Пән атауы: Инклюзивті білім беру Орындаған: Турланова Жадыра ҚТӘ-202



Дата02.11.2023
өлшемі18,23 Kb.
#121391

Пән атауы:Инклюзивті білім беру
Орындаған:Турланова Жадыра ҚТӘ-202
№3 СРС-СРСП
Тақырыбы: Есту,көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.Нашар еститін және сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру.
Есту қабілетінің бұзылу себеептеріне медициналық тексерулер инфекциялық аурулар, механикалық, акустикалық немесе контузиялық соқырлар, тұқымқуалаушылық аурулар,туа пайда болған жағымсыз әсерлер құрайды. Қазіргі уақытта есту қабілетінің жағдайын дамудың ерте кезеңінде анықтаудың мүмкіндігі артуда. Есту қабілетінің бұзылу орны, деңгейі аудиометрияның көмегімен анықталса, сөз арқылы тексеруестудің жағдайын анықтауда қолданылады. Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың сөйлеу тілінің мүкістігі жәнеде психткалық тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді. Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық міндеттерді нақты шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмкiндiк туғызады. Нашар еститін балалар Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған. Бала қоршаған ортадағы бірқатар ұғымдарды біріңғай біріктіре қабылдай алмайды. Танымдық іс-әрекеттерде көрініс табады:салыстыру, талдау, жинақтау әрекеттерінде ерекшеленіп тұрады. Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500 ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады. Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөзд i есте сақтау қабілеті, сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмкiндiктері кеңейетін қажетті жағдай жасалады. Нашар еститін және кейіннен естіми қалған балаларды оқыту ұзақтығы: - Бастауыш деңгейі – 0-4 сынып, - Негізгі деңгей – 5-10 сынып Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту ұзақтығы бастауыш және негізгі мектепте – 11 жыл : «0»- дайындық сыныбы; бастауыш деңгей (1-4 сынып) 1-ші негізгі деңгей- (5-7 сынып) 2- ші негізгі деңгей (8-10 сынып ) Бастауыш мектепте оқытудың мазмұны қалдық есту қабілетін дамытуға, сөйлеу тілін қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға және оқушылардың танымдық қызметін дамытуға бағытталған. Естімейтін және нашар еститіндер оқушылар оқуын жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында немесе кәсіптік колледждерде, жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім беруді арнайы мектептің кешкі бөлімде 11-12 сыныптарында жалғастыра алады. Сөйлеу тіл бұзылыстарының жіктелуі қазіргі уақытта Клиникалық-педагогикалық Психологиялық-педагогикалық жіктеу сөйлеу қабілеті бұзылыстарының барынша дифференциялайтын белгелеріне негізделіп жасалған жіктеу сөйлеу қабілеті кемшілігінің біліну орталығына негізделген. Ауызша сөйлеуді дамыту жұмысы кешенді зерттеу негізінде анықталған мүмкіндіктер мен есту-көру резервтерін дамыту, ауызша сөйлеуді естіп қабылдау, оқушылардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін, сөйлеуді дамыту деңгейін ескере отырып айтылу дағдыларына саралап құрылады Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар оқушылар үшін зейіннің тұрақты болмауы, алаңдаушылық, тілдік құбылыстарға байланысты байқағыштықтың жеткіліксіз болуы тән. Олар ауызша материалды есте сақтау барысында қиындық көреді, өз бетінше орындаған оқу тапсырмаларында көптеген қателер жібереді. «Ым-ишараттық сөйлеу тілі» оқу курсы тек құлағы естімейтін балалар үшін, оның қалауы бойынша естімейтіндердің шағын әлеуметтік ортасына кіруіне негізделіп 4-11-сыныпқа енгізілген және оқушы үшін сол ортадағы коммуникативтік қызметті атқарады. Қазақстан Республикасында естімейтіндерді оқыту үдерісі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, ал білім беру үдерісінде ым-ишараттық сөйлеу тілі көмекші тәсіл ретінде қолданылады. Ым-ишараттық сөйлеу тілін сауатты меңгерудің нәтижесінде оқушылар бағдарлама материалын сапалы игереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет