Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


кесте. Әртүрлі созылмалы бейэпидемиялық аурулардың қалыптасуына денсаулыққа қатерлі себептердің қосатын үлесі (% есептегенде )



бет92/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
29 кесте. Әртүрлі созылмалы бейэпидемиялық аурулардың қалыптасуына денсаулыққа қатерлі себептердің қосатын үлесі (% есептегенде ).


Аурулар, қайғылы оқиғалар, өзіне қол салу

Қатерлі себептер

өмір сүру салтының денсаулыққа жайсыз себептері

Генетика

лық себептер



Сыртқы ортаның ластануы

денсаулық сақтау жүйесінің кемшіліктері

Бауыр циррозы

70

18

9

3

Жүрек ишемиясы ауруы

65

17

13

5

Көлік жарақаттары

65

3


27

5

Ми қан тамырларының зақымдануы

60

18

12

10

өзге қайғылы оқиғалар

55

5

30

10

өзіне қол салу

55

25

15

5

Онкологиялық аурулар

45

26

19

10

өзге жүрек-қан тамыры аурулары

40

35

17

8

Қант диабеті

35

53

2

10

өкпе эмфиземасы мен демікпе

35

15

40

10

Пневмония

19

18

43

20

Туа біткен кемістіктер

39

19

30

12


Барлық негізгі созылмалы бейэпидемиялық аурулардың және көлік жарақаттарының туындауына алып келетін негізгі себептер өмір сүру салтының денсаулыққа жайсыз әсер ететін себептері екендігі айқын көрініп тұр. Олардың үлес салмағы әсіресе бауыр циррозының (70 %). Жүрек ишемиясы ауруының (65 %), көлік жарақаттарының (65 %) ми қан тамырларының зақымдануының (60 %), өзге қайғылы оқиғалар мен өзіне қол салу оқиғаларының (55 % -дан) қалыптасуында өте жоғары және 55 % - дан 70 % - ға дейін жатады. Бұл себептердің онкологиялық аурулардың, қант диабетінің, өкпе эмфиземасы мен демікпенің қалыптасуында да (35-40 %) алатын үлес салмағын аз деп айтуға болмайды. өкпе рагының қалыптасуында темекі тарту оқиғаларының қосатын үлесі 70-90 % дейін жететіндігін көрсеткен ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері де аз емес. Аурулардың қалыптасуында генетикалық себептердің алатын орны да жоғары. Әсіресе қант диабетінің (53 % ), жүрек қан тамыры аурулары мен қант диабетінің(35 %), рак ауруларының (26 %), өзіне қол салу оқиғаларының (25% ), жүрек ишемиясы, ми қан тамырларының зақымдануы, пневмония мен цирроз ауруларының (17-18 %) дамуына алып келетін себептердің ішінде генетикалық қауіптіліктің үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Жеке онкологиялық аурулардың қалыптасуында генетикалық себептердің атқаратын ролі 100 % - ға дейін жетеді.

Соңғы жылдары жер беті тұрғындарының денсаулығына аса үлкен қатер төндіріп отырған себептердің қатарына қоршаған сыртқы ортаның әртүрлі химиялық поллютанттармен ластануы, климаттың өзгеруі жатқызылуда. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері экологиясы бұзылған аумақ тұрғындарының созылмалы ауруларының жоғары деңгейде қалыптасуына (60-80 %) қоршаған ортаны ластаушы ауыр металлдар мен улы химиялық заттардың кінәлі екендігін дәлелдеп отыр. Ондай экологиясы бұзылған аумақтар қатарында Жамбыл-Қаратау фосфор биогеохимиялық провинциясы, Арал өзенінің тартылуынан қалыптасқан экологиялық бұзылыс аумағы, Шымкент, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды сияқты өндірісі дамыған қалалардағы биогеохимиялық жағдайларды жатқызуға болады. Сыртқы ортаның ластануы әсіресе өкпе эмфиземасы мен демікпе ауруының (40 %), пневмония ауруының (43% ), балалардың туа біткен кемістіктерінің (27-35 %), оның ішінде жүректің, мидың, бүйректің және өзге маңызды органдардың кемістіктерінің қалыптасуына ерекше үлесін қосады (30 %).

Отандық ғалымдардың пайымдауынша, денсаулықтың қалыптасуына үлес қосатын негізгі себептердің қатерлілік қуаты олардың өмір сүру ортасындағы таралу деңгейіне және қалыпты шамалардан қаншама жоғары екендігіне тікелей байланысты. Әрбір қатерлі себептің таралу деңгейіне қоғамның, жеке адамдардың, мемлекеттік саясаттың тигізетін өзіндік әсері бар. Сондықтан қоғамдық денсаулықты мемлекетте қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, экологиялық-гигиеналық, медициналық-биологиялық жағдайлардан бөлектей отырып қарастыруға болмайды.

Осы қағиданы шет елдердің белді ғалымдары да мақұлдайды. Америка Құрама Штаттарында денсаулыққа қауіпті өмір сүру салты себептерінің қатарына темекі тарту, алкогольдік ішімдікке салыну, үйлесімді тамақтанбау, дистресстер, зиянды еңбек ету жағдайы, гиподинамия, төмен физикалық белсенділік, наркотиктер қабылдау және дәрі-дәрмектерді шамадан тыс қолдану, отбасындағы және қызмет орнындағы жайсыз арақатынас, төмен деңгейдегі білім мен мәдениетсіздік сияқты себептер жатқызылады.

Өмір сүру салты бірінші кезекте адамдардың әдеттерімен, олардың психологиялық ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Сондықтан бұл себептерді де жан-жақты зерттеу, адамдардың психологиялық ұстанымдарын салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға дұрыс пайдаланудың тиімділігі өте үлкен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет