Педагог-логопедтің құжаттар тізімі Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері



Дата07.02.2023
өлшемі38,15 Kb.
#65801

Педагог-логопедтің құжаттар тізімі

  1. Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері

  1. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;

  2. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы;

  3. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы;

  4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 26 маусымдағы № 56-VII ҚРЗ;

  5. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы ҚР 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығы;

  6. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы ҚР 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы;

  7. Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы және т.б



  1. Мектепішілік бекітілген нормативтік-құқықтық құжаттар

  1. Педагог-логопедтің лауазымдық міндеттері;

  2. Педагог-логопедтің жылдық жұмыс жоспары;

  3. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылардың сабаққа қатысуын тіркеу журналы, есепке алу журналы;

  4. Педагог-логопедтің жұмыс уақытының циклограммасы;

  5. Педагог-логопедтің сабақ кестесі;

  6. Жылдық және жартыжылдық рефлексиялық есеп;

  7. Кабинет паспорты.



  1. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі

  1. 2а, 2б формалары, сөйлеу карталары;

  2. Педагог-логопедтің жеке балаға арналған бағдарламасы (ЖДБ);

  1. Педагог-логопедтің топтық (СТЖД, ФФЖ, жазу және оқу бұзылыстары бар балалар тобы) сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары;

  2. Педагог-логопедтің жеке сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары;

  3. Педагог-логопедтің сабақ жоспарлары (ҚМЖ);



  1. Ата-аналармен жұмыс

  1. Ата-аналармен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары;

  2. Ата-аналарға кеңес беруді тіркеу журналы;

  3. Өткізілген жұмыстардың хаттамалары.



  1. Мектеп мұғалімдерімен жұмыс

  1. Мұғалімдермен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары;

  2. Мұғалімдерге кеңес беруді тіркеу журналы;

  3. Өткізілген жұмыстардың хаттамалары.



  1. Өзін-өзі дамыту

  1. Біліктілікті арттыру курстарының сертификаттары;

  2. Алғыс хаттар;

  3. Мақала, авторлық бағдарлама және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет