Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта мектебінің 11«А» сыныбына мінездеме Павлодар қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның 11 «А» сыныбында 25 оқушы бар. Оның «17» - қыз, «8» - ұл.
Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері орташа денгейде, әрбіп оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепдегі сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сабаққа деген қызығушылықтары жақсы. Сынып матаматика пәніне өте жақсы денгейде. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы өте жақсы, бір – бірімен өте тату, қиыншылық кезде бір біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Ұл балалар мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы. Сынып әрбір оқушының туған күндері атап өтеді. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертенгілік түрінде өткізеді. Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып,танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып өнерлі оқушылар өте көп Домбыра тартатын 2 оқушы, Ән айтып түрлі сайыстарға қатысатын 2оқушы бар. Сыныпта өте алғыр оқушылар көп соның бірі Арай жақында Ертіс телеарнасында көрсетілетін балаларға арналған бағдарламасының бас жүргізушісі болды. Оқушылардың әр қайсысы алға қойған мақсаттарына жете біледі. Оқушылар өздеріне тапсырылған жұмысты ұқыптылықпен атқарады.