Бастауыш сыныптар оқу пәндері бойынша бағалау межесі

Дата08.05.2023
өлшемі0,88 Mb.
#91011
Байланысты:
осөж

Бастауыш сыныпта оқу пәндері бойынша бағалау межесі

Орындаған: Тобышова С. БОПжӘ-201 2/2
Тексерген: Рысбаева А.К

Бастауыш сыныпта оқу пәндері бойынша бағалауда қазіргі жаңа құралдар қарастырылады. 2016 жылдан бері қарай ҚР жалпы орта білім беру мазмұны жаңартылды. Оның басты сипаттарының бірі - орта білім беру моделінің құрылымын қайта қарау және оқу пәндерін бағалаудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу. Мұндағы басты мақсат - бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату, функционалдық сауаттылықты арттыру, жаңа мазмұндағы білім беру және оқушылардың бойына осы мақсатқа жету үшін қажетті қасиеттер мен құндылықтарды сіңіру.

ҚР-да 2016 жылға дейін жалпы білім беру орта мектептерде оқу пәндері бойынша 5 баллдық бағалау жүйесі қолданылып келді. Бұл жүйенің кемшіліктері:

ҚР-да 2016 жылға дейін жалпы білім беру орта мектептерде оқу пәндері бойынша 5 баллдық бағалау жүйесі қолданылып келді. Бұл жүйенің кемшіліктері:

  • Оқушылардың білімі басқа оқушылардың нәтижелерімен салыстырмалы түрде бағаланады;
  • Оқушы мен ата-ана оқу жетістіктері қандай критерий бойынша бағаланатынын түсінбейді;
  • Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс жеткіліксіз;
  • Бағалар диапазоны өте тар;
  • Жарысу элементтері қолданылады.
  • 5 баллдық бағалаудың кемшіліктерін саралай отырып өлшемдік (критериалдық) технологияны қолдана отырып оқу пәндерін бағалау тиімді деп танылды.

Оқу пәндерін өлшемдік (критериалдық) бағалау технологиясына алып келген негізгі факторлар:

Оқу пәндерін өлшемдік (критериалдық) бағалау технологиясына алып келген негізгі факторлар:

  • Қоғамның жаһандануы;
  • АКТ-дағы орасан зор өзгерістер;
  • Интернет желісінің жедел дамуы, ақпарат қолжетімділігі;
  • БАҚ мен технологиялардың ықпалының артуы;
  • Білім берудегі инновациялар.
  • Оқу пәндерін бағалау процесі өлшемдік (критериалдық) технологияға негізделіп оқушылардың оқу жетістіктерін алдын ала белгілі білім беру және нәтижелеріне сай келетін түйінді құзыреттіліктің қалыптасуына ықпал ететін нақты критерийлермен салыстыру деп қарастырылды.

    Бағалау критерийі деп білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштерді айтады.

Өлшемдік (критериалдық) бағалау міндеттері:

Өлшемдік (критериалдық) бағалау міндеттері:

  • Оқу процесінде бағалаудың функциялары мен мүмкіндіктерін кеңейту;
  • Жүйелі кері байланыс орнату, сол арқылы оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау;
  • Бағалаудың бірыңғай стандартын, құралдарын, механизмдерін қалыптастыру;
  • Оқушыларға оқу сапасы туралы, мұғалімге оқудағы жетістіктері туралы, ата-анаға оқу нәтижесі туралы, басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметі сапасы туралы қолжетімді, нақты, үздіксіз ақпарат ұсыну;
  • Оқу нәтижелері үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы рефлексия, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту.

Оқу пәндері бойынша сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:

Оқу пәндері бойынша сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:

  • Сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады;
  • Сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру;
  • Алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау;
  • Критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру;
  • Критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту;
  • Белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу;
  • Оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.

Сонымен, бастауыш сынпта оқу пәндерін оқытуда критерий арқылы бағалау оқушыларға: 

Сонымен, бастауыш сынпта оқу пәндерін оқытуда критерий арқылы бағалау оқушыларға: 

  • нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
  • критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге;
  • рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
  • бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет