Презентация Тақырыбы: Мұнай және мұнай өнімдеріндегі минералды қоспалар



бет1/12
Дата06.04.2022
өлшемі0,72 Mb.
#30009
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Презентация

Тақырыбы: Мұнай және мұнай өнімдеріндегі минералды қоспалар.

Орындаған: 2-топ

Тобы: ХТ-19-10К

Қабылдаған: Кабылбекова Б.Н

Жоспары:

1. Мұнайдың пайда болуы туралы гипотезалар.

2. Мұнайдың элементтік құрамы.

3. Мұнай және мұнай өнімдерінің төмен температуралық қасиеттері.

4. Мұнайдың минералды компоненттері.

5. Мұнай өнімдері

6. Қорытынды.

7. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Мұнай мен газ адамзатты энергиямен қамтамасыз етуде шешуші роль атқарады, сонымен қатар, мұнайхимиялық синтезге қажетті құнды шикізат болып табылады, мұнайдан еріткіштерден бастап, кокс және техникалық көміртегі алуға болады. Қазақстан дүние жүзіндегі көмірсутекті шикізатардың өте көп қоры бар елдердің біріне жатады.

Мұнайды тиімді терең өңдеу, одан экологиялық қасиеттері жақсы сапалы өнімдер алу проблемасы өте көкейкесті мәселе болып табылады. Осыған байланысты мұнайды өңдеуге әзірлеу, оны алғашқы және терең өңдеу процестерінің маңызы өте зор. Мұнай мен газ елдің экономикасын алға жетелейтін негізгі энергетика көзі болып тұрған кезеңде, олардың физикасы мен химиясын, алғаш және терең өңдеу әдістерін оқып-білу болашақ химиялық технология мамандары үшін ғана емес, сонымен қатар мұнай және газ өнеркәсібіне қатысы бар барлық қызметкерлерге де пайдалы.


Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метандынафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегіазоткүкіртасфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. 



Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензинкеросинлигроинпарафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектерпластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.

Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет