Шетелдік алпауыт!



Дата23.03.2022
өлшемі17,24 Kb.
#28565
Байланысты:
Шетелдік алпауыт. Айым Далабай



Шетелдік алпауыт!
Өлеңнің өзі аталып тұрғандай, Темірхан Медетбек өлең жолдарын шетелде тұрып, ел ісіне араласып жүрген бір азаматқа арнаған тәрізді. Ақынның жеткізгісі келген ойын өлең шумақтарын талдай отыра анықтап көрелік.

Несін жасырамыз!

Түңіліп тұрмыз.

Сонда да алдында

Желді күнгі ағаштай иіліп,

Бүгіліп тұрмыз,

Әлі піспеген бордай боп

Үгіліп тұрмыз.- бұл шумақта ақын халықтың атынан сөйлеп тұр. Желді күнде иіліп қалған ағаш пен әлі піспей, бүгілген борға теңеп, жайымызды несін жасырамыз дейді. Және де сөздің басын бұл хәлді несіне жасырамыз деп, өлеңде шетелдік алпауытқа қарсы сөзін айқындамақшы.

Ағаштай, бордай - теңеу
Сен болсаң

Желдеген құсап-

Танауың делиіп!-

Қарамайсың

Тек тұрмай

Жалаңды жағып

Қаралайсың.

Қорлап жатырсың!- ал мына бір шумақта, шетелдік алпауытты талдауы делиіп тұрған түйеге ұқсатып, ұқсатып қана қоймай ештеңеге қарамай еліме жала жауып, қаралап, қорлап тұрсың деген сөзге тұрақтап тұр.

Желдеген түйе –эпитет

Түйе құсап- теңеу
Барымды да,

Жанымды да

Алтайдан Атырауға дейін

Алып ау құрып

Торлап жатырсың.

Біреуіміз

Ауаға тұншығып

Жағада аласұрып жатқан

Балықтаймыз.

Біреуміз


Көлденең көсіліп жатқан

Қаралы табыттаймыз.- менің барым да, нарым да туған жерім. Осы жерімді, сонау Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даламды, ау құрып торлап жатырсың дейді.Сол аудың кесірінен біреуміз ауаға тұншыққан жағадағы балықпыз, ал екіншіміз көлденең жатқан табытаймыз дейді.

Алып ау-эпитет

Балықтаймыз, табыттаймыз-теңеу

Қазір елім

Алақапшық көтерген

Ала шапқын.

Сен болсаң

Сол момын елге де-

Жерімде тұрып,

Төрімде отырып-

Майлы қара күйедей

Жала жаптың.- бүгінде елім ала шапқын атанды. Сен болсаң сол момын елдің жерін де тұрып, төрінде отырып, өте үлкен жала жаптың деп шетелдік алпауытқа қарсы күйінішін білдіреді.

Момын ел-эпитет

Майлы қара күйдей-эпитет және теңеу


Бір тамшысын

Тамызбай


Балымды ішіп тұрсың.

Бір тамшысын

Ағызбай

Қанымды ішіп тұрсың.

Жерімді

Бүлдіріп бітірдің

Асымды ішіп

Аяғыма түкірдің.

Бетпе-бет кездесуге

Елден қашасың.

Кекірейіп

Кердең басасың.- дей отыра елдің балын да, қанын да ішіп, адал асқа ортақтассаң да, алғыстың орнына өзінше кердең баса кекірейіп жүретінін,бетпе-бет кездесуден қашатынын жазып өткен.


Басындың.

Ашындым!-соңғы тармақтарда Темірхан Медетбек шетелдіктің басынған, сол үшін өзінің ашынғанын жеткізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет