Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Тақырып: психологиялық эмперикалық зерттеулерге субьективті ыңғай



бет117/231
Дата06.01.2022
өлшемі1,92 Mb.
#11807
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   231
Тақырып: психологиялық эмперикалық зерттеулерге субьективті ыңғай.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің обьективті проблемаларының өзгешелігі.

2.Зерттеуші мен зерттеулшінің қарым-қатынасы.

3.Зерттеулушінің обьективті –субьективті табиғаты.

Мақсаты: Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің обьективті проблемаларының өзгешелігі, зерттеуші мен зерттеулшінің қарым-қатынасы, зерттеулушінің обьективті –субьективті табиғаты туралы білімдерді меңгерту.

Дәрістің мазмұны:

1.Психика- ерекше пән, сондықтан психологиялық эмперикалық зерттеудің логикасы жаратылыстану ғылымдарының эмпирикалық зерттеулерінің логикасынан ерекшеленеді.

Бірақ психология өзінің объектісі бойынша да спецификалық, объект тіршілік иесі, адам индивид ретінде, адамдар тобы, қоғам бола алады. Егер біз адам мен басқа жануарлар әлемі арасында шектейтін сызық жүргізсек, және болашақта жалпы және адамның дифференциалды психологиясы туралы сөз ететін болсақ, «психологиялық зерттеу» түсінігі өзінің сапасы бойынша «зерттеу субъектісіне» ұқсас болады. Екі жағдайда да адам таниды және әрекет етеді. Ал адам адамды танығанда әрқашан позиция алмасуы мүмкін, сәйкесінше, зерттелуші- адам зерттеуші бола алады, және керісінше. Өзге ғылымдарда (тек жаратылыстану ғана емес, гуманитарлы ғылымдарда) мұндай жағдай теориялық қарастырылмаған.

Алайда мұндай жағдай психологиялық экспериментке барынша тән. Көптеген авторлар бұл проблеманы артефакттардың бірінің проблемасы деп санайды және «бұзылған зерттелушілер» ( психологиялық эксперименттің нормаларымен таныс зерттелушілер) туралы айтады.

Эксперименталды процедура экспериментатор тұрғысынан қарастырылған, және жаратылыстығылыми экспериментальды модель психологияға өзгеріссіз енді: « ... ғылыми психология ғылыми сфераға табиғаттың бөлігі ретінде қарастырылатын адам мен жануарды тануды енгізуге ұмтылады»

Бірақ адамға эксперимент жануарларға жасалатын экспериментке қарағанда зерттелушіге берілетін нұсқау құрылымынан тұрады. Оның мәні алғашқы психологиялық эксперименттерде ашылды, мысалы зерттелушілерде уақыт реакциясының моторлы және сенсорлы құру. Зерттелушілердің нұсқауды қабылдауын Вюрцбург мектебінің психологтары, соның ішінде Н. Ах зерттеген. Бірақ егер зерттелуші нормативті міндетті өзгертуге қабілетті болса, ол реактивті емес, эксперименталдық жағдайда белсенді болады.

Алғаш рет психологиялық экспериментті эксперименталдық іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі зерттелуші көзқарасымен талдап көрген Л.С.Выготский.

Ол қазіргі кезге дейін барлық психологиялық әдістемелер бір сызба бойынша : стимул- реакция жасалған. Л.С. Выготский «стимул-реакция» сызбасын зерттелуші психикасын реактивті ретінде қарастырды, ал реактивтілік төменгі психикалық функцияларға тән. Ол белсенділікті жоғары психикалық функцияның қасиеті, оның ойынша «стимул-реакция» сызбасы бойынша эксперимент жаратылыстанудағы экспериментке ұқсайды және тек төменгі психикалық функцияны зерттеу үшін қажет. Өзге жағдайда «инструменталды әдіс» қолдану қажет, ол адамның жағдайға белсенді араласуын қарастырады,

Эксперименттегі зерттелушінің белсенді рөл мәселесін шешу жеке-іс-әрекеттік ыңғай болып табылады, мұндағы психологиялық эксперименттің координаталар басы ретінде зерттелуші болады. Әрекеттік ыңғайдың жақтаушыларының еңбектерінде бұл позиция айқын анықталған. М.С.Роговин: «Психологиялық эксперименттің әдіснамалық негізі болып кеңес уақытында өңделген іс-әрекет түсінігі және оның негізгі сипаттамаларын бөлу болып табылады ». Іс-әрекетті жеке пәндік іс-әрекет ретінде қарастырған бұл ыңғайға негізделе, Г.Е.Журавлев психологиялық экспериментке

мынадай анықтама берді: «Эксперимент - тапсырманы орындауға бағытталған зерттелуші- адамның іс-әрекеті» .

Белсенділік тек адамға ғана емес, басқа да зерттеу объектілеріне де тән болғандықтан, бұл ұғымды нақтылау мәселесі пайда болады. Г.И.Журавлев адамның эксперименттегі екі арнайы белсенділік формасын: іс-әрекет және қарым-қатынасты қарастырады. Кез келген психологиялық экспериментті эксперимент формасында жүзеге асатын, эксперименттік тапсырмалардың белгілі бастамасы болып табылатын экспериментатор мен зерттелуші қарым-қатынасы ретінде қарастыруға болады.

2.Қарым-қатынастың мақсаты зерттелушінің белгілі бір іс-әрекетін құрастыру, эксперимент нормасына сәйкес іс-әрекетті жүзеге асыру, эксперименталды нәтиже мен ол нәтиженің интерпретациясы формасындағы іс -әрекет өнімін алу.

Сөйтіп, сызба экспериментатор мен зерттелушінің ( зерттелушінің жеке іс-әрекеті) қарым-қатынасы ұсынылады. Бұлай бейнелегенде экспериментті ұйымдастыру бойынша экспериментатор іс-әрекеті болмайды және зерттелуші мен экспериментатордың жекеіс-әрекеттері және олардың арасындағы қарым-қатынас. Зерттелушінің психикасын зерттеуде біріккен іс-әрекетті құраушы ретінде қарастырылмайды.

Г.И.Журавлев психологиялық эксперимент нормалары олардың зерттелуші іс-әрекетінде көрініс табу мәселесіне талдау жасайды.

Зерттелушінің эксперименттік тапсырманы қабылдауы және оған сәйкес іске асырауы мәселесін шешуде іс-әрекеттік ыңғай бұл процестің негізгі детерминанты зерттелуші мотивациясы болып табылады, өйткені мотивация ғана жеке іс-әрекетті анықтайтын айнымалы болып табылады. Бірақ бұл басқаруға жол бермейді. Мұндай мәселені әлеуметтік-психологиялық ыңғай тұрғысынан шешуге болады. Мұнда потенциалды зерттелуші мен экспериментаторды шағын топ ретінде қарастырады.

Әлеуметтік психологиялық ыңғай зерттелуші мен экспериментатор өзара әрекеті процедурасын бейнелеуге басымдық көрсетеді. Әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде психологиялық эксперименттің нәтижесін зерттелуші мен экспериментатордың өзара әрекетінанықтайтын түрлі факторлардың әсерін анықтады: экспериментатор тұлғасы, экспериментатор туралы естігендері, аффилиативті мотивация т.б.

Бұл эффекттерді екі топқа бөлуге болады: жағдайға ( таңдау, өз еркімен зерттелу, экспертиза т.б.) шартталған және зерттелуші мен экспериментатордың тұлғалық қасиеттерімен байланысты эффектер. Соңғысына «Пигмалион эффектісі» жатады.

Психологиялық эксперименттің моделінің ең негіздісі ол оның әлеуметтік іс-әрекетке енгізілетін, зерттеуге қатысты, сыртқы мақсаттарды иеленетін, тікелей мақсатызерттелушінің психика ерекшелігінтану болып табылатын экспериментатор мен зерттелушінің біріккен іс-әрекет жүйесі ретінде қарастырылады.

Экспериментаторға біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару міндеті жүктеледі, ал нұсқауда берілген міндеттің бір бөлігін зерттелуші орындайды.

3.Зерттеуші мен зерттелуші қарым-қатынас, нұсқаудың ролі.

Психологиялық эксперимент басынан бастап өз бетімен қалыптасты. Психологиялық эксперименттің бірегей ерекшелігі және фундаменталды сипаттамасыэксперименталдық, тәжірибелік әдістің құрылымында алғаш рет зерттелушіге нұсқау берілді. Танымның өзге ешбір аймағынан зерттелетін объектіге берілетін нұсқауды таба алмаймыз.

Нұсқауда зерттелушіге түсіну және қабылдау қажет міндеттер қойылады. Ешбір ғылымда зерттелуші мен зерттеу объектісі арасында ұйымдастырылған қарым-қатынас жоқ. Өйткені нұсқау эксперименттің міндетті бөлігі болып табылмайды. Балаларға жүргізілген экспериментте нұсқау қысқартылған және экспериментатор мен баланың қарым-қатынас контекстісіне енгізілген немесе тапсырманың бір бөлігінде болады не мүлдем болмайды ( 0-ден 2жасқа дейін).Бұл медико-психологиялық экспериментке де қатысты. Кейде зерттелуші оған психологиялық эксперимент жүргізіліп жатқанн білмеуімүмкін.

Мұнда зерттелуші мен экспериментатор қарым-қатынас, қандай формада болатынын психологиядағы кез келген эксперименттің міндетті бөлігі.

Мұнда Б.Ф.Ломов дәл көрсеткен: «Адам белсенді. Экспериментке қатысқанда зерттелуші эксперименталды сыртқы әсерлерге тек жауап беріп қоймай, белгілі бір міндеттерді шешеді. Экспериментте оның ұстанымдары, қызығушылықтары , тұлғалық бағдарлары көрінеді. Басқаша айтқанда зерттелуші психологиялық экспериментке тұлға ретінде енеді».

Кез келген психологиялық эксперимент қандай да бір психологиялық техниканы қолданса да барлық жағдайда зерттеуші мен зерттелуші арасындағы қарым-қатынас формасында жүреді.

Зерттелуші экспериментатор эксперимент шарттары және процедуралары жағынан әсер алады.

Сөйтіп, психологиялық экспериментті ұйымдастыруда үш жайтты: зерттелуші іс-әрекеті, оның тұлғалық ерекшеліктері, зерттелуші мен зерттеушінің қарым-қатынас сипаттамаларын ескеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет