Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс), олардың өзара байланысы



бет1/2
Дата01.07.2022
өлшемі28,65 Kb.
#37449
  1   2

Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс), олардың өзара байланысы.
Педагогика гректің «пайс» - балалар, «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу ұғымдарынан шыққан. Ертедегі Грекияда өзінің қожайынының баласының қолынан ұстап, жетектеп, мектепке ертіп апаратын құлдарды педагогтар деп атаған.
Қоғамның даму формацияларының әр кезеңінде «педагогика» сөзі (ұғымы) кең, жалпы мағынада қолданыла бастады. Білімнің жетілуіне байланысты балалардың тәрбиесі туралы ғылым пайда болды.
Негізгі педагогикалық ұғымдар - тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі тәуелді табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.

  • Тәрбие - адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіру, аға ұрпақ пен жас ұрпақтың өзара бір-бірімен әрекеттесу процесі.

  • Оқыту - оқушы мен мұғалімнің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.

  • Білім беру - ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, соның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік және т.б. жағымды қасиеттерді қалыптастырып, жеке адамның шығармашылық қабілетін дамыту.

  • Даму - адамның физикалық және рухани күш жігерінің сандық және сапалық жағынан тізбектеле, яғни бірізді өзгеруінің объективті процесі.

  • Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өз бойында өзі қалаған, өзіне ұнаған қасиеттер мен қабілеттерді, мінез-құлықтарды, әдеп пен әдетті, дағдыларды қалыптастыру мақсатында саналы, мақсатты, белсенді жұмыс істеуі.

  • Өздігінен білім алу - адамның өзін қызықтырған сала бойынша білімдерді іздестіруі мен меңгеруіне өзбетінше мақсатты түрде, белсенді жұмыс істеуі.

  • Қайта тәрбиелеу - осыған дейін қолданылған тәрбие әдістері мен тәсілдері, формалары нәтиже бермеген жағдайда, тәрбие әдістері мен тәсілдерін, формаларын түбегейлі өзгертуі.
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет