Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


ПАРАЗИТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ



бет93/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   174

ПАРАЗИТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ


Зоология ғылымының паразитті құрттарды зерттейтін саласы - гельминтология деп аталады. Паразитті құрттар арқылы адам, жануарлар мен өсімдіктер организмінде пайда болатын аурулар - іш-құрт немесе гельминтоз ауруы деп аталады. Сорғыш құрттардың салдарынан - трематодоз, таспа құрттардан - цестодоз, жұмыр құрттардан - нематодоз аурулары пайда болады. Осылардың ішінде әрбір түрдің тудыратын ауруы туыс атымен аталады. Мысалы: Fasciola hepatica - бауыр сорғыштың тудыратын ауруы - фасциолез; Echinococcus granulosus - эхинококкоз; Ascaris lumbricoides -


аскаридоз; Trichinella spiralis - трихинеллез, т.б.
Паразит деген ұғымның өзі гректің "para"- жанында, "sitos"- қоректену деген сөзінен шыққан. Ең алғаш паразитке түсінікті және оның тіршіліктегі басқа организмдерден ерекшелігін анықтап, зерттеген неміс ғалымы Рудольф Лейкарт (1879). Лейкарттың анықтамасы бойынша паразит дегеніміз - бұл бір организмнің екінші бір организмде тіршілік етіп және сол иесін қорек ретінде де, мекен ретінде де пайдаланатын жануар. Паразиттер өз иесінен кіші болады.
Паразитизм табиғатта өздігінен туа пайда болатын процесс емес. Тірі организмдердің бірімен-бірі тығыз байланысты тіршілік етуінен немесе селбесіп өзара қарым-қатынастық жасауынан, эволюциялық даму барысында өздері мекендейтін ортаның сан алуан әсерлеріне бейімделуден болатын процесс. Мысалы, судың ішіндегі (немесе теңіздің) өз бетінше тіршілік етіп жүрген балық пен майда құрттарды алатын болсақ, қандай бір жағдайлармен жаңағы құрт балық денесіне жабысты. Бұл жерде ол өзінің әдетте қоректенуі бойынша, майда жәндіктерді қармап қоректене береді. Бір мезгілде ол балық денесіндегі сілекейдің дәмін татып, енді сол сілекеймен қоректенеді. Сілекей

  • бұл нағыз дайын органикалық зат. Сондай-ақ балық денесі қандай да бір әрекеттермен жараланып, ол жерден шықкан қан құрттың аузына құйылады. Бұл қанмен қоректенген құрт оған да бейімделе бастайды. Енді, құрт осылай қоректенуге бейімделгенде, балық денесі жазылып, құрт өзінің әдеттенгендік қорегін іздеп, жорғалап балықтың желбезегіне келеді, оны жарақаттап, қанымен қоректенеді. Одан кейін құрт жұтқыншаққа, өңешке және тағы бір кезеңде ішекке өтеді. Міне осылай, құрт еркін тіршілік етуден, дайын қоректік затпен қоректеніп, өзінің иесін пайдаланып паразиттік тіршілік етуге көшеді. Паразитизмге өтуге көптеген басқа жолдар да бар.

Паразиттер өздерінің тіршілік ету циклында екі иені пайдаланады: негізгі және аралық. Денесінде паразит ересек түрінде дамитын (жыныстық жетілген кезеңінде) болса, онда жануарлар паразиттердің негізгі (тұрақты) иесі, ал личинкасы дамитын болса, ол аралық иесі. Бұлардан басқа екінші (қосымша) және резервуарлық иелері де болады. Мысалы, жалпақ таспа құрттың (Diphyllobothrium latum) негізгі иесі адам, аралығы - циклоп (шаянтәрізділер), екінші (қосымша) аралығы - балық.
Паразиттер факультативті (жалған) және облигатты (нағыз) болып бөлінеді. Мысалы, Aloinema туысына жататын құрттың кейбір түрлері бір себеппен жануардың ішегіне түскенде, онда өсіп, паразиттік тіршілікке көшеді, ал ішекке түспеген жағдайда олар топырақта еркін тіршілік ете алады. Сонымен бұл жерде паразитизм тек факультативті түрде болады.
Жоғарыда көрсетілген паразиттердің барлығы облигатты паразиттер. Солардың ішінде толық даму үшін аралық иені қажет ететін паразит құрттар

  • биогельминттер, ал топырақты қажет ететін - геогельминттер.

Гельминтоз аурулары адамдар, жануарлар, өсімдіктер үшін өте қауіпті. Сондықтан елімізде гельминтозға қарсы күрес жүргізу шаралары қолға алынған. Бұл салада атақты ғалым академик К. И. Скрябин және оның шәкірттері ғылымда және іс жүзінде пайдалануға болатын өте маңызды
нәтижелерге ие болды, гельминтоз ауруларына қарсы күрес жүргізудің көптеген шараларын ұсынып, аурудың алдын алу тәсілдерін белгілеп берген. К. И. Скрябиннің бастауымен жүргізіліп жүрген денсаулықты жақсартатын жоспарлы шаралар дұрыс жолға қойылған.
К. И. Скрябин 1905 жылы Юрьев қаласындағы мал дәрігерлік институтын бітірген соң еңбек жолын Шымкент пен Әулиеатада бастады (1905-1911 жылдары). Жамбыл қаласында К. И. Скрябин атындағы Қазақстанның алғаш өлкелік гельминтологиялық, лаборатория мен музей ашылған және мемориал тақтасы орнатылған.
К. И. Скрябиннің трематодтар, цестодтар, нематодтар туралы бірнеше томдық ғылыми еңбектері гельминтологияның дамуында маңызды рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет