Оқулықтың жаңа дәуірі «2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет»



бет1/2
Дата16.02.2022
өлшемі26,08 Kb.
#25628
түріОқулық
  1   2

Электронды оқулықтың жаңа дәуірі
«2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен»[1]. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз”- деп Елбасымыз айтып кеткендей, заманымыздың шапшаң жаһандануы әлемдік бәсекелестікті күшейтуде. Жастарымыздың шетелдік білім жүйесінен кем болмайтын өз еліміздің заман талабына сай оқыту үдерісіне айналуын қалайтыны айқын. Сол саналы ұрпақты сапалы біліммен сусындату әрбір ұстаздың басты міндетіне айналуы тиіс.

«Елбасы Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стартегиясы атты жолдауында «Білім реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі»[2] - деп атап көрсетті.»

Білім беру саласының ақпараттануы үдерісіне қойылатын талаптардың бірі – оқу үдерісінде электронды оқулықты тиімді пайдалану. Жалпы оқу үдерісінде электронды оқулықтар, есептер жинағы, энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау, анықтамалық жүйелер және басқа да ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыста. Себебі, қоғам талабы компьютер көмегіне қатты тәуелді болып қалды. ХХІ ғасыр бүкіл дүние жүзінің ақпараттық қоғамға айналуын, оның ішінде білім, ғылым, экономика және басқару салаларының ақпараттандыру құралдарымен біте қайнауын көрсетеді.

Оқушыларға білім беру үшін жаңа ақпараттық технологияларды меңгеріп, инновациялық әдістерді қолдану заман талабы болып отыр. Осы күнге дейінгі тек мұғалімнің айтқанын тыңдап, дәстүрлі оқулықтарды ғана пайдалану қазіргі заман ағымынан қалыс қалдырып, білім беру үдерісін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан, ақпараттандыру қоғамы құрылымы сапалы электронды оқулықты қолдануға алып келеді. Электронды оқулық оқу материалдарын ұтымды игерудің тиімді әдісі. Ол оқушы үшін дайын материал, яғни мектептегі оқыған жылдардың барлық тарауларын еске түсіре алатын, емтихан кезінде дайындалатын, әрқашан қолжетімді кешен.

Ал мұғалім үшін өз білімін одан әрі толықтыра алатын, оқушыға беретін мәліметтерін әрдайым жаңарта алатын ашық түрдегі әдістемелік жүйе.

Қазіргі кезде мұндай оқулықтың екі түрін айта аламыз. Оның біріншісі біршама өзгерістер енгізілген кәдімгі оқулықтың электронды нұсқасы. Онда оқулыққа енбеген, яғни тақырыпқа, тіпті қосымша ақпарат алуға қатысты сілтемелер кездеседі, суреттер үлкейтіліп, анық көрінеді.

Ал, екінші түрі- ол оқулықта үй жұмысын орындай алатындай, зертханалық жұмыстардың дұрыс нәтижелерін тексеретін бейнежазбалары бар, дыбыстық сүйемелденетін, тіпті қажет десе басқа тілдегі аудармасын да көрсете алатын мультимедиялар компонентінен тұратын толық оқыту кешені. Мұндай кешенді жергілікті желіге жалғау арқылы мұғалімнің оқушылардың қадамын бақылай алу және оларға топтық немесе жекелеген тапсырмаларды бере алу мүмкіндігі зор.

Электронды оқулық-бағдарлама болғандықтан оны компьютерге немесе ноутбукке ғана емес, планшетке тіпті смартфонға да көшіруге болады.

2018 жылы Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстелде орта білім берудің өзекті мәселелері қаралған болатын, онда Асхат Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым вице-министрі еді. Ол: «..басылып шығатын әрбір оқулықтың электронды нұсқасы ұсынылады. 2018 жылы 3, 6 және 8 сыныптардың оқулықтары міндетті түрде электронды түрімен толықтырылады. Атап айтқанда, ата-аналар QR-код арқылы планшетке немесе смартфонына оқулықты емін-еркін көшіріп алады» - деген болатын. Сонымен қатар, оқулықтың авторлары ретінде авторлық ұжымдар ғана болатынын, оның құрамына университет, мектеп мұғалімдері және әдіскерлер кіруі тиіс екенін айтты. Бұл қадам авторлық ұжымдарды қалыптастырудағы жаңа оқулықтарға оңтайлы әсер ететіні атап көрсетті.

Қазақстанда алғаш, сынама мен сараптамадан өткен «Алматы кітап», «Келешек-2030» баспаларының электрондық оқулықтары пилоттық жоба ретінде 2018-2019 оқу жылында қолданылып көрді. Ол уақытта электронды оқулықтарды жасау ақысы өте жоғары болып тұрғандықтан, түгелдей білім жүйесіне енгізу болашақтың еншісіне қалдырылған еді. Онымен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайының әртүрлілілігі, барлық отбасында әрбір оқушының оқулықты қолдана алатындай жеке смартфон, компьютер, планшет, ноутбук сияқты техникалық құрылғылары болмауына да келіп тірелген еді.

Электронды оқулықтардың көз ілеспес жылдамдықпен даму кезеңі, әлемге келген нәубеттің, атап айтқанда - COVID-19 пандемиясының цифрландыру саласына тигізген әсерінің тиімді нәтижесі болды.

2020 жылдың қай жағынан алсақ та, әлемдік өзгерістерге алып келгені баршаға аян. Оның ішінде білім беру саласындағы өзгерістер тіпті жетістіктер десек те болатын, онлайн оқу жүйесінің қалыптасуы арқылы электронды оқулықтың айтарлықтай жылдам дамып, қолжетімді болуы.

«Пандемия салдарынан еліміздің кейбір өңірлерінде, әсіресе ірі мегаполиске жақын орналасқан елді-мекендерде жаңа оқу жылына оқулықтың тапшылығы белең алды.

Бұл олқылықтың орнын толтыру мәселесі І-тоқсан ішінде шешілетінін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтқан болатын. Бір ай бойы оқулықсыз оқуға ата-аналар наразылығы туындап, түсініспеушілік орын алды. Алайда сол уақыт аралығында оқулықты сатып алудың негізсіз екенін түсіне бастады. Себебі, Білім министрлігінің сайтына оқулықтың электронды нұсқасы ендірілген еді. Ол жерден керегін алып, қажет болса көшіріп ауына да болатын мүмкіндік бар» [3].

Елімізге ғана емес әлемге келген нәубеттің білім саласының цифрлық форматын жедел дамытуы, еліміз үшін қашықтықтан білім беру үдерісіне қолданысқа еніп отырған отандық 8 онлайн платформаны алып келді.

Онымен қоса отандық телеарналардан да 1-11 сыныптар үшін пәндердің кейбірі аптасына 5 күн жүргізіледі.

Олардан бөлек, шетелдік WhatsApp, Telegram мессенджерлері, Zoom бейнеконференциясы, Microsoft Teams, Google Classroom платформалары қосымша қолданыста.

Осылардың барлығы да айтуға жағымды болғанмен сыр бергендері де болды.


  • Мысалы, оқудың алғашқы күні BilimLand онлайн платформалары қолданушылардың көптігінен істен шықты;

  • Zoom арқылы оқу кезінде байланысқа бөгде адам қосылып, қажетсіз бейнелерін көрсетуінің бірнеше дерегі тіркелді.

Қазіргі таңда оқушылар мен ата-аналардың аталған платформаларға қосыла алмауы өзекті болып қалуда. Оның ең басты себептерінің бірі интернет сапасының төмендігі болса, екінші мәселе оқушылардың платформаны қолдана алмауы болып тұр.

Еліміздің оқу үдерісінде қолдануға болатын келесідей платформаларды атап көрсетуге болады:

Online Mektep.org – BilimLand платформасы бойынша мектеп әкімшілігі аккаунты арқылы тіркеліп, оқушыларға және мұғалімдерге логин, кілтсөздер сол аккаунтқа беріледі. Ол жерде әрбір сынып бойынша пәндер тізімі келтірілген. Бұл платформада 42 пәннен 5700 сабақ пен 140 мыңнан астам тапсырма әзірленген. Мұнда сабақ оқу, үй тапсырмасын орындау, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысқа шығу, бейнеконференцияларға қосылу сынды функциялар бар.

Daryn.online. Мұнда сабақ таңдау, сабақ оқу және тапсырма орындау, видеотрансляция жасау деген функциялар кездеседі. Әрбір пәннің тақырыптары 2-10 минуттық бейнесабақтан, 10 тест сұрағынан, 3А, 2В, 1С деңгейлі тапсырмадан тұрады. Келесі тақырыпқа көшу үшін алдымен бейнесабақтарды көріп, 10 тест сұрағының кемінде 7-еуіне жауап беру шартын орындау керек.

Kundelik. Бұл электрондық журнал. Мұнда мұғалімдер баға қояды және оқушыларға тапсырма беріп, кері байланыс орната алады. Оқушылар үй тапсырмасын орындап, бағаларын көре алады.

Тағы бұдан басқа



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет