Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


13. Туынды үстеулердің морфемалық құрамы мен



Pdf көрінісі
бет73/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
147
13. Туынды үстеулердің морфемалық құрамы мен 
мағынасы 
Əдебиеттер:
1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық 
сипаты. - Алматы, 1998.
2. Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002.
3. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. 
- Алматы, 2007.
4. Төлеуов Ə. Сөз таптары. - Алматы, 1982.
5. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. - Алматы, 1991.
14. Демеулік шылаулардың мағынасы мен қолданылу 
ерек шеліктері
Əдебиеттер:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы, 1999.
2. Қазақ тілінің грамматикасы. - Алматы, 1967.
3. Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002.
4. Молғаждаров Қ. Шылау сөз табының қалыптасу тарихы.
- Көкшетау, 2002.
5. Төлеуов Ə. Сөз таптары. - Алматы, 1982.
15. Модаль сөз жəне модальдылық мағына
Əдебиеттер:
1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық 
сипаты. - Алматы, 1998.
2. Қазақ тілінің грамматикасы. - Алматы, 1967.
3. Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002.
4. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. 
- Алматы, 2007.


148
Тест тапсырмалары
1. Грамматикалық ұғымдарға жататын тілдік бірліктер:
А) дыбыс, сөз, сөйлем
Ə) мағына, морфема
Б) буын, екпін
В) грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамма-
тикалық категория
Г) грамматикалық тəсіл, сөзжасамдық мағына
2. Грамматикалық мағынаның түрлері:
А) тура мағына, ауыспалы мағына
Ə) нақты мағына, жалпы мағына
Б) жалпы мағына, категориялық мағына, қатыстық мағына
В) лексикалық мағына, сөзжасамдық мағына
Г) синтаксистік шартты мағына, фразеологиялық байлаулы 
мағына
3. Сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы нəтижесінде 
пайда болатын грамматикалық мағына.
А) қатыстық грамматикалық мағына
Ə) сөзжасамдық мағына
Б) фразеологиялық мағына
В) категориялық грамматикалық мағына
Г) жалпы грамматикалық мағына
4. Тілдердің өзге жүйесінен қазақ тілін ерекшелеп, даралап 
көрсететін зат есімнің семантикалық тобы.
А) адамзат, ғаламзат есімі В) негізгі зат есімдер
Ə) деректі, дерексіз зат есім Г) туынды зат есімдер
Б) жалпы, жалқы есімдер
5. Бір-біріне ұқсас нəрселер мен құбылыстардың, жан-жануар-
лардың ортақ атауы ретінде жұмсалатын зат есімдер.
А) деректі зат есім В) ғаламзат есімі
Ə) көмекші есім Г) дерексіз зат есім
Б) жалпы есім
6. Зат есімдердің кеңістік ұғымын білдіретін сөздер тобы.
А) шылау В) септік жалғау
Ə) көмекші есім Г) көптік жалғау
Б) көмекші етістік


149
7. Көмекші есімді тіркесті көрсетіңіз.
А) кешке қарай В) таудың басы
Ə) жиналыстан соң Г) басынан сипау
Б) сабаққа дейін
8. Зат есімнің көлбеу (горизонталь) бағыттағы кеңістік қатына-
сын білдіретін қатарды анықтаңыз.
А) судың беті В) судың түбі
Ə) ауыл маңы Г) таудың төбесі
Б) үстелдің асты
9. Зат есімнің тік (вертикаль) бағыттағы кеңістік қатынасын 
білдіретін қатарды анықтаңыз.
А) үйдің алды В) судың түбі
Ə) алдынан шығу Г) қаланың маңы
Б) ауылдың жаны
10. Зат есімнің көлемдік кеңістік қатынасын білдіретін 
көмекші сөзі бар қатарды табыңыз.
А) ел арасы В) судың түбі
Ə) есіктің алды Г) үйдің жаны
Б) өзеннің бойы
11. Сын есімнің семантикалық тобы
А) негізгі сын есім В) шырай категориясы
Ə) күрделі сын есім Г) туынды сын есім
Б) қатыстық сын есім
12. Басқа сөз таптарының сын есімге ауысу құбылысы
А) субстантивтену В) адъективтену
Ə) адвербиалдану Г) вербалдану
Б) прономиналдану
13. Күрделі адъективтерді көрсетіңіз. 
А) сүзеген В) көкшіл
Ə) безбүйрек Г) аппақ
Б) ұшқыр
14. Сан есімнің заттың нақты санын жəне абстракті сандық 
ұғымды білдіретін мағыналық тобы
А) реттік В) бөлшектік


150
Ə) есептік Г) болжалдық
Б) жинақтау
15. Сан есімнің анықтауыш қызметін атқармайтын мағыналық 
тобы
А) есептік В) болжалдық
Ə) реттік Г) негізгі
Б) жинақтық
16. Заттық мағыналы есімдіктерді көрсетіңіз. 
А) бірнеше В) ешқашан
Ə) əлдеқашан Г) ешқайда
Б) əркім
17. Есімдіктердің аралық катынасты көрсететін мағыналық тобы
А) жіктеу есімдігі В) болымсыздық есімдігі
Ə) сұрау есімдігі Г) сілтеу есімдігі
Б) белгісіздік есімдігі
18. Етістіктің лексика-грамматикалық категориясы 
А) болымды-болымсыздық категориясы
Ə) рай категориясы
Б) шақ категориясы
Г) көсемше
9. Етістіктің таза грамматикалық категориясы
А) шақ категориясы
Ə) салт-сабақтылық категориясы
Б) етіс категориясы
В) болымды-болымсыздық категориясы
Г) амалдың өту сипаты категориясы
20. Етістіктің грамматикалық категорияларына жатпайтын ерек-
ше түрі
А) жақ В) рай 
Ə) болымды-болымсыздық Г) шақ
Б) қимыл есімі
21. Етістіктің іс-əрекеттің субъекті мен нысан арасындағы 
əртүрлі қатынасын білдіретін грамматикалық категориясы
А) рай категориясы Ə) етіс категориясы


151
Б) шақ категориясы
В) жақ категориясы
Г) болымды-болымсыздық категория
22. Сөйлеушінің қимыл, іс-əрекетке көзқарасын, қимылдың 
шындыққа, болмысқа қатысын білдіретін етістіктің грамматикалық 
категориясы
А) етіс В) рай
Ə) есімше Г) салт-сабақтылық
Б) жақ
23. Болымсыз етістік тұлғасындағы сөзді көрсетіңіз.
А) келдің бе? В) ешнəрсе
Ə) айтпады Г) ештеңе
Б) жазды ма?
24. Бұйрық рай тұлғасындағы етістікті көрсетіңіз.
А) баласын В) жазса
Ə) өзімсін Г) айтсын
Б) білгішсін
25. Қалау рай тұлғасындағы етістікті көрсетіңіз.
А) оқыды В) оқып отыр
Ə) оқығысы келеді Г) оқыған еді
Б) оқыса
26. Жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікті көрсетіңіз.
А) жазған В) жазды
Ə) жазыпты Г) жазған екен
Б) жазады
27. Бұрынғы өткен шақ тұлғасындағы етістікті көрсетіңіз.
А) қатысыпты В) қатыспақшы
Ə) қатысты Г) қатыспайды
Б) қатысады
28. Тұлғалық, мағыналық жағынан тиянақсыз болып, өзінен 
кейін тиянақтаушы етістікті қажет ететін етістіктің түрі
А) қимыл есімі В) шартты рай
Ə) есімше Г) қалау рай
Б) көсемше


152
29. Грамматикалық даму нəтижесінде бастапқы лексикалық 
мағы насынан айрылып, грамматикалық қызметке көшкен етістіктер
А) көсемше В) көмекші етістік
Ə) есімше Г) аналитикалық формант
Б) қимыл есімі
30. Қосымша мен көмекші етістіктің бірлігінен тұратын күрделі 
морфологиялық көрсеткіш
А) көмекші етістік В) форма тудырушы жұрнақ
Ə) күрделі етістік Г) негізгі етістік
Б) аналитикалық формант
31. Күрделі етістікті көрсетіңіз.
А) алып кел В) бара жатыр
Ə) ала бер Г) барушы болма
Б) ала сал
32. Аналитикалық формалы етістікті көрсетіңіз.
А) біліп келді В) айтқалы тұр
Ə) келіп кетті Г) алып бар
Б) сұрап ал
33. Қимылдың, іс-əрекеттің түрлі белгісін білдіретін сөз табы
А) етістік В) зат есім
Ə) үстеу Г) есімдік
Б) сын есім
34. Септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеуді 
көр сетіңіз
А) бүгінше Б) қапыда
Ə) бірталай Г) соншалық
В) сонша
35. Еліктеу сөздерге қатысты қолданылатын ұғым
А) заттану В) адвербиал
Ə) адъективтену Г) вербалдану
Б) мимема
36. Еліктеу сөздерді одағайдың ішінде қарастырған ғалым
А) А. Байтұрсынов В) Ə. Төлеуов
Ə) Қ. Жұбанов Г) Н. Оралбай
Б) А. Ысқақов


153
37. Есту қабілеті арқылы пайда болатын түсінік аттарымен бай-
ланысты сөздер
А) одағай сөз В) модаль сөздер
Ə) еліктеуіш сөздер Г) шылау
Б) бейнелеуіш сөздер
38. Табиғатта кездесетін белгілі бір елес, құбылыстарды көзбен 
көру қабілетіне байланысты пайда болатын сөздер
А) көмекші сөздер В) бейнелеуіш сөздер
Ə) модаль сөздер Г) одағай сөздер
Б) еліктеуіш сөздер
39. Толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, 
сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын немесе белгілі бір сөздердің 
жетегінде тұрып, оған əртүрлі грамматикалық мағына үстейтін 
көмекші сөздер
А) жалғау В) морфема
Ə) жұрнақ Г) одағай
Б) шылау
40. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді түрлі мағыналық 
қатынаста байланыстыратын көмекші сөздер тобы
А) көмекші есім В) демеулік шылау
Ə) көмекші етістік Г) септеулік шылау
Б) жалғаулық шылау
41. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра байланыс-
тыратын көмекші сөздер тобы
А) септік жалғау В) демеулік шылау
Ə) септеулік шылау Г) жалғаулық шылау
Б) көптік жалғау
42. Өзі шылауында тұрған сөздерге түрлі грамматикалық мағына 
үстейтін көмекші сөздер тобы
А) септеулік шылау В) көмекші есім
Ə) демеулік шылау Г) жалғау
Б) жалғаулық шылау
43. Шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен айтылатын 
сөздер
А) көңіл-күй одағайлары Ə) тұрмыс-салт одағайлары


154
Б) императивтік ишара одағайлары Г) еліктеу сөздер
В) бейтарап сөздер
44. Амандасу, қоштасу, т.б. қарым-қатынасқа қатысты қол-
данылатын сөздер
А) тұрмыс-салт одағайлары В) бейнелеуіш сөздер
Ə) императивтік ишара одағайлары Г) көмекші сөздер
Б) күрделі одағайлар
45. Сөйлеуші субъектінің айтылған ойдың шындыққа сəйкестігі 
жөніндегі көзқарасын білдіретін сөздер
А) оқшау сөз В) одағай сөз
Ə) еліктеуіш сөз Г) көмекші сөз
Б) модаль сөз
46. Болжал мəнді модаль сөзді көрсетіңіз.
А) Оны білуі тиіс В) Алыстан бір қара көрінеді
Ə) Əрине, ол келіседі Г) Түсінетін сияқты
Б) Айтқаны дұрыс
47. Міндеттілік мəнді модаль сөзді көрсетіңіз.
А) білуі қажет В) келсе екен
Ə) көрсе керек Г) көрген деседі
Б) сыңайы жақсы
48. Қостау, растау мəнді модаль сөзді көрсетіңіз.
А) айтқан шығар В) рас, айтқан жоқ
Ə) айтқан тəрізді Г) айтатын шығар
Б) айтуы мүмкін
49. Тілек, қалау мəнді модаль сөзді көрсетіңіз.
А) оқуы тиіс В) оқыған шығар
Ə) оқыса екен Г) оқымапты
Б) оқыған тəрізді
50. Күдік, күмəн мəнді модаль сөзді көрсетіңіз.
А) барған жоқ В) барған сыңайлы
Ə) барғаны жөн Г) барғаны рас
Б) бармаса неғылсын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет