«Экономикалық теория» пәнінен Дәріс 1-тақырып: Экономикалық теория пәні және әдістері Әзірлеген: э.ғ.к., аға оқытушы Жакупова Б.А.
Дәріс презентациялаудың мақсаты: Негізгі экономикалық түсініктермен танысып, экономиканың негізгі үш сұрағын анықтау. Экономикалық теория пәні мен әдістері және атқаратын қызметтері, құрылымымен танысу. Дәріс жоспары: 1. Экономикалық теорияның пәні және орны. 2. Экономикалық процесстерді зерттеу әдістері. 3. Экономикалық категориялар мен заңдар. 4. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
Экономикалық теория – барлық экономикалық ғылымдардың жалпы теориялық базасы (тұғырнамасы). Нақты экономикалық ғылымдар – қоғамның жеке шаруашылық өмірін зерттейтін пәндер. Оның өзі салалық, функционалдық, салааралық, тарихи, аймақтық экономикалық ғылымдар болып бөлінеді. Экономикалық ғылымдар – қоғамның экономи- калық өмірін оқытатын жүйе. Экономикалық ғылымдар жүйесін екі негізгі бағытқа бөлуге болады: Микроэкономика – экономикалық субъектілердің іс-әрекеттерінің заңдылықтарын зерттейді. Макроэкономика – ұлттық және дүниежүзілік экономика дамуының заңдылығын зерттейді. Экономикалық теория курсыны құрылымы (объектісіне байланысты бөлінуі):
Экономикалық теория – экономикалық дамудың жалпы ұстанымдарын (принциптерін) заңдылықтарын және экономикалық жүйенің қалыптасу механизмін талдауды зерттейді. Экономикалық теория – адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесін зерттейді. Экономикалық теория – ғылым ретінде экономикалық құбылыстардың стратегиясы мен тактикасын, экономикалық саясаттың негіздерін өңдейді.