Пневмония кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру



Дата12.01.2023
өлшемі35,04 Kb.
#61076




  1. Пневмония кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру

Симптомы науқаста туындағанмәселелер, диагностика, емі және мейіргерлік күтім.

  1. Жедел тамыр жетіспеушілігінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Естен тану.

Этиологиясы, симптомдары, шұғыл мейірбикелік көмек.

  1. Науқас гентамицин егуден кейін 30 мин өткен соң әлсіздікке, беттің ісінуіне, тыныс алудың қиындауына, жүрек айнуына, бас ауруына шағымданады. Об-ті: беті сәл қызарған, қабақ және ерін ісіңкі. Пульс 110 мин АҚ 160/90 с.б. Науқаста қандай қажеттілік бұзылған? Науқаста туындаған және ықтимал мәселелерді тұжырымдаңыз. Мейіргерлік көмек көрсетіңіз




  1. Тыныс жүйесі аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Пневмония анықтамасы, этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері

  2. Жедел тамыр жетіспеушілігінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Естен тану. Этиологиясы, клиникалық көріністері, шұғыл мейірбикелік көмек.

  3. Есеп: Науқас гентамицин егуден кейін 30 мин өткен соң әлсіздікке,беттің ісінуіне,тыныс алудың қиындауына, жүрек айнуына, бас ауруына шағымданады. Об-ті: беті сәл қызарған, қабақ және ерін ісіңкі. Пульс 110 мин. АҚ 160/90 мм.с.б. Болжамды диагноз. Мейірбике іс -әрекеті


  1. Тыныс жүйесінің іріңді ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Бронхоэктаз ауруы. этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика. Дренаждық позицияның нұсқалары.

  2. Жедел тамыр жетіспеушілігінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Коллапс этиологиясы, клиникалық көрінісі, мейірбикелік көмек.

  3. Есеп: Науқас эпигастрии аймағының ауырсынуына, құсу, ентігу жүрек қағысы жиілігіне

шағымданады. Өмір тарихында ЖИА. Стенокардия ФК-2. Об-ті: АҚ 90/60мм.с.б. Іші жүмсақ. Диурез және нәжіс қалыпты. Болжамды диагноз. Мейірбике іс әрекеті



  1. Тыныс жүйесінің аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру.Өкпе абцессі этиологиясы, клиникасы, диагностика, емдеу ерекшеліктері. Дренаждық позицияның нұсқалары. Мейірбикелік күтім ерекшеліктері.

  2. Жүрек астмасы кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, шүғыл көмек.

  3. Есеп: Қант диабеті 1 тип түрімен ауратын науқас кенеттен ес түссіз күйінде табылды. Тексеру кезінде терісі құрғақ, болбыр, дем шығарғанда ауызынан ацетон иісі шығады. Болжамды диагноз. Медбикелік іс әрекет


  1. Тыныс жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Экссудативті плеврит

этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, алдын алу.

  1. Ас қорыту жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Созылмалы гастрит этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, асқынулары. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері.

  2. Есеп: Ауруханада инфаркт миокардісімен ем алып жатқан науқас дәрігердің рұқсатынсыз дәретханаға барғаннан кейін кенеттен ентігу, қақырықты жөтел қызғылт түсті. Тері

жамылғысы бозарған, салқын тер;алыстан естілетін көпіршікті сырыл. Болжамды диагноз
Медбикелік іс әрекет.

  1. Тыныс жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Туберкулез, этиологиясы, клиникасы, ағымдары, диагностика, асқынулары,емі.

  2. Қан айналым ағза ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Ревматизм. Белсенді ревматикалық және ремиссия кезіндегі үдеріс белгілері. Ревматикалық қызбаның біріншілік және екіншілік алдын алу

  3. Есеп: Ауруханаға «Асқазан ойық жарасы» диагнозымен науқас түсті. Шағымдары эпигастрий аймағының «семсер сұққан» тәрізді ауырсынуына. Тексеру кезінде тері жамылғысы бозғылт тамыр соғысы 98 рет мин АҚ100/60, демалысы 20 рет мин. Пальпация кезінде «іші тақтай тәрізді».


  1. Тыныс жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Астматикалық статус этиологиясы, клиникалық көріністері, ағымы, диагностика, шұғыл көмек.

  2. Қан айналым ағза аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдіс. Гипертониялық криз. Асқынған және асқынбаған түрі. Мейірбикелік күтім ерекшеліктері.

  3. Есеп. Мейірбикені үйге шақыру. Физикалық күштемеден кейін оң жақ бел аймағының ауырсынуына, ауырсынуы, шапқа таралуына, жүрек айнуына шағымданады. Об-ті: науқас қозғыш, ауырсыну сезімін басу үшін ыңғайлы жағдай іздестіруде. Болжамды диагноз. Мейірбике іс әрекеті.




  1. Тыныс жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Бронх демікпесі этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, медбикелік шұғыл көмек.

  2. Қан айналым ағзалары аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Артериальды гипертензия. Этиологиясы, клиникасы, диагностика, емдәм, емдеу қағидалары.

  3. Есеп. Науқас физикалық күштемеден кейін бел омыртқа бойының ауырсынуына шағымданды. Тексеру кезінде: қозғалыстың шектелуі байқалады. Болжамды диагноз. Медбикелік іс әрекет




  1. Тыныс жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Өкпеден қан кету этиологиясы, шұғыл көмек.

  2. Қан айналым ағзалары аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдіс. Атеросклероз, этиологиясы, қауіп қатер факторлары. Емдәм түрлері, алдын алу.

  3. Есеп: Ер адам физикалық күштемеден кейін оң жақ бел аймағының қатты ауырсынуына, ауырсыну шапқа және қуыққа таралуына, құсуға шағымданады, ауырсынуды басудың амалын таба алмай қиналуда. Зәрде қан, зәр шығаруы жиі ауырсыну басым. Болжамды диагноз. Медбике іс әрекеті.




  1. Тыныс жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Өкпе эмфиземасы этиологиясы, клиникалық көріністері, ағымы, диагностикасы, мейіргерлік күтім.

  2. Қан айналым ағзаларының аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Стенокардия этиология, клиникалық көріністері, диагностика, емі.

  3. Есеп: Гемофилиямен науқастың жағдайы мұрыннан қан кеткеннен кейін курт нашарлады. Ауруханаға жеткізілді. Пульс100 мин Ақ төмен. Болжамды диагноз. Медбике іс әрекеті.




  1. Тыныс жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Созылмалы тыныс жетіспеушілігі этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, емі.

  1. Бүйрек аурулары кезіндегі мейіргерлік үдірісті ұйымдастыру. Пиелонефрит этиологиясы, клиникалық көріністері. Жалпы зәр анализі және Нечипоренко әдісмен зәрді зерттеу.

  2. Есеп: Жедел жәрдеммен ауруханаға науқас жеткізілді, шағымдары: жүрек аймағының қатты

Ауырсынуы бас айналуы, жалпы әлсіздік. Об-ті: тері жамылғылары бозғылт, салқын жабысқақ тер, ентігу, пульс жпшетәрәздес 120 рет мин АҚ 70/50мм.сб. Нитроглицирин қабылдау нәтижесіз. Болжамды диагноз. Мейірбикелік іс әрекет.

  1. Тыныс аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Туберкулез. ДОТС бағдарламасы.

  2. Қан айналым ағзалары аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Миокард инфарктісі, этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, асқынулары, емі.

  3. Есеп: Науқас беттің және қабағының ісінуіне шағымданып медпункке келді. Сұрастыру кезінде 3күн бұрын қатты суық тигеннен кейін бел аймағының ауырсынуы, зәр мөлшерінің азаюы, түсі «ет жуындысындай», бастың ауруы, беттің ісінуі анықталды. Болжамды диагноз. Медбикелік іс әрекет.


  1. Қанайналым ағза ауруларының асқынуы кеіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Кардиогенді шок. Анықтамасы, жіктемесі, клиникалық көріністері, ағымы, диагностика, емі.

  1. Тыныс аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Жедел бронхит, этиологиясы, клиникасы, диагностика, алдын алу. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері.

  2. Есеп. Аурухана гастроэнтрология бөліміндегі науқас кенеттен эпигастрии аймағындағы «семсер сұққандай» ауырсынуға шағымданды. Об-ті: тері жамылғысы бозарған, салқын тер, пульс 98 рет мин, АҚ 100/60,ТАЖ 20 рет мин. Іші «тақтай тәрізді». Болжамды диагноз. Мейірбике іс әрекеті




  1. Қан тамыр жетіспеушілігінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Естен тану. Коллапс. Этиологиясы, клиникасы, емі.

  2. Бүйрек аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Пиелонефрит этиология, клиникалық көріністері, диагностика, емі.

  3. Есеп: Асқазаннан қан кету кезіндегі шұғыл медбикелік көмек көрсету.




  1. Аллергоздар кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Анафилактикалық шок этиологиясы, клиникалық көрінісі, алдын алу. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері.

  2. Асқорыту жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Созылмалы холецистит этиология, клиникалық көріністері, емдеу қағидалары. Емдәм. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері.

  3. Есеп: Науқас 16 жаста мұрыннан қан кетуіне шағымданады. Об-ті: Тері жамылғысы бозғылт, пульс 100 рет в мин, АҚ 90/50мм с.б. Медбикелік көмек көрсету жоспарын құрыңыз.




  1. Асқорыту ауруларыкезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Өт тас ауруы,.этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, емі. Тас байлауына әкелетін факторлар. Мейіргерлік күтім.

  2. Перифериялық жүйке жүйесі ауруларында мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Үштік нерв этиологиясы, клиникалық көрінісі, диагностика. Мейіргерлік көмек.

  3. Есеп: Науқас 24 жаста. Шағымдары: эпигастрии аймағында кенеттен пайда болған «семсер сұққандай» қатты ауырсыну. Өмір анаамнезінде Асқазан ойық жарасы. Об-ті: іш пальпациясында эпигастрии аймағының қатты ауырсынуы. Ақ 85/45мм.с.б. Пульс 104 рет мин.

Медбикелік көмек жоспарын құрыңыз.



  1. Тыныс жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдіс. Өкпеден қан кету. Этиологиясы, клиникалық көрінісі, мейіргерлік шұғыл көмек.

  2. Ас қорыту жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік көмек. Панкреатит. Этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, емі, емдәм түрлері.

  3. Есеп: Науқас физикалық күштемеден кейін бел аймағындағанда қатты ауырсынуға, шағымданады. Тексеру кезінде қозғалысы шектелген, тізесі бүгулі. Ауырсыну себебін анықтап, мейіргерлік көмек жоспарын құрыңыз.




  1. Асқорыту жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Асқазан және 12 елі ішек ойық жарасы. Этиологиясы, клиникалық көріністері, асқынулары, емі, емдәм, алдын алу. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері

  2. Бүйрек аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Созылмалы пиелонефрит, этиологиясы, клиникасы, диагностика, емі. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері.

  3. Есеп: Науқас майлы тағам қабылдағаннан кейін оң жақ қабырға астының ауырсынуына, ауызда ащы дәм, бірнеше рет құсудың болғанына шағымданды. Болжамды диагноз. Мейібике іс әрекеті.




  1. Жүрек астмасы кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Этиологиясы,клиникалық көрінісі, диагностика мейіргерлік шұғыл көмек.

  2. Бауыр аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Бауыр циррозы этиологиясы, клиникалық көріністері, алдын алу. Емдәм. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері.

  3. Есеп: Науқас физикалық күштемеден кейін оң жақ бел аймағының ауырсынуына, жүрек айнуына, жиі зәрге баруына шағымданады, ауырсыну сезімі шапқа таралады. Болжамды диагноз. Медбикелік іс әрекет.


  1. Жүрек ақауларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Митральды қақпақша стенозы. Этиологиясы, клиникасы, ағымы, асқынулары, диагностика, емі. Мейірбикелік күтім.

  2. Ас қорыту жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Асқазан обыры этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, емдеу қағидалары. Емдәм. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері.

  3. Есеп: Жұмысшы ес-түссіз денсаулық бекетіндегі фельдшерге жеткізілді. Об-ті: терісі бозарған, құрғақ, көз қарашықтары тарылған, жарыққасерпілісі әлсіз. Тынысы әркелкішулы, тыныс ал қимылыүлкен ауытқумен, ТАЖ 18 мин АҚ 90/60 мм.с.б. Тілі қоңыр жабындымен қапталған, құрғақ, ауызынан ацетонның иісі сезіледі. Болжамды диагноз. Медбикелік іс әрекет.




  1. Тыныс аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Бронх демікпесі. Этиология, науқастың негізгі мәселесі қандай? Шұғыл көмек.

  2. Гемморагиялық васкулиттер. Этиологиясы,клиникалық көріністері, диагностика. Емдеу қағидалары.

  3. Есеп: Науқас 25 жаста ауруханаға ентігуге,аз ғана физикалық күштемеден кейін, жөтел қызғылт түсті қақырық. Об-ті: еріні көгерген, алыстан естілетін ысқырықты сырыл ТАЖ 26 рет мин. Жүрек ұшында «мысық пырылы» шу естіледі. Болжамды диагноз. Медбикелік іс әрекет.




  1. Қан айналым ағзалары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Митральды қақпақша жетіспеушілігі. Этиология, клиника, ағымы, диагностика, емдеу қағидалары.

  2. Бүйрек аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Пиелонефрит этиология, клиникалық көріністері, алдын алу, емдәм, емдеу қағидалары. Мейірбикелік күтім ерекшеліктері.

  3. Есеп: Науқас 36 жаста. В дәрумен ерітіндісін еккеннен кейін бірнеше минут өткен соң әлсіздік, бас айналу, жүрек айну, «үрленген жөтел» дауыс қарлығуы, дем жетіспеу көріністері байқалды. Болжамды диагноз. Медбикелік іс әрекет.




  1. Бүйрек аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Бүйрек тас ауруы. Этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, емдәм түрлері. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері.

  2. Орталық жүйке жүйесі аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Ишемиялық инсульт этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емдеу қағидалары, алдын алу. Мейіргерлік күтім.

  3. Есеп: Науқас 18 жаста тамырдан қан алу кезінде кенеттен тері жамылғысы бозарып, көз қарашығы кеңейіп, дем алысының жиілігі байқалдыесі сақталғанбірақ қойылған сұраққа жауап бермейді. АҚ 80/60мм сб. Пульс 60 рет мин жіп тәрізді,аяқтары салқын. Болжамды диагноз. Медбике іс әрекеті.




  1. Бүйрек аурулары кезіндегі мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Пиелонефрит этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, емі, емдәм түрлері. Мейірбикелік күтім.

  2. Асқорыту жүйесі аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Жедел гастрит этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, емдеу қағидалары, емдәм, алдын алу.

  3. Есеп: Қант диабеті 1 түрімен ауратын науқас кенеттен әлсіздікке, тітіркенуге, аштыққа тершіңдікке шағымданды. Тексеру кезінде терісі ылғалды, көз қарашықтары кеңейген. Тамырсоғысы 100 рет мин, АҚ 130/90 мм.с.б. Болжамды диагноз. Мейірбике іс әрекеті.




  1. Бүйрек аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, алдын алу, емі. Емдәм.

  2. Асқорыту аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Ойық жара асқынуы. Асқазаннан қан кету. Мейірбикелік шұғыл көмек.

  3. Есеп: Науқас 58 жаста таңертеңгі уақытта буындарының құрысып тұруына, майда буындарының ауырсынуына шағымданады. Тексеру кезінде буындарының пішіні өзгерген, деформация байқалады, қозғалыс шектелген. Болжамды диагноз. Өмір анамнезін толықтыру қажет пе? Медбикелік іс әрекет.


  1. Қан және қан түзу жүйесі аурулары кезінде мейіргерлік үрдіс. Анемия этиологиясы, жіктелуі, клиникасы, диагностика, емі, алдын алу.

  2. Тірек қимыл жүйесі аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Остеохондроз, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алу. Мейіргерлік күтім.

  3. Есеп: Науқас ер адам эпигастри аймағының ауырсынуына, құсуға, әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағысының жиілігіне шағымданады. Өмір анамнезінде ЖИА. Стенокардия ФК-2. Тексеру кезінде: АҚ 90/60 мм.с.б. Пальпация кезінде іш жұмсақ. Зәр шығару және нәжіс қалыпты. Болжамды диагноз. Медбикелік іс әрекет.




  1. Қан және қан түзу жүйесі аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Темір жетіспешілік анемиясы, этиологиясы,жіктелуі, клиникалық көріністері, диагностика, емі, емдәм, алдын алу шаралары.

  2. Бүйрек аурулары мейіргерлік үрдісті үйымдастыру. Созылмалы гломерулонефрит этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, емі. Мейіргерлік күтім.

  3. Есеп: Жұмысшы ес-түссіз денсаулық бекетіндегі фельдшерге жеткізілді. Об-ті: терісі бозарған, құрғақ, көз қарашықтары тарылған, жарыққасерпілісі әлсіз. Тынысы әркелкішулы, тыныс ал қимылыүлкен ауытқумен, ТАЖ 18 мин АҚ 90/60 мм.с.б. Тілі қоңыр жабындымен қапталған, құрғақ, ауызынан ацетонның иісі сезіледі. Болжамды диагноз. Медбикелік іс әрекет.




  1. Қан және қан түзу жүйесі ауруларында мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. В-12 жетіспеушілік анемиясы, этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика, емі.

  2. Эндокрин жүйесі аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Қант диабеті этиологиясы, жіктемесі, клиникалық көріністері, диагностикасы, асқынулары, алдын алу.

  3. Есеп: Науқас 20 жаста ентігуге, ауаны сыртқа шығарудың киындауына, кеуде түсында ысқырықты демігуге шағымданады. Түнде жиі ұстайды, аз мөлшерде қақырық кетсе жеңілдік айтады. Болжамды диагноз. Медбикелік іс әрекет


  1. Эндокрин жүйесі аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Диффузды уытты жемсау этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі. Мейірбикелік күтім.

  2. Перифериялық жүйке жүйесі аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті үйымдастыру. Радикулит этиологиясы, клиникасы, диагностика, емі. Мейірбикелік күтім.

  3. Есеп: Науқас 44 жаста 1айға жуық төс артының қысып ауруына, ауырсынудың сол иыққа, сол қолға, жауырынның сол жағына таралуына шағымданды. Ұзақтығы 3-5 минут аралығы. Ауырсыну сезімі физикалық күш түскенде, 2 этажға көтерілгенде күшейе түсетіне шағымданады. Болжамды диагноз. Медбикелік іс әрекет.




  1. Тірек қимыл жүйесі аурулары кезінде мейірбикелік үрдіс. Деформацияланған остеоартроз. Этиологиясы, клиникасы, диагностика, емі. Медбикелік күтім

  2. Орталық жүйке жүйесі аурулары кезінде мейірбикелік үдірсті ұйымдастыру.Мидағы қан айналым бұзылыстары жіктелуі , клиникасы, емі,асқынулары. Мейірбикелік күтім

  3. Есеп: Науқас бас ауруына,басының айналуына,жүрегі айнуына, көз алдында шіркейлердің ұшуына шағымданады. Науқастың беті гиперемияланған, қара тер басқан. АҚ 200/130 мм/с.б. Болжамды диагноз. Мейірбикелік іс әрекет.




  1. Аллергия аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Жедел есекжем этиологиясы, клиникасы, диагностикасы,емі. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері.

  2. Қан және қан түзу жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Лейкоздар этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алу шаралары.

  3. Есеп: Ауруханада емделуші тамақ режимін бұзғаннан кейін оң жақ қабырға астының ауысынуына, өт аралас құсыққа шағымданды. Өмір анамнезінде. Өт тас ауруы бар.

Болжамды диагноз? Мейіргерлік көмек көрсетіңіз.

  1. Эндокрин жүйесі аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Қант диабеті 2 түрі анықтамасы, этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика. Мейіргерлік күтім ерекшеліктері.

  2. Тыныс жүйесі аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Бронх демікпесі этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика. Қақырық ерекшеліктері.

  3. Есеп: Науқас қатты бас ауруы, желке тұсы аймағында бас айналуы, жүрек айнуына толассыз құсуға, жүректің қысып ауруына шағымданады. Об-ті: Бет терісіқызарған ТАЖ мин 22 рет тамыр соғысы 92 рет АҚ 200/110 мм.с.б. Болжамды диагноз. Мейірбике іс – әрекеті.




  1. Қан және қан түзу жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Темір жетіспеушілік анемия этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика.

  2. Асқорыту жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Созылмалы колит этиологиясы, клиникасы, диагностика,емі.

  3. Есеп: Науқас төс артының күйіп ауырсынуына, ауырсынудың сол жақ жауырынға және жаққа таралуына шағымданады, ауырсынуды жүйке күйзелісімен байланыстырады. Об-ті: Тері жамылғысы боарған, ылғалдыеріндері көгерген. Шеткі тамыр төмендеген. Сана сезімі тежеулі, пульс 92 АҚ 80/60 мм.с.б. Болжамды диагноз. Мейірбике іс әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет