Презентация по статистике



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#138298
  1   2

№ 1 ДӘРІС

«СТАТИСТИКА» - латынның «status» деген сөзі – қазақша аударғанда заттың, нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің түбірінен итальяндық мағыналы терминдер пайда болған:

  • «СТАТИСТИКА» - латынның «status» деген сөзі – қазақша аударғанда заттың, нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің түбірінен итальяндық мағыналы терминдер пайда болған:
  • «stato» - мемлекет;
  • «statistо»- статистик, мемлкеттің жағдайын жетік білетін маман;
  • «statistica»- статистика, мемлкеттің жағдайы туралы жиынтық ақпарат.

«Статистика»

  • Статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдык, құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;
  • Статистика — статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;
  • Статистика қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

Статистика

  • Қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі-бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды
  • Статистиканың сандық жағы деп, зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттауын айтады.
  • Сандық жағын оқып-үйрену жолдары төмендегідей:
  • Біріншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін, мөлшерін зерттейді. Сандық жағын зерттей отырып, көптеген қызықты көрсеткіштерге тап боламыз және олардың қалай өзгергенін анықтай аламыз. Мысалы, халықтың саны, өндірілген өнім мөлшері және т.с.с.
  • Екіншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни қай уақытта қанша болғандығын анықтайды.
  • Үшіншіден, статистика қоғамдық құбылыстардьң өзара қарым-қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.
  • Жоғарыда көрсетілген үш элемент – қоғамдық құбылыстардың сандық құрамының негізгі бөліктері болып саналады.
  • Статистиканың негізгі қасиеті - қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра отырып, оның сапалық мәнін де анықтайды.
  • Сандық пен сапалық көрсеткіштер бірімен-бірі өзара тығыз байланыста болады.
  • Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуін айтады.
  • Демек, сандық көрсеткіштерді айтсақ, онда оның сапасын бірге көрсеткеніміз немесе керісінше, сапасън көрсете отырып, оның сандық мәнін анықтағанымыз.
  • Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу барысында біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады.
  • Бұл элементтер жиынтық бірліктері деп аталады және олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттерін статистика тілінде белгі деп атайды.
  • Белгілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді.
  • Сандық белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі.
  • Белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады.
  • Оны статистикада өзгермелілік (варияция) деп атайды
  • Статистиканың әдістері:
  • статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
  • 2) жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және жинақтау;
  • 3) жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет