Оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзідамытудағы педагогикалық қолдауды қазіргі білім берудің миссиясы тұрғысынан



Дата19.10.2022
өлшемі1,72 Mb.
#44036

Білім алушылардың инновациялық тұрғыдан шығармашылық қабілетін дамытуда өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі
Өзін-өзі тану пәні- әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. 
Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға, өз елінің патриоты болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда өзін-өзі тану мұғалімнің рөлі аса зор.
Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, ба­лалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.
Американдық психологтардың анықтамасы бойынша шығармашылық дегеніміз – бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. 
Педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет.
«Шығармашылық жұмыс» ─ өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Шығармашылық жұмыс сурет салу, макеттер, коллаждар мен өлең, әңгіме құрастыру және т.б. түрінде жүзеге асырылатын тәсіл.
Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Өзін-өзі тану – адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттарын анықтайтын процесс.Осы тұрғыда педагогтің ізгілік ұстанымы – оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына жемісті педагогикалық қолдау көрсету болып табылады.
Өзін – өзі тану
Өзін – өзі дамыту
Өзін – өзі жетілдіру
Өзін – өзі ұйымдастыру
Өзін – өзі белсендірту
Оқушыларды тәрбиелеудегі басты процестер
Өзін-өзі тану - әр адам өзінің даму мүмкіндіктерін анықтауы, өзінің күшті және осал жерлерін білуі және оларды түзетуге күш салу.
Оқушылардың өзін – өзі танып білуі үшін мына кретерийлер жүзеге асуы қажет:

өзін саналы түрде бақылау, талдау, салыстыру, бағалау;

өзін және өзінің жеке қасиеттерін бір белгілі үлгімен салыстыру арқылы идеалдық модельден айырмашылығы қандай екенін анықтап алу.

өзінің оң көрсеткіштерін анықтау және оларды тиімді пайдалану, оларды нығайту шараларын жасау;

өз мінез-құлқы мен қабілеттерін адекватты бағалау жолдарын анықтау;

өз қателері мен кемістіктерін анықтау, оларды мойындау және әсерлерін төмендету. 

өзім өңдеуге шамам келетін қасиеттерімді өңдеу керек екенін түсінуге және оны талаптарға сай өзгертуге;
не үшін екенін түсінуге, нені өзгертуге менің шамам келмеген жерде;
жақсы мен жаманды ажырата білуге, қажетті мен қажетсізді түсінуге;
басқалармен бірге өмір сүруге икем болуға және баршамен тілтабысқыш болуға.
Өзін – өзі дамыту үйретеді:
Оқушылардың өзін – өзі тануы мен өзін – өзі дамытуының нәтижесінде «МЕН» концепциясы қалыптасады
«Мен» концепциясы - адамның өзін құруға қосатын үлесін анықтау. Ол 3 бөліктен тұрады:
әлеуметтік ортадағы өміріңнің сапасына жауапкершілікті мойныңа алу;
басқалардың көмегімен жасалған образдан шығу рефлексияны дамыту;
адамдардың ерекшеліктерін көріп, танып, басқаларды есту.
Педагогикалық қолдау
Жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тәрбиелігіне, өз басы проблемаларын шешуге жәрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.
Тәрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінуімен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзетуге көмегін тигізеді
Педагогикалық қолдау –
педагогтың қазіргі педагогиканың
гуманистік парадигмасын
көрсететін миссиясы.
Педагогикалық қолдау
Өсуіне және жетілуіне жағдай жасау
Баланың өзіндік танымдық және өмірлік тәжірибе алу мүмкіндігін беру
Өз субьектісі болу мүмкіндігін беру, жеке танымдық тәжірибесін дамыту
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет