«pisa, pirls, timss, icils, iccs халықаралық мониторингтік салыстырмалы зерттеулер аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата03.07.2023
өлшемі287,15 Kb.
#103964
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8


«PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS халықаралық 
 мониторингтік салыстырмалы зерттеулер аясында
педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»
(Тест тапсырмаларын құрастыру, экспертиза және бағалау) 
 Білім беру бағдарламасы 
1-Кесте 
 
1-бөлім. Жалпы ережелер
Педагогтерге арналған халықаралық мониторингтік салыстырмалы 
зерттеулер аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту бойынша 
біліктілік арттыру курсының білім беру бағдарламасы келтірілген негізгі
ережелер мен талаптарды ескере отырып әзірленген:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988
қаулысымен бекітілген ҚР білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31
қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта, техникалық және кәсіби
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726
қаулысымен бекітілген Ұлттық жоба «Сапалы білім беру «Білімді ұлт»; 
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28
қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген Педагогтар біліктілігін арттыру
курстарын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан
кейінгі қолдау ережелері;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4


мамырдағы 
бұйрығымен 
бекітілген 
Педагогтар 
біліктілігін 
арттыру
курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, мақұлдау және бекіту
ережелері.
Педагогтерге арналған PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS халықаралық 
мониторингтік салыстырмалы зерттеулер аясында педагогтердің кәсіби 
құзыреттіліктерін дамыту бойынша біліктілік арттыру курсының бағдарламасы 
орта білім беру ұйымдарының, PISA бойынша техникалық және кәсіби білім 
беру ұйымдарының педагогтерін оқытуға арналған.
Бағларлама білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалайтын халықаралық 
мониторингтік салыстырмалы зерттеулерге әзірлік аясында білім беру 
ұйымдарындағы білім беру процесін жүзеге асыруға бағытталған.
Оқу форматы: офлайн және/немесе қашықтан 
Оқыту тілі: қазақ, орыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет