Пәні бoйыншa Тaқырып: «Бaстауыш білім берудегі балалардың даму ерекшеліктері және жас кезеңдері» Oрындaғaн



бет1/6
Дата30.05.2022
өлшемі92,74 Kb.
#35946
  1   2   3   4   5   6

« Павлодар педагогикалық университеті » КЕАҚ
М.Қанапианов атындағы жоғары колледжі



КУРCТЫҚ ЖҰМЫC


« Педагогика »
пәні бoйыншa
Тaқырып: «Бaстауыш білім берудегі балалардың даму ерекшеліктері және жас кезеңдері»

Oрындaғaн: Caнcызбaева Аружан Нурбековна
Мaмaндық: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Біліктілік: 0105013 «Бастауыш сынып мұғалімі»
Тoп: БББ-31
Текcерген: Пшембаева А. А
___________________________
(қoлы)
Павлодар қ, 2022 жыл
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3-4 І. Бaстауыш білім берудегі балалардың даму ерекшеліктері және жас кезеңдері теориялық негіздері
1.1 Жас ерекшелік туралы түсінік, белгілі кезеңге бөлінуі.............................5-10
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктері мен дамуы.................11-17
ІІ Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын жас ерекшеліктеріне қарай зерттеу тәсілдері.
2.1. Бастауыш білім берудегі оқушылардың оқуға қызығушылығының ерекшеліктері....................................................................................................18-21
2.2. Бастауыш білім берудегі оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін зерттеу...............................................................................................................22-24
Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................26

Кіріспе
Зерттеудің өзектілі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникация желілерге тығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бaстауыш білім берудегі балалардың даму ерекшеліктері және жас кезеңдерінде деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың жас ерекшеліктерін жетілдіру арқылы олардыың іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.
Бaстауыш білім берудегі балалардың даму ерекшеліктері және жас кезеңдерінде шәкірттің білімге деген қызығушылығы қалыптасады. Ол танымдық қажеттілікпен, мақсаттан таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті мен жас ерекшеліктері негізінде жүзеге асады, ал жас ерекшеліктерін есепке алу негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерінөмірде пайдалану білуі болып табылады.
Оқушылардың жеке жас ерекшеліктері, даму, қызығушылығы мен қажетсінуі, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеріктік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б.
Бастауыш білім беруде оқушылардың негізгі іс-әрекеті күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т.б. сипатталады.
Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі класс оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.
Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіруінің қайнар көзі-мәдениет немесе әлеуметтік тәжірибе. Дегенмен, әлеуметтік тәжірибенің мазмұны, немесе мәдениет мектептегі білм мазмұнын толық анықталмайды. Білім мазмұнын құрастыруда балалардың жекелік-тұлғалық дамуының олардың қабілетінің, дарындарының, қызығушылықтарының талаптары ескерілуі тиіс. Осы мақсатқа жалпы білім беру мазмұнында міндетті пәндермен қатар оқушылардың қызығушылығына қарай дайыңдайтын таңдау пәндері де енгізілген. Бұл оқушылардың өзіндік қасиеттерінің, кәсіби бағытталуының тереңдеуіне жағдай жасайды.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оны үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Балаларға оқу іс-әрекетінің белгілі бір жүйелігін егжей-тегжейлі және асықпай көрсету, олардың арасынан заттың сыртқы тілдік немесе ақыл-ой шеңберінде орындалатындарын ерекше бөліп көрсету керек. Бұл жерде заттың әрекеттер тиісті дәрежеде қорытындыланып, қысқартылып және игерілу ақыл-ой формасына келетіндей жағдай жасау маңызды. Егер тапсырманы орындауда оқушылар бәрібір қате жіберсе, онда ол не оларғакөрсетілген оқу-әрекеттерін бақылау және бағалаудың толық еместігінің, не осы әрекеттердің нашар жүргізілгендігінің дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет