Преператтардың аты Зерттеу объектілері



бет1/28
Дата14.03.2022
өлшемі10,11 Mb.
#27878
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28






Преператтардың аты

Зерттеу объектілері

Сурет

Сипаттамасы

Қызметі

1.

Жұлын түйінінің нейрондарындағы Гольджи кешені. Осмимен импрегнацияланған. х 630.

1-нейрон

2-ядро


3-ядрошық

4-Гольджи кешені



5 – капсула



Препаратта жұлын түйінінің псевдоуниполярлы (жалған бір өсінділі) нейроны берілген. Цитоплазмасында бір ядросын және айналасында қара түске боялған Гольджи кешенін көреміз

Біріншілік лизосома, белок, көмірсу синтезі

2.

Бауыр жасушаларындағы май қосындылары. Бояуы: осмий кышқылы-сафранин. х 630.

1-көпбұрышты бауыр жасушалары

2-қызғылт түске боялған ядро

3-қара түске боялған май тамшылары

4 – гепатоциттің цитоплазмасы



5 – синусоидты капилляр




Препаратта пішіні полигональды(көп бұрышты) бауыр жасушасын көреміз. Цитоплазмасы және ядросы оксифильді боялған. Цитоплазмасында көлемі әртүрлі бейтарап май тамшыларын көреміз. Бұл трофикалық қосындылар.

қоректік

3.

Пияз қабығындағы жасушалардың кариокинезі. Темірлі гематоксилин. х 400.

1-профаза

2-метафаза

3-анафаза

4-телофаза



5 – интерфаза



G1 кезеңінде жасушада метаболизм үдерісі күшейеді, S кезеңінде генетикалық код сақтайтын ДНҚ репликацияға яғни екі еселенеді. G2 кезінде органоидтар екі еселенеді, ядро ұлғаяды. Профаза кезінде ядро қабығының күйретілуі жүзеге асады. Метафаза хромосомалар ұршықтың экваторлық жазықтығында орналасып, хромосомалардың экваторлық табақшасын түзейді.

Анафазада хромосомаларға қарама-қарсы полюстерге бір-бірінен синхронды алыстайды. Телофазада әр жасушаға тән ядро, цитоплазма, мембрана қалыптасады.



Жасушаның көбеюі, бөлінуі

4.

Сүтқоректілердің аналық жыныс жасушасы. Гематоксилин-эозин. х 630.

1-ядро

2-цитоплазма

3-мөлдір қабық

4-сәулелі тәж



5 – ішкі теканың жасушалары



Препаратта аналық жұмыртқа жасушасын көреміз. Овоциттің оксифильді боялғанядросы және сыртын қоршаған қабықтары анықталады. Цитолемманы жылтыр және тәждік қабық жабады. Цитоплазмасында біркелкі орналасқан аздаған сарыуыз қосындылары бар, сол себепті адам овоциті екіншілік изолецитальді болады және цитоплазмасынан кортикальді түйіршіктерді көруге болады, олар кортикальді реакцияға қатысып, полигамияның алдын алады. Көлемі шар тәрізді, диаметрі 130 мкм.

Ұрықтануға қатысады

5.

Адамның сперматозоидтары. Гематоксилин. х 1000.

1-акросомасы

2-басы


3-құйрығы

4 –сылынған эпителий жасушалары



5 – сперманың сұйық бөлігінің коагуляцияланған белоктары



Препаратта пішіні жіп тәрізді ұзындығы 70 мкм болатын аталық жыныс жасушасын көреміз. Оның басы мен құйрығы ажыратылады. Басында ядросы мен акросомасы анық көрінеді. Акросома Гольджи кешенінің туындысы болып табылады. Құрамында гидролитикалық және протолитикалық ферменттер бар. Ядросында гаплоидты хромосомалар жиынтығы болады. Басымен байланыстырушы аймағында проксимальді центриоль орналасқан. Құйрығының негізгі, аралық, терминальді бөліктері ажыратылады. Аралық бөлігінде 2 орталық, 9шеткі микротүтікшелер ж/е бұларды қоршай орналасқан митохондрия болады. Аралық бөлігінде дистальді жасуша орталығы орналасады.

Көбеюге, ұрықтануға қатысады.

6.

Плацента. Нәресте бөлігі. Гематоксилин-эозин. х 100

1-амнион қабығы

2-хорион пластинкасы

3-ана қанына толған лакуналар

4-хорион бүрлерінің кесінділері



5 – тамырлар



Препараттан плацентаның нәресте бөлігін көреміз. Плацентаның нәресте бөлігі ұрықтық даму кезеңінің 3-айдың аяғына қарай құрамында талшықты дәнекер тінінен тұратын тармақталған хориальды пластинка. Дәнекер тінінің сырты цито-симластотрофобластпен тысталған көпядролы құрылым. Тармақталған хорион бүрлері жатырдың миометрия жағына бағытталған. Ұрықтық дамудың ертерек сатысында хорион эпителийі бір қабатты болса, ал кейін митоз жолымен бөлініп симпластотрофобластқа айналады. Пайда болған симпластотрофобласт ана мен ұрық арасындағы зат алмасу процесіне қажетті көптеген протеолитикалық және тотықтырғыш ферменттер бөледі. Ұрықтың 2-айынан бастап хориальды эпителий жұқарып, қанға толы лакунаға қараған беткейлерде көптеген микробүрлері пайда болады. Жүктіліктің екінші жартысында трофобласттың жұқаруынан хорион бүрлерінің сырты оксифильді фибриноидты затпен қоршалады.Бұл зат қан плазмасының ұюынан және трофобласттың жұқаруынан пайда болған өнім Лангханс фибриноиді болып саналады.Плацентаның құрылыс қызметін атқаратын бірлігі болып котиледондар саналады. Котиледондар құрамында бағаналы және бұдан тараған екіншілік үшіншілк тармақтары бар,хорионның бүрлері.Плацентада котиледондардың саны 200 ге жетеді.




7.

Плацента. Аналық бөлігі. Гематоксилин-эозин. х 100.

1-ана қанына толған лакуналар

2-хорион бүрлерінің кесінділері

3-базальды пластинка

4-децидуальды жасушалар



5 – трофобласт



Препараттан плацентаның аналық бөлігін көрдік.Жатырдың базальды пластинкасынан, котиледондарды бір бірінен бөліп тұратын дәнекер тінді септалардан (перделерден) және ана қанымен толы шұңқырлардан лакуналар тұрады.Плацентаның бұл бөлігінде трофобласттың жасушалары болады. Мұндай жасушалар бағаналы бүрлердің, жатырдың түсетін қабығына жабысқан жерінде кездеседі.Жатырдың түсетін қабығының терең бөлігі трофобластпен бірігіп,Базальды қабаты құрамында децидуальды жасушалар бар.Децидуальды жасушалардың цитоплазмасында гликоген липидтер глюкоза витамин С темір сүт қышқылдар сияқты заттар болады.Адам плацентасының Д 15-18 см қалыңдығы 2-3 см салмағы 500ден 1000 грдай.


тыныс алу,қоректік заттарды тасымалдау,бұл заттарға:су, электролиттер мен иммуноглобулиндер жатады.Плацента эндокринді қызмет атқарады.Бұлармен қоса жатырдың ет қабығы – миометрийінің жиырылуында реттейді.

8

Шошқаның кіндігі. Гематоксилин-эозин. х 40.

1-амнион эпителиі

2-сарыуыз қапшығының қалдықтары

3-артериялар

4-аллантоистың қалдығы



5-вена

6 – кілегейлі дәнекер тіні






Препаратта шошқа кіндігі берілген. Ұзындығы 50-70 см, диаметрі-1,5см, серпімді белбеу тәрізді ұрықтан тыс мүше. Ал ұрықты плацентамен байланыстыратын құрамында 2 артерия, 1 вена, саруыздың және аллантоистың қалдығы болады. Стромасын эмбриональды дәнекер тіні- Вартонов дәнекер тіні тыстайды

Тасымалдау (СО22 қорек)

9

Қоян бүйрегінің түтікшелеріндегі АЛАСА призмалы эпителий. Гематоксилин-эозин. х 400.

1-куб тәрізді жасушаның апикальды полюсі

2-куб тәрізді жасушаның базальды полюсы

3-жасуша ядросы

4-түтікшелердің қуысы



5-түтікшелерді қоршап жатқан дәнекер тіні



Бүйрек кесіндісінен нефрон түтікшесінің көлденең кесіндісін тауып, олардың куб н/е призма тәрізді екенін көреміз. Олар базальды мембранаға бекінген. Базальды полюсі ж/е түтікшенің қуысына қараған апикальді полюсін ажыратады. Цитоплазмасы оксифильді, ядросы базофильді боялған.

Несеп түзу, реабсорбция, қорғаныш

10.

Қоян бүйрегінің түтікшелеріндегі БИІК призмалы эпителий. Гематоксилин-эозин. х 400.

1-призма тәрізді жасушаның апикальды полюсі

2- призма тәрізді жасушаның базальды полюсі

3-жасуша ядросы

4-түтікшелердің қуысы



5-түтікшелерді қоршап жатқан дәнекер тін



Бүйрек кесіндісінен нефрон түтікшесінің көлденең кесіндісін тауып, олардың куб н/е призма тәрізді екенін көреміз. Олар базальды мембранаға бекінген. Базальды полюсі ж/е түтікшенің қуысына қараған апикальді полюсін ажыратады. Цитоплазмасы оксифильді, ядросы базофильді боялған.

Несеп түзу, реабсорбция, қорғаныш

11.

Ит кеңірдегінің көп қатарлы кірпікшелі эпителиі. Гематоксилин-эозин. х 400.

1-жасушаның кірпікшелері

2-бокал тәрізді жасушалар

3-кірпікшелі жасушалр

4-базальды жасушалар

5-кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасының дәнекер тіні

6-тамырлар





Кеңірдектің препаратынан көп қатарлы кірпікшелі эпителий көреміз. Құрылымында 4 түрлі эпителиоциттер болады: 1-базальды, 2-қыстырма, 3-кірпікшелі, 4-бокал тәрізді. Базальды жасуша митоз процесі сақталып, регенерацияны қамтамасыз ететін жасушалар. Кірпікшелі эпителий-апикальді полюсінде кірпішелері бар жасуша. Бокал тәрізді жасуша өзінен арнайы муцин бөліп, шаң тозаңнан сақтайды.

Механикалық, инфекциялық, реттеуші, қорғаныш, муцин бөледі.

12.

Сиыр көзінің қасаң қабығының көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителиі.

Гематоксилин-эозин. х 400.

1-жалпақ жасушалар қабаты

2-тікенекті жасушалар қабаты

3-базальды жасушалар қабаты

4-базальды мембрана



5-талшықты дәнекер тіні



Қасаң қабықтың препаратынан көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий көреміз. Ол үш қабаттан: 1-базальды қабат-эпителиоциттер пішіні призма тәрізді, базальды мембранаға бекінген. 2-тікенекті қабат полигональды жасуашалрдан тұрады. 3үстіңгі қабат-пішіні жалпақ жасушалардан тұрады. Базальды қабат митоз жолымен бөлінетін бағаналы жасушалардан тұрады.

қорғаныш

13.

Саусақ терісінің көп қабатты жалпақ мүйізделетін эпителиі. Гематоксилин-эозин. х 40

1-базальды қабат

2-тікенекті қабат

3-дәнді қабат

4-жылтыр қабат

5-мүйізді қабат

6-талшықты дәнекер тін





Көп қабатты мүйізделген эпителий-тері эпидермисі.Үнемі мүйізделіп түсіп отырады.эпидермис жасушаларының көбі кератиноциттер.Кератиноциттердің цитоплазмасында арнайы белоктар – цитокератиндер филагрин,кератолин болады.Бұлар мүйіздену процесіне қатысты белоктар.Тері эпидермисінде:базальды,тікенекті,дәнді,жылтыр,және мүйізді қабаттарын ажыратады.соңғы үш қабаты алақан табан терілерінде жақсы дамиды.Базальды қабат-пішіні призмалы,цитоплазмасында кератин белогы синтезделінетін жасушалардан қалыптасқан.Бұл қабатта бағаналы жасушаларда болады,сондықтан базальды қабат өсетін жасушалар болып саналады.Тікенекті эпителий-кератиноциттердің пішіні көпбұрышты,десмасомалар арқылы байланысқан тікенекті ұштар бар жасушалардан қалыптасқан.Бұлардың цитоплпзмасында кератиносомалары мен липидтері болады.Дәнді қабат-жалпақ кератиноциттерден тұрады,цитоплазмасында өте ірі базофильді түйіршіктері болады.Жылтыр қабат-мүйізделінетін қабат жасушалары жалпақ органеллалары мен ядросы жойылған құрамында тек қана кератолинин белогы бар.Мүйізделген қабатты-мүйізделген қабыршақтар құрамында көп бұрышты кератиноциттері бар аморфты затпен қоршалған.Бұл қабат кератиносомалар мен липидтерге өте бай.

Қорғаныш

14.

Саусақ терісінің көп қабатты жалпақ мүйізделетін эпителиі. Гематоксилин-эозин.х 400.

1-базальды жасушалар қабаты

2-тікенекті жасушалар қабаты

3-дәнді қабат

4-жылтыр қабат



5 – дерманың емізікті қабатының талшықты дәнекер тіні









15.

Қоян қуығының ауыспалы эпителиі. Гематоксилин-эозин. х 630.

1-үстіңгі жасушалар қабаты

2-аралық жасушалар қабаты

3-базальды жасушалар қабаты

4-талшықты дәнекер тіні



5 – қан тамыры



Препараттан көп қабатты жалпақ эпителий көреміз. 3қабат: 1-базальды, 2-аралық, 3-үстіңгі. Несептің жиналуы барысында кілегейлі қабығының эпителийі айтарлықтай созылып отырады.

Несептің қуықтың басқа қабатына өтпеуі, қорғаныш

16.

Адам қанының жағындысы. Эритроциттер, сегментті ядролы нейтрофилдер, тромбоциттер. Романовский-Гимза. х 1000

1-эритроциттер

2-сегментті ядролы нейтрофилдер

3-тромбоциттер

4 – нейтрофилдің ядросы



5 – арнайы нейтрофилді түйіршіктер






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет