1-билет
1.Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі анықтама беріп, талдаңыз
2. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесін сипаттаңыз
3. Критериалды бағалау жүйесінің ұйымдастыру формаларын талдаңыз
Жауабы:
1. Жеке бағдарлы оқытуда бағалаудың әр түрі мен әдістерін қолданудың маңызы зор. Оқушыларға өз білімдері мен дағдыларын көтеруге және алдағы уақытта қай бағытта жұмыс істеу керек екендігін анықтауға мүмкіндік туса, мұғалім оұушының оқу мазмұнын терең түсінуіне және оқып-үйренуде тәуелсіз болуына қажетті ақпараттарды алады.Бағалаудың әр түрлі тәсілдерін, әдістері мен техникасын оқушылардың өтілген тақырыпты түсіну дағдыларын қалыптастыру дәрежесін анықтау мақсатында мәліметтер жинау үшін ұтымды қолдану мұғалімге оқытуды жүйелеуге мүмкіндік береді, яғни әр оқушының талабы мен мүмкіндігі ескеріледі, ал оқушы білім алуына және алдағы өміріне қажетті өзінің білімін, жоғары құзіреттілігін қалыптастыруын бақылайды.Бағалау – оқыту мәселерінің диагностикасы мен жетістіктерін, кері байланысты, оқу процесіне қатысушыларды (сыныптағы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мемлекет) білім берудің жағдайымен, мәселелерімен, және жетістіктерімен таныстыруды өлшеудің негізгі құралы. Оқушының оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесі – білім беру бағдарламасын меңгеру сапасын бағалайтын оқу үрдісінің негізгі элементі.Қазіргі кездегі мектептің білім беру жүйесінде бағалау, баға, белгі деген сөздер тек синоним түрінде қолданылады. Бірақ іс жүзінде олай емес.
2. Қазіргі кездегі мектептің білім беру жүйесінде бағалау, баға, белгі деген сөздер тек синоним түрінде қолданылады. Бірақ іс жүзінде олай емес.Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі. Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ. Оқушының білім алудағы жетістіктерін тиімді бағалау мақсатында мұғалім бағалаудың мынандай түрлерін сәтті қолдануы тиіс: диагностикалық, формативтік(қалыптастырушылық), суммативті(жинақтаушы).Оқушының білім алудағы жетістектерін бағалаудың мақсаты алынған білім нәтижелерінің алдын ала жоспарланған деңгейге сәйкес келу дәрежесін анықтау болып табылады. Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды
жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты маңызды болса, оның
жеке түрлерін білу соншалықты маңызды.
Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар:-ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;-ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;-өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен
мұғалімнің байланысын бағалауы;
Топпен бірге жұмыс істеуді ұйымдастырғанда мұғалім төмендегі
шарттармен таныстырып өтуі керек.
Топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау және оның оқытылатын
тақырыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі;
Тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау;
Соңында кім бағалайтыны жайлы хабарлап алу;
3. «Критериалды бағалау» терминін алғаш Роберт Глейзер (1963) қолданған, ол әдеттегі мінез-құлық моделінің жиынын анықтау үдерісін, білім алушылардың оқу жетістігі деңгейінің шамасы мен қолжетімділігінің арасындағы сәйкестікті сипаттады. Бұл оқушы әрекетін алдын ала анықталған критерийлерді тіркеп жинақтау арқылы бағалауды білдіреді. Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Критериалды бағалау-бұл оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру процесінің барлық қатысушыларына (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға, заңды өкілдерге және т.б.) білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін критерийлермен салыстыруға негізделген процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |