СЕМИНАР САБАҒЫ №1 Тақырып 1: «Педагогтың зерттеу этикасы мен мәдениеті - педагог-зерттеушінің кәсіби дамуының негізі»
Қарастыратын сұрақтар: Педагогтың зерттеу этикасы мен мәдениеті
Тапсырма 1: Педагогтың зерттеу этикасы мен мәдениеті жайлы әдебиеттермен танысып, оларды қарастырған авторлар және олардың берген анықтамаларын көрсетіп, кестені толтырыңыз.
Педагогтың зерттеу этикасы мен мәдениеті жайлы жұмыстар (оқулық, оқу құралы, монография, ғылыми мақала, диссертация, интернет ресурстары т.с.с.) атаулары (сілтемесі)
Педагог этикасы және қарым-қатынас мәдениеті: оқу құралы / Э.А.Орынбасарова/ Алматы: «Бастау», 2017.-216 бет.
Әдеп (этикет) - ол осы қоғамда немесе белгілі бір жағдайда жол берілетін және қабылданатын немесе, керісінше, жол берілмейтін, қабылданбайтын мінез-құлықты реттейтін ережелер жиынтығы (193 бет).
Әдеп мәдениеті - ол адамның жалпы адамгершілік мәдениетінің, өнегелілігінің, әдептің белгілі бір ұстанымдары мен нормаларын сақтай отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға деген ішкі көзқарасының көрінісі. Әдептің негізгі үстанымдарына, бәрінен бұрын, басқа адамдарға деген ізгі көзқарас пен құрмет жатады. Ол бізден: сыпайыгершілік, әдептілік, сезімталдъщ, шаманы білу, өнегелілік, тыңдай білу, қарапайымдылық іспетті нормалардың сақталуын талап етеді. (194 бет).
Толтырған кестеңіз бойынша «Әдеп» ұғымына берілген анықтамалардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсетіңіз (ауызша).