«Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз» ( Зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі )



бет1/3
Дата21.10.2023
өлшемі24,3 Kb.
#120156
түріСценарий
  1   2   3

«Бекітемін»
64 Ж. Аймауытов атындағы
мектеп – гимназия директоры
_____________ Г.Т.Сандыбаева


«Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз»
( Зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі )

Педагог – ұйымдастырушы: Д.Е.Журлыбекова


Шымкент

" Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз" іс шарасы


«Қазақ биі» жетекшісі: Елеусова Мария Құрманбекқызы
Фанфар
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз әркімнің өз дара жолы бар екенін, оны кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу.Бүгінгі кейіпкерлеріміз Тажиева Алтынай Кубесовна дара жолына арналған
" Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз"атты кешімізге қош келдіңіздер!
Құрметті Алтынай Кубесовна еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы әже деген атты иеленіп жүре беріңіздер! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!
Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы-Отанда, ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!
Ендеше, осы бүгінгі күннің кейіпкерлері Алтынай Кубесовна туралы экрандағы бейнероликке назар аударыңыздар.
(2 мин+ 1 минут)


Жүргізуші:
Тажиева Алтынай Кубесовна сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы
1962ж 16 қазанда дүниеге келген.
1987 – 1989 жылдар аралығында Шардара ауданы Сүткент совхозында Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінде география пән мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1989 – 1997 жылдар арасында Өзбекстан Республикасы Мырзашөл ауданының Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінде биология пәні мұғалімі болып жұмыс жасады. 2021-2004 жылдар арасында Шардара қаласында М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде география пән мұғалімі болып жұмыс жасады. 2004 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп – гимназиясында география пәні мұғалімі болып жұмысын жасауда
Республикалық облыстық, қалалық олимпиадаларына және Ғылыми жоба жұмыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қалалық, кәсіподақ комитетінен «Алғыс хат», «Мақтау қағазымен», «Білім беру ісінің үздігі» «Құрмет грамотасы» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар Тажиева Алтынай Кубесовна асыл жар, асыл ана. Зейнеткерлікке шыққан мерейтойымен шын жүректен құттықтап, өмір жасыңыз ұзақтығын, бақытының баяндылығын тілейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет