Оқушылардың танымдық әрекетін басқарудағы оқытушы шеберлігі



Дата02.04.2023
өлшемі57,01 Kb.
#78424
Байланысты:
Оқушылардың танымдық әрекетін басқарудағы оқытушы шеберлігі.

Оқушылардың танымдық әрекетін басқарудағы оқытушы шеберлігі.

Оқушылардың таным процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығуын дамыту жөнінде зерттеулер аз емес.

  • Оқушылардың таным процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығуын дамыту жөнінде зерттеулер аз емес.
  • Көне замандағы Антика дәуірінің өзінде - ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып - білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырады.

Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындап отырып танымдық ізденімпаздықты оқыту құралы ретінде қалыптастырады.

  • Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындап отырып танымдық ізденімпаздықты оқыту құралы ретінде қалыптастырады.
  • И.Гербарт танымдық ізденімпаздықты дамыту - оқытудың негізгі міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте - бірте күрделендіру идеясын ұсынды.

Танымдық - қызығушылықтың қалыптасуына белгілі бір жағдайлар әсер етеді. Оқу-танымдық қызметтің маңыздылығы оқушыларды оқу пәндері әлеміне жетелейді, олардың құндылықтарын ашады, оқушыларды сол құндылықтарды түсінуге бағыттайды, білімге деген талғампаздық пен таңдай білушілікке тәрбиелейді, ал бұл қасиеттер - оқушының танымдық қызығушылығын ашатын бірден-бір тура жол. Оқу үрдісінде оқушы іс- әрекетінің ықпалды қырларының көрініс табуы оның жұмысының нәтижесін көруіне мүмкіндік жасайды.

  • Танымдық - қызығушылықтың қалыптасуына белгілі бір жағдайлар әсер етеді. Оқу-танымдық қызметтің маңыздылығы оқушыларды оқу пәндері әлеміне жетелейді, олардың құндылықтарын ашады, оқушыларды сол құндылықтарды түсінуге бағыттайды, білімге деген талғампаздық пен таңдай білушілікке тәрбиелейді, ал бұл қасиеттер - оқушының танымдық қызығушылығын ашатын бірден-бір тура жол. Оқу үрдісінде оқушы іс- әрекетінің ықпалды қырларының көрініс табуы оның жұмысының нәтижесін көруіне мүмкіндік жасайды.
  • Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы туралы мәселе, тамырын тереңге жіберіп, көне заманнан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткенді. Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді игеруде шәкірттердің белсенді танымдық ізденімпаздығы айтарлықтай рөл атқарады деген пікір айтылады.

Оқушыларда оқуға деген берік және шынайы ынтаны және танымдық қызығушылықты қалыптастыру үшін :

  • Оқушыларда оқуға деген берік және шынайы ынтаны және танымдық қызығушылықты қалыптастыру үшін :
  • І.Балаларда бар белсенді әрекетке, эмоцианалды қуануға, ұжымдағы өз орнын нығайта түсуге деген және т.б. қажеттіліктерге негізделе отырып, қажетті мотивациясын тудыру;
  • 2.Бұл іс-әрекет оларға ең жағымды эмоционалды күйзелістерді беретіндей, олардың мүдделерін қанағаттандырып дамытатындай, өз мүмкіндіктеріне деген сенімді, өз табыстары үшін қуаныш пен мақтаныш сезімін беретіндей жағдай жасау;
  • З.Мектепте, сыныпта, отбасында білімдер мен икемдіктерді терең құрметтеу мен қошемет көрсету, оларды игеруді қарапайым, аз мәнге ие іс ретінде емес, аса маңызды, қоғам үшін маңызға ие, жоғары бағаланатын іс, әрбір оқушының ар-намысының ісі ретінде қарастыру.

Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.

  • Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.
  • Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын карым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет