Презентациялар Педагогтың аты-жөні Күні Сынып: 4



Дата20.09.2023
өлшемі3,07 Mb.
#108890
түріПрезентация

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Презентациялар

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып: 4

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Анимация және ауысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.3.2 презентациялардағы нысандардың анимациясын келтіру;
4.2.1.2 құжатқа сурет енгізу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Анимация» ұғымына анықтама береді

Көптеген оқушылар:

презентацияға анимациялық әсерлерді қосады

Кейбір оқушылар:

слайдтар арасындағы ауысуларды қолданады









Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Біз қарапайым презентацияның қозғалыссыз слайдтардың жиынынан тұратынын білеміз. Бір слайдтан екінші сладйқа көшкенде слайдтар тек бірінің орнын бірі ауыстырады. Дегенмен, біз осы презентацияларға қозғалыс түрлерін енгізіп, жандандыра аламыз. Ол үшін пайдаланылатын әсерлер:
-слайдтар арасындағы ауысулар;
-анимациялар.

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.







Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Презентация.
Анимация- мультимедиалық технология. Қозғалыстағы нысанды бейнелеу әсері.
Анимация → Анимацияны қосу
Презентацияда анимациялық әсер жасаудың түрлері:

  • Кіру әсерлері.

  • Ерекшелеу әсерлері-бұл әсердің құрамына нысанның өлшемін кеміту немесе ұлғайту, түсті өзгерту, оның ортасында айналу әрекеттері кіреді.

  • Шығу әсерлері.

  • Қозғалыс жолы әсерлері.

Анимацяи әсерін кез келген нысанға қолдануға болады. Әр нысанға бірнеше әсер қолдануға болады. Презентация кезінде әр әсердің қосылу жолын тағайындауға болады. Әр әсердің бір немесе бірнеше түрі бар: анимация басы, масштаб, жылдамдық, қозғалыс бағыты, шамасы және т.б.


Жеке жұмыс. 1-тапсырма.


Өткен сабақтың «Қоршаған ортадағы зиянды заттар» тақырыбына презентацияға анимациялық әсерлерді қос. Слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалан.

Дескриптор:


-өткен сабақтың презентацияны бумадан ашады;
-презентацияға анимациялық әсерлерді қосады;
-слайдтар арасындағы ауысуларды қолданады.

ҚБ: «Стикер» әдісі



Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды


Стикер


Интербелсенді тақта

компьютер





Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:


Өзін-өзі бағалау.




Плакат слайд

Үй тапсырмасы

§ 26, жұмыс дәптері 43-44-бет




















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет