Пайдаланушылық және программалы-аппараттык интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс



Дата08.10.2023
өлшемі98,99 Kb.
#113437
түріПрограмма

Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің рөлі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр турлі салаларында қолданылады.
Мысалы курстарда қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономистердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет.
Пайдаланушылық және программалы-аппараттык интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс. 
Соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аякталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану принциптерін негіздеуге мүмкіндік береді. Мысалға, интерактивті Web-қосымшаларды жобалауда, жасаушыларға бірнеше интерфейстерді таңдауға тура келеді:
- пайдаланушының клиенттік программамен өзара қарым-қатынас денгейдегі интерфейсі;
- клиенттік машинамен сервер машина арасындагы өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейспен;
- сервердің шеттік программамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;
Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуін айтайық. Қатынас интерфейсі қандайда бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамасыз ететін, аппаратты-программалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу протоколдарының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-ң кез келген периферийлік құрылғысының әр түрлі мінездемелер жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық процессор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдасгырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу протоколы және қосылудың конструктивті артықшылықтары.
Осылайша, қосымшамен жұмыс істеп отырған пайдаланушы немен түйіседі, ол оның интерфейсі. Ойланбай жасалған интерфейс оның артықшылықтарын жоққа шығаруы мүмкін. Айтылғандардың барлығы локальді қосымшалар мен пайдаланушының тораптағы жұмысын камтамасыз ететін қосымшаларға да қатысты. Интерфейс проблемасының маңыздылығы жөнінде келесі фактілерді айтуға болады. Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы - Адам-Компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (Тһе Нumаn-Соmputег Іnterfасе Standard Соmmittee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа да елдерде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитет (Іnternational Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді.
Осы ұйымдардьң немесе жұмыс тобының көбісімен кезінде пайдаланушылық интерфейстер стандарттары бойынша құжаттарының жобалары дайындалған және оларды жобалау мен іске асыру принциптері бар.
Интерфейс - бұл өзара әрекеттесетін жеке жүйелер арасындағы «жалпы шекара»; жеке жүйелердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін құралдар мен ережелер жиынтығы (мысалы, адам, бағдарламалық жасақтама, аппараттық құралдар және т.б.).
Адам-машина интерфейсі - бұл адам операторының өзі басқаратын машиналармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін инженерлік шешімдерді қамтитын кең түсінік. 
Пайдаланушы интерфейсі - қолданушы мен компьютерлік жүйенің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы. 
Командалық жол интерфейсі - қолданушы командалық мәтінді теріп, жауап мәтінін оқитын қолданушы интерфейсі.
Графикалық қолданушы интерфейсі - графикалық кескіндерді қалыптастыру және манипуляциялау арқылы жүзеге асырылатын қолданушы интерфейсі.
Қимылдар интерфейсі - пайдаланушыға ымдарды қолданып командалар шығаруға мүмкіндік беретін қолданушы интерфейсі. Нейрокомпьютерлік интерфейс - бұл мидың электрлік белсенділігін оқу және бағыттау арқылы жүзеге асырылатын қолданушы интерфейсі.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Алматы Технологиялық Университеті


Реферат
Тақырыбы:

Орындаған:Амеркулов Е.
Тобы:ИС 23-12
Тексерген:Керімақын А.

Алматы - 2023

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет