Практикалық тапсырмалар



бет1/4
Дата16.12.2023
өлшемі36,71 Kb.
#140045
түріПрезентация
  1   2   3   4

«ҚР салық жүйесі» пәні бойынша


ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР


1 рубеждік бақылауға дейін




ҚР салық жүйесі пәні бойынша тәжірибелік тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар


Мақсаты: дәрістік материалдарды және тақырыптарды өз бетінше оқу арқылы алынған теориялық білімдерді бекіту.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: барлық тапсырмалар жазбаша және өз бетінше орындалады. Дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиет бойынша тиісті тақырыпты егжей-тегжейлі оқып үйрену. Таңдалған тақырыпқа эссе жазу.
Практикалық тапсырманы орындау алдында міндетті түрде студенттің өзіндік дайындық жұмысы болуы тиіс, оның мақсаты:
- сабақты сәтті орындау үшін қажетті теориялық материалдарды өз бетінше зерттеу;
- сабақта қаралатын сұрақтар шеңберіндегі маманның практикалық қызметінің әдіснамасымен танысу;
- оқытылатын пән бойынша оқу және ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру.
Презентация көлемі 15 слайдтан аспауы тиіс.
Студенттің эссеге жауап көлемі А4 форматындағы бір беттен аспауы тиіс, шрифт Times New Roman, шрифт өлшемі 12, жоларалық интервал: бір, туралау: ені бойынша; абзацтық шегініс: 1,25 см, жиектер: барлық жағынан 2 см.
Жазбаша жұмыстарды бағалау кезінде құрылымы, мазмұны, сілтемелер және ресімдеу стандарттары ескеріледі.
Бірдей ресімделген жұмыстар бағаланбайды, яғни басқаның жұмысын алған студент "қанағаттанарлықсыз"деген баға алады. Жазбаша жұмыс антиплагиатқа тексеріледі.
Студенттің жауаптарында ҚР заңнамасына сілтеме жасау ұсынылады. Заң баптарын көшіріп қайта жазудың қажеті жоқ, баптың нөмірі және нормативтік құқықтық актінің атауы ғана көрсетіледі.
Студент өз тапсырмасын орындамаған жағдайда баға бір әріптік бірлікке төмендетіледі.
Есептер бөлек файлда, титулдық бетімен, кестелермен толықтырылып шешілуі тиіс. Әр кестенің астына оның сипаттамасы, көрсеткіштерінің талдамасы беріледі. Есептің дұрыс шешілуін оқытушы тексереді. Орындалған тапсырманы бағалау кезінде студенттің өз пікірін айта алуы, Интернеттен көшіріліп жазылған материал емес, өзіндік жұмысы ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет