Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Hub (хаб) – желідегі компьютерлердің коммутаторы. Броузер



бет220/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   234
Hub (хаб)желідегі компьютерлердің коммутаторы.
Броузер (Brouser) – Шолушыweb-сайттарды қарауға арналған, яғни web–беттеріне сұраныс жасау (көбінесе Желіден), оларды өңдеу, шығару және бір беттен екінші бетке ауысу үшін қолданылатын программалық жасақтама. Броузердің негізгі міндеті Желіден web – беттерін жүктеу және оларды экранда бейнелеу.
Веб-бет – (ағылш. Web page) —әдетте HTML тілімен жазылған, Әлемдік тордың гипермәтіндік ресурсы. Веб-бетте басқа беттерге тез өту үшін, сілтемелер сонымен қатар, статикалық және динамикалық бейнелер тұруы мүмкін (3.19-сурет).

296

Веб-беттің мазмұнын динамикалық қылатын, медиа файлдар, мысалы, дыбыс және бейне файлдар, апплеттер, сонымен қатар, скрипттер (JavaScript, VBScript) тұруы мүмкін. Әдетте Веб-беттегі файлдың кеңейтімі html немесе .htm болады. Веб-беттің адресі бірегей URL адресімен анықталады. Мысалы: http://www.yahoo.com/


Бастапқы бет (home page) – сайт үшін алғашқы нүкте, кітаптың мазмұны сияқты.



Бастапқы бет

Web – беті

сілтеме

сілтеме




сілтеме




Web – беті

Web – беті

сілтеме

сілтеме

3.19-сурет


URL (ағылш. Uniform Resource Identifier).– кез келген құжатың орналасқан жерін бір мәнді анықтауға мүмкіндік беретін Веб-беттің адресі. Адрестің құрамында: протоколдың атауы, доменнің атауы, домендегі компьютерде құжатты іздеу жолы және құжаттың ішіндегі белгілі орынға сілтемелер болуы мүмкін.
Мысалы, http://www.soc.ru/dd/rus/index.html.
Адрестерді газеттерден, жорналдардан, мамандандырылған анықтамалардан және Интернеттің өзінен, іздеуші программалар (Rambler.ru, List.ru, Yahoo.com, AltaVista.com, Aport.ru және басқа) көмегімен табуға болады.
Беттің URL- адресі броузердің Adpec жолында теріледі және http:// және www деген жазбалар болмауы да мүмкін. Мысалы, берілген ұзын – http://www.inchinas.narod.ru адрестің орнына inchinas.narod.ru деп терсе де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет