Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт



Дата21.12.2023
өлшемі20,72 Kb.
#142183
Байланысты:
Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт


Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт
Қазіргі кездегі мектеп – оқушылар үшін ақпарат берудің бірден – бір көзі емес. Олар мектеп өмірі, мұғалімдер, оқушылар өмірі туралы оқиды, радио тыңдайды, телевизия хабарларын, кинофильмдерді көреді. Олар біздің мамандығымыздың құпияларымен, біздің қоғамымыздың оқушыларды тәрбиелеуге қоятын талаптарымен де таныс. Олар біраз жағдайда біздің қылықтарымызды бізден жақсы ажырата алады. Оларға біздің тарапымыздан қойылатын талаптың орынды болуын зейін қоя қадағалайды, олар біздің талаптарымызға сын көзбен қарауға да бар, тіпті келіспейтін кездері де болады. Сондықтан да біздің оқушылармен қарым-қатынасымыздың мәні ерекше. Оқушылармен дұрыс іскерлік және эмоциялық қарым-қатынас орнату – күрделі іс. Ол бізден жоғары шеберлікті, кәсіби білгірлікті, тиісті іскерлік пен дағдыларды қажет етеді. Ал біздің шеберлігіміздің аса маңызды бөлігі – педагогикалық әдеп пен педагогикалық тактика болып табылады.
Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан психологиялық бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К:Д.Ушинскийдің айтқанындай: “түптеп келгенде психологиялық әдеп”.
Педагогикалық әдепке және осы терминді қолдану өрісіне анықтама беру теорияда және педагогика практикасында үш түрлі көзқарасқа негізделеді:

Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға деген сүйіспеншілігі, олармен сыпайы қарым-қатынасы, олардың қадірін біліп сыйлауы, қайырымдылық, ілтипаттылық, кеңпейілділік, шынайылық, ұстамдылық, байсалдылық, сенімділіксияқты мінез сипаттары және қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша педагогикалық әдеп оқушылармен қажетті қарым-қатынастар орнату және оны сол қалпында ұстай білудегі арнайы кәсіби іскерлік ретінде қарастырылады. Оған жалпы педагогикалық амал-тәсілдердің едәуір бөлігі, жекелеп айтқанда педагогтық техника да енеді.

  1. Бұлайша ұғынғанда педагогикалық әдеп түптеп келгенде педагогикалық тактика болып табылады. Бұдан былай біз бұл екі терминді де қолданамыз. Оларды белгілейтін сөздердің шығу тегі түрлі болғанымен мазмұн ортақтығы мол:

такт латынша tactus – “жанасу, түйсіну” дегеннен,
ал тактика – грекше taktike – “тәртіпке келтіру” деген сөзден шыққан. Осы екі терминді пайдалану қажеттілігі бар ма?
Бар, өйткені біз көбіне бір терминді екіншісімен алмастырып жібереміз, педагогикалық тактикамен істес бола отырып, педагогикалық әдеп жайын айтамыз. Педагогикалық әдеп жағымды жақтан ғана қаралады. “Педагогикалық әдебі нашар” қайрымдылығы нашар, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар, т.б. деумен бірдей. Ал педагогикалық тактиканың тым күрделі – аса жақсыдан жаманға дейін, мейлінше жетілгендіктен қарадүрсінділікке тұқыртылған мәні болуы мүмкін. Әрбір мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста белгілі бір тактиканы әрқашанда қолдана береді, бірақ онда педагогикалық әдептің болмауы да ықтимал. Былайша айтқанда мұғалімдердің бірсыпырасының оқушыларды бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалаулары, ақылгөйлігі, дауыс көтеруі, т.б.жақсы болмаса да әрине өзіндік тактикасы, бірақ ол әсте де педагогикалық әдеп бола алмайды. Мұғалім оқушыларына ықыласты қарап, оларды қадірлеп, кеңпейілді, сақ, әдепті болғанымен олармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдай болады. Оның сабақтарында тәртіпсіздік үстемдік етеді, оқушылар үй тапсырмаларын орындамайды, айтқан ақылды тыңдамайды, шынтуайтқа келгенде оны сыйламайды. Мұндай мұғалімді әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал тәсілдері қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ. Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда мұғалімнің мінез ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика таңдай білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады.
Педагогикалық әдеп қайшылықты жағдайларда мейлінше қажет, бірақ оның негізгі қызметі – ондай жағдайлардың алдын алу, оқушылардың қарсылығын бәсеңдету. Педагогикалдық әдеп келісімпаздық, оқушыларға деген талап қаталдығын босаңсыту, олармен қақтығысудан икемдену емес. Талап қоя білмейтін мұғалімнің де, оқушыларға айқайлайтындар және өкпелететіндер сияқты, әдептілігі шамалы болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет