорттау  мемлекеттік  стандарт  (МЕСТ)  негізінде  жүргізіледі. 
Мемлекеттік стандартта тері шикізатын даярлау, оны былғары зауыттарына 
өткізу,  шикізаттың  топтастырылуы,  оның  сапа-  сы  мен  сыртқы  түріне 
қойылатын  талаптар,  қабылдау  ережелері  мен  шарттары,  салмағы,  ауданы 
және сүрыпталуы белгіленеді.
 
Қой, ешкі және шошқа терілерін ауданы бойынша, одан басқа терілердің 
салмағы  бойынша  қабылдайды.  Былғары  өндірісінің  шикізаты  төрт  топқа 
бөлінеді:
 
1- 
ші 
топқа  бүзау  терісі  (салмағына  қарай),  қүлын  терісі  5  кг-ға 
дейін,  қой  мен  ешкі  терілері  ауданы  30-70  дм
2
  аралығындағы  және  шошқа 
терісі;
 
2- 
ші 
топқа отқа  ілінген  бүзау,  бота,  тайлақ,  ат  есек  (салмағы  10 
кг дейін), шошқа терісі (ауданы 70-120дм^), шошқа бөксесі (ауданы 30-50
 
дм^);
 
266 


3- 
ші 
топқа  мүйізді  ірі  қараның  терісі,  ат,  түйе,  есек,  бұғы,  буй- 
вол, қодас (салмағы 10-17 кг), жылқының сауыр және қол терісі, түйе терісі, 
шошқа терісі (120-200 дм
2
), шошқа бөксесі (ауданы 50 дм
2
 артық);
 
4- 
ші 
топқа мүйізді ірі қараның, ат түйе, есек, буйвол, бұғы, қодас 
(салмағы  17  кг  жоғары),  шошқа  терісі  (ауданы  200  дм^  жоғары)  жа-  тады. 
Сапасына байланысты шикізат  4 сортқа бөлінеді (I, II, III, IV). Шикізаттың 
сорты  кемістік-ақаулардың  болуына  және  олардың  қай  жерде  орналасуына 
байланысты.
 
Стандартта және де шикізаттың сыртқы түрі, сапасы, өндірістік партияға 
жасақталуы,  салмағының  кемуін  (усол)  анықтау,  ауданы  консервілеу  әдісі, 
бактериялық күйі, қалыңдығы, қой терісіндегі май ескеріледі.
 
Тері  өндірісінің  шикізаттарын  әр  түріне  немесе  түрлер  тобына  жасаған 
стандарттар  бойынша  сорттайды.  Тері  өндірісі  шикізатына  арналған 
стандарт  мынадай бөлімдерден тұрады:  «Анықталуы», «Топ-  тастырылуы», 
«Техникалық шарттары», «Стандартты емес терілер», «Маркілеу және буып-
түю».
 
Көлеміне  қарай  түкті  жабынды  терілер  үлкен,  орташа,  және  кіші  деп 
бөлінеді.  Қыста  ұсталған  аң  терілерінің  жүні  қалың,  өсік,  және  са-  палы 
болғандықтан,  олар  көбінесе  I  сортқа,  ал  күздің  аяғында  немесе  қыстың 
басында  ұстаған  аң  терілері  негізінен  II  сортқа  бағаланады.  Жүні  біркелкі 
емес, сирек және қысқа жүнді аң терілерін сорттамай- ды, оларды стандартқа 
жатпайды деп бөледі. Ондатр және ақ түлкі терілерін III сортқа бөлгенде, I 
сорттағы  терілердің  бағасы  100  %,  II  сорт  75-80  %  және  III  сортты  50% 
есептеледі.
 
Ал,  жылдың  қай  мезгілінде  болса  да  алына  беретін  барыс,  қасқыр, 
қабылан, аю, сілеусін, шибөрі терілерінің I сорты 100%, II сорты 75% және 
III сорты 50 %, IV сорты 25 % бағаланады. Кейбір аса  бағалы аң терілерін 
(кәмшат, бұлғын) екі сортқа ғана бөледі: I сортты терілердің бағасы 100%, II 
сортты 80 % есептеледі.
 
Аң  терілерін  сорттан  басқа,  олардың  жүнінің  және  тері  тканінің  са- 
пасына байланысты былайша бөледі: ақуызсыз, ақуызы аз, орташа, көп және 
сапасыз (стандартқа жатпайтын терілер). Стандартта шикізаттың әр түрінің 
ақаулық нормасы бар. Ақауы бар терілердің бағасы төменде көрсетілгендей 
кемиді:  ақауы  аз  10  %,  орташасы  25%  және  ақауы  көп  терінің  құны  50% 
кемиді, сапасыз терілердің құны ақауы жоқ тері бағасының 25% аспайды.
 
Шикізат  ақаулары  мен  сапалылыгын  бағалау.  Шикізат  ақаулары  деп 
оның  бағасын  түсіретін  кемістіктерді  айтады.  Бұл  кемістіктердің  неден 
болғанын анықтап, оны болдырмау жолдарын білгеннің үлкен маңызы бар. 
Шикізаттың барлық түрінде кездесетін жалпы ақаулар
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет