«Өзара ауыстырымдылық, стандарттау және техникалық өлшеу» машина құрылысында, пайдалануда және жөндеу саласындағы практикалық ғылымның туындысы



бет1/3
Дата09.06.2023
өлшемі51,83 Kb.
#99959
  1   2   3


Кіріспе

«Өзара ауыстырымдылық, стандарттау және техникалық өлшеу» - машина құрылысында, пайдалануда және жөндеу саласындағы практикалық ғылымның туындысы.


Машиналарды өндіру саласында, пайдалану үдерісінде және техниканы жөндеуде, олардың сапасын және сенімділігін көтеру техникалық прогрестің негізі болып саналады.
Өзара ауыстырымдылықтың жүйесін жетілдірмейінше, метрологияны қамтымайынша, өнімдерді бақылайтын құралдарды және әдістерін жақсартпайынша өнімдердің сапасын көтеру мүмкін емес.
Ауыл шаруашылық техникасын жаңадан жасауда, пайдалануда және жөндеуде сапа мәселесін көтеруді өзара ауыстырымдылықтың, стандарттаудың және белгіленген техникалық бақылау жағдайларының принциптерін қолдану позициясы тұрғысынан қарастыру керек.
Сондықтан ауыл шаруашылық өндірісіне қазіргі заман талабына сай инженер – механиктер дайындауда өзара ауыстырымдылық, техникалық өлшеу және стандарттаумен байланысты мәселелерді кеңінен игеруді қажет етеді.
Курстық жұмысты орындағанда оқу үдерісінде алынған білімді бекітуге, сонымен қатар саңылау шегін және қондыруды белгілеу әрі өлшеу мен бақылау құралдарын таңдауды, практикалық дағдылануды дамытуға арналған.

Жалпы нұсқаулар

Курстық жұмыс алты тапсырмадан тұрады және теориялық курстың барлық негізгі тарауларын қамтыған.


Тапсырмалар әрбір студентке жеке дара беріледі. Барлық алты тапсырмалардың бастапқы (негізгі) деректері бойынша кездейсоқ түрде (қайталанбайтын) арнайы компьютерлік бағдарлама жасалған. Еске салатын жағдай – егер алғашқы берілген тапсырманы жоғалтып алсаңыз, қайта берілген тапсырмада бастапқы деректер өзгертіледі. Тапсырма, есептеу – түсіндірме жазбаның бетінің сыртына жапсырылады. Сызбаларда, қайсыларында негізгі берілген деректерде сілтемелер берілсе, олар әдістемелік нұсқаудың қосымшасында көрсетіліп келтірілген.
Курстық жұмыс А4 форматтағы жазба қағазы парағында есептеу – түсіндірме жазба ретінде жинастырылады, оған қоса сүлбелер (схемы) және нобайлар (эскизов) А4 форматта сызба қағазында орындалады. Дәлдік шек өріс сүлбелері масштабпен орындалады. Есептеу – түсіндірме жазба мәтіндері (текст) парақтың бір жақ бетінде ғана жазылады. Есептеу – түсіндірме жазба беттердің оң жақ бұрышына нөмірлері қойылып болған соң жинақталады. Жазбаның соңында қолданылған әдебиеттер тізімі келтіріледі. Түсіндірме жазбада әдебиеттерге сілтемелер болуы керек. Есептеу – түсіндірме жазбаларды қалай жинастыру 4 әдебиетте келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет