Пробл ем ы ис то ри и каза хс тан а



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата21.01.2017
өлшемі1,63 Mb.
#2386
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 

 
ҚА ЗА ҚС ТАН  ТАРИ Х ЫНЫҢ П ІКІРТАЛ АС   М ƏСЕЛ ЕЛ ЕР І  ДИ СКУС СИОНН ЬІЕ 
ПРОБЛ ЕМ Ы ИС ТО РИ И КАЗА ХС ТАН А 
 
ҚАЗІГІ ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХ ЖƏНЕ МЕТОДОЛОГИЯ 
 
 
 
Х.Əбжанов -
 
Мемлекет тарихы институты директорыны  орынбасары, тарих ғылымдарыны  докторы, профессор 
 
Ақиқатты айту – методологиядан 
 
«Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұламадан»  бергі  уақыттың  бедерінде  Ресейге  бодандықты 
мойындаумен жат жұртқа телмірген қазақ халқының санасы мсн жан-дүниесін мазалаған түйткілді ойы 
ұлттық  һəм  мемлекеттік  тəуелсіздік  еді.  Азаттық  жолында  қанды  майдан  жорықтар  мен 
құрбандықтараз  болған жоқ.  Ол  тіпті  «адамзаттың  жарқын болашағы  -  коммунизм»  құру  тұсында  да 
жалғаса берді.1991 жылғы 16 желтоқсанда жұлдызды сəт туды. Содан бері бір ұрпақ өсіп-өнген мерзім 
өте шығыпты.Қария тарих үшін қас-қағым сəт болғанымен елім, жерім деп ет жүрегі елжіреген əрбір 
қазақ  баласынтебіренткен  үміт  пен  күдікке  толы  жылдар  артта  қалды.  Барымыз  бен  жоғымызды 
ғылымизерделеудің,  əсіресе  азаттық  тарихы  мен  тағылымын  тереңнен  толғаудың  методологиялы 
ұстанымдарын  дəйектейтін  уақыт  келді.  Əрине,  мəселенің  шешімін  əр  ғылым  өз  биігінен  
пайымдайтыны  ақиқат.  Солардың  қатарында  тарих  ғылымының  өздік  методологиясы  болғаны 
абзал.Методология ежелден өзекті мəн-мағынаға ие. Бұл түсінікті де. Ғылымның қарымы, ақиқатқа қол 
жеткізуі  бірінші  кезекте  оның  методологиялық  ұстанымымен  анықталады.  Табиғаттың, 
қоғамның,адамдар қауымдастығы мен сананың болмыс-бітімін,өзгерістерін жəне беймəлім құпияларын 
ашу үшін əрқашан қатпары қалың деректер мен қисапсыз ақпарат қажет бола бермеуі мүмкін, есесіне 
олардың  шығу  тегін,  өзара  байланысын,  ықпалдастығын,  ілгерілсу  мен  іркілісті  бейнелеуін  жазбай 
тану  зерттеушіден  биік  кəсіби  даярлыққа  қоса  ми  қазанында  қайнату  үстіндсгі  құбылыстың  əрбір 
«клеткасына»  сергектікпен,  тіпті  күдікпен  қарауды  талап  етеді.  Бұл  -  озық  методология  арқылы  қол 
жететін нəтиже.  
Методология  -  ғылыми  ақиқатқа  жол  бастайтын,  ізденісті  тиімді  ұйымдастыратын,  зерттеу 
нысаны  мен  пəніне  тəн  заңдылықтарды,  қисынды,  қайшылықтарды  сан-салалы  диалектикалық 
байланыс  пен  езгеріс  динамикасында  дəйектейтін  ақыл-ой  əрекетінің  əдіс-тəсіл  жиынтығы.Азаттық 
тарихының 
методологиясын
басты-басты 
ұстанымдарын 
қалыптастыруда 
ЕлбасымыН.Ə. 
Назарбаевтың  үлесі  зор.  Тұңғыш  Президентіміз  дəйектеген:  «Алдымен  -  экономика,  содан  кейін  – 
саясат»,  «Қазақ  қазақпен  қазақша  сөйлессін»,  Еуразиялық  одақ,  Азия  кеңесі,  ядролық  қарудан  бас 
тарту, Астананы көшіру, əлемдік діндер съезін шақыру идеялары Тəуелсіздік құрылысына да, Отандық 
тарих  ғылымының  ізденістеріне  де  соны  серпін  бергенін  ешкім  бекерлей  алмайды. 
«Тарихтолқынында»,  «Сындарлы  он  жыл»,  «Қазақстан  жолы»  кітаптары  -  заманауи  үдерістің 
заңдылықтары мен қиыншылықтарына жаңа методологиямен бойлаудың тамаша үлгісі. Президенттің 
ғылыми-  практикалық  ізденісі  мен  бастамашылығына  уақыт  үдесінен  шығуға,  тек  қана  ақиқатты 
айтуға  құштарлық  тəн.  Демек,  1991  жылгы  16  желтоқсаннан  бергі  Отан  тарихын  зерттеудегі 
методологиялық  ұстанымның  басты  көздегені  азаттығымыздың  мəні  мен  мазмұнын,  орнығуы  мен 
ерекшеліктерін,  ілгерілеуі  мен  қайшылықтарын  қосып-алусыз  шынайы  анықтау  болса  керек.  Бұл 
орайда Қазақстан салиқалы ғылыми ой-санаға арқау боларлықтай жолды жүріп өтті. Тəуелсіздігімізді 
əлем  таныды,Қазақстан  мемлекеттілігі  қапыптасты,  кеңестік  экономика  мен  идеология  ыдырап, 
өмірдің  барсаласында  нарықтық  қатынастар,  идеологиялық  əралуандық  орнықты,  жаңа  Астана  бой 
түзеді, қазақтар мемлекет құраушы ұлтқа айналды, əділетсіздікке, зорлыққа ұшыраған мəдени-рухани 
құндылықтармен тұлғалар қайта тірілді. Аз жұмыс атқарылған жоқ. 
Шынайы азаттық-алдағы арман күн
 
        Бүгінгі  Қазақстанды  1991  жылғы  Қазақстанмен  салыстыруға  келмейді.  Бірақ  социализмнен 
кеткеніміз бен біз өтпелі кезеңді бастан кешудеміз. Оның мəнісі таптық күресті бəрінен жоғары қойған 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 

 
марксшілср  айтқандай  «Кімді  кім  жеңеді»  емес,  тіпті  Америкадағы,  Еуропадағы,  Азиядағы  табысты 
мемлекет  моделіне  ұксау  да  емес.  Мəселе  -  кешегі  отарланған,  кеңестік  тоталитарлық  зорлық  
модернизацияны  басынан  өткізген  Қазақстан  сыртқы  фактордың  əсерімен  жабысқан  дертінен 
айығып,өздік  даму  жолын  қашан  табатынында.  Мемлекеттік  билігі  мен  заңы  тұрақты,  байлығы 
кедейшілік  жеңген,  бірлігі  мен  тұтастығы  ұлттық  қауіпсіздік  үдесіне  сай,  демократиясы  өз  қолындағы 
елге  айналумен  өтпелі  кезең  аяқталады.  Тап  бүгін  -  құрылыс  материалдарының,  тұрмыстық 
техниканың,тіпті  азық-түліктің  жартысынан  көбі  сырттан  келіп  жатқанда,  биік  технологияларға 
зəрулігімізбасқалардың  есебінен  өтеліп  отырғанда,  білім  мен  ғылымды  қаржыландыру  əлемдік 
көрсеткіштерденкөш  кейін  қалғанда,  ұлттық  ақпараттық  кеңістікті  бөтен  елдің  тілі  жаулап  алғанда, 
кедейлер мен байлардың арасындағы орташа алшақтық ұлғаймаса, азаймаған кезде - өтпелі кезеңді артта 
қалдырдық яғни хақ азаттыққа жеттік дей алмаймыз. 
Əлемдік жəне Отандық тəжірибені зерделесек, мəні мен көздеген мақсатына жеткен-жетпегеніне 
қарай  азаттық  дəуірінің  əлденеше  кезеңінен  тұратынын  байқаймыз.  Бірі  –  номиналдазаттық,  екіншісі  - 
сындарлы азаттық, үшіншісі - шынайы азаттық. Номиналды азат ел басқа бірнемесе бірнеше мемлекеттің 
ықпалынан  шыға  алмайтын  кіріптар  күйде  қала  береді.  Əдетте  мұндай  елдің  экономикасы  бөтеннің 
мүддесіне жұмыс істеп, сыртқа қарыз- берешегі басынан асып жатады. Ауық-ауық мемлекеттік төңкеріс 
болып  тұрады.  Сындарлы  азаттыққа  жеткен  елге,  кешегі  бодандықмұрасынан  (рухани,  тілдік, 
экономикалық,  менталитеттік,  т.б.)  толық  қол  үзбесе,  де  өзіндік  дамужолын  табуға  талпыныс,  кейбір 
іргелі  салаларда  оны  таба  алғандық,  халқына  өршіл  рух  тəн.  Шынай  азат  ел  ішкі-сыртқы  саясатын 
əлемдік өркениет талабына, ұлттық мүддеге сай жүргізегін биіктіктен көрінеді. 
Біз əзірге дамыған, шынайы азат елдер қатарына косылмасақ та, азат та өмірше құндылықтарды 
игеруге  бейімделіп,  болашақ  даму  бағытын  таңдау  негізінде  анықталған  сындарл  қазақстандық  жол 
басында  келеміз.  Номиналды  азаттықпен  қоштасуды  бастаған  күніміз,  шартты  түрдайтар  болсақ,  саяси 
тұрғыдан  -  1991  жылдың  1б  желтоқсаны,  экономикалық  тұрғыдан  -  1993  жылд  15  қарашасы. 
Стратегиялық  тұрғыдан  1997  жылдың  1  қазаны.  Əлсмнің  саяси  картасында  дербес  мемлекстінің  пайда 
болуымен Қазақ елі өркениеттің ұлы көшінен лайықты орнын табуға кірісті, ал ұлттық валюта - теңгенің 
дүниеге  келуі  жəне  айналымға  енуі  номиналды  экономикадан  ұлттықэкономикаға  көшудің  шешуші 
қадамы болды, «Қазақстан - 2030» багдарламасы азат елдің жасампазинтеллектуалдық əлеуетін псш етті. 
Одан беріде сындарлы азаттықтың қайшылығын, қиыншылығынтанып білдік, жемісін де көре бастадық. 
Қазақстандық  жол  салтанатына,  ягни  шынайы  азатты  жеңісіне  2030  жыл  мұғдарында  куə  болатын 
шығармыз. Бəрі стратегияда жоспарланғандай жүзсге асып жатса, XXI ғасырдың үшінші онжылдығына 
қарай  президенттік,  заң  шығарушы,  атқарушы,  сотбиліктері  жүйесін,  басқаша  айтқанда,  жаңа  əлемдегі 
жаңа Қазақстанның тағдырын айқындаушы адамфакторын кешегі коммунистік, кеңестік тəрбиеден мүлде 
ада  ұрпақ  жасақтайтыны  ақиқат.  Қалайболғанда  да,  тəуелсіздік  тарихын  дəуірлеу,  əр  дəуірдің  мəнді 
белгілері  мен  ерекшеліктерін  тиянақта  ешқашан  методологиялық  өзектілігін  жоймақ  емес.  Азаттық 
тарихын  зерттеу  методологиясынақойылатын  биік  талаптың  маңдай  алдысы  -  тəуелсіз  елімізге  тəн 
срекшсліктерді  артта  қалған    дəуірлермен,  бүгінгі  елішілік,  халыкаралық  ахуалмен  сабақтастықта, 
сəйкестікте, айырымда дəлме-дəл тани алуы. 
Адам - методология мəйегі
 
Біздің  қазіргі  тарихымызда  геосаяси  орналасуымыздың,  мол  қазба  байлықтары  үстінд 
отыруымыздың,  көпұлтты,  көпдінді  халық  құрамының  əсер-ізі  сайрап  жатыр.  Əлемнің  түкпір-түкпіріне 
шашыраған  қазақтардың  тарихи  Отанына  оралуы,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  сын  бірегей 
құрылымның  пайда  болуы,  ядролық  державалардың  Қазақстан  қауіпсіздігіне  кепілдік  беруі 
индустриялық-инновациялық  даму,  «Мəдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламаларының  жүзеге  асуы,  тағы  
басқа  үдерістер  азаттық  тарихының  ерекшеліктерін  айшықтауда.  Ал  осы  ерекшеліктердің  өзегінде 
азаттықты  қастерлеген,  ұлтаралық  келісім  мен  үйлесімді  сақтай  алған, Абай  өсиеттеген  баршадамзатгы 
сүюге ықыласты қазақ факторы тұр. Əйтпесе посткеңестік кеңістікте мүмкіндігі Қазақстаннан əлдеқайда 
жоғары  Украина  неге  қарыштап  алда  жүрмейді,  қазба  байлығы  мен  жер  аумағы  шағын  Балтық 
республикалары  неге  тұралап  қалмайды?  Бүгінгі  методология  Отан  тарихына  тəн  ерекшеліктерді 
туындатқан  адам  факторын,  бірінші  ксзекте  мемлекет  құраушы  ұлт  факторын    сандық-сапалық, 
салыстыру-шендестіру, кешенді-жүйелік тəрізді қарымы мол ұстанымдармен басты 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 

 
зерттеу  пəні  мен  нысанына  айналдырғанда  тарих  ғылымының  интеллектуалдық  əлсуетін  ар-ітырары  əрі 
сындарлы азаттықтың болашағына қызмет етері сөзсіз.
 
             Азаттық  тарихында  адам  факторы  ілгерілеудің  қаншалықты  себепкері  болса,  іркілістің 
десоншалықты  тежеуішісіне  айналып  отыр.  Мəселенің  үлкені  демократияның  аз-көптігінде,  мемлекеттік 
қызметшілердің бір бөлігінде əлеуметтік-кəсіби біліктіліктің төмендігінде, жекелеген салалардмамандардың 
жеткіліксіздігінде  емес.  Тəуелсіздік  болашағы  мен  тағдырына  адамның  ашкөздігі,жемқорлық  пен 
парақорлық  қатер  төндіруде.  Бұл  кеселдің  ортасы,  таратушысы,  азаттық  жауын  айналдырушысы  - 
материалдық-қаржылық жəне кадрлық шешім қабылдауға өкілеттігі бар  
мемлекеттік қызметшілер, үлкенді-кішілі ұжым басшылары мен құқық қорғау жүйесіндегілер. Осы топтар 
парақорлық пен жемқорлықтан тыйылса, бизнесмендер мен кəсіпкерлер, дəрігерлер менұстаздар, ғалымдар 
мен  мəдениет  мамандары  -  бəрі  заңның  аясынан  шығатын  қадамға  бармас  еді.  Қазіргі  Қазақстанда 
экономикалық  қылмысқа  қарсы  күрестің  тəп-тəуір  тəжірибесі  жинақталғаныменжемқорлық  пен 
парақорлықтың тарихына методологиялық негіз қалау тарихшы ғалымдардың əзірге  қолға алмаған міндеті 
екенін мойындау керек.
 
Сындарлы  азаттығымыздың  бейімделе-ырғақты  нығаю  жолындағы  басты  олжасы  адамдардың 
санасы мен өмір салтына батпандап енген елес қуудан арылғаны. Киімін, сыртын жаңартқан адамды емес, 
санасын  жаңартқан  адамды  жаңа  адамға  жатқызамыз.  Өтпелі  кезеңде  адам  факторының  бар  мəні  осында. 
Мəселені өзекті методологиялық ұстаным қатарына шығаруымыздыңсебебі бар. Патшалық отарлау тұсында 
да,  кеңестік  жылдарда  да  ертеңгі  күннен  үмітін  үзбеген  қазақхалқы  Мəскеудің  саясаты  мен  насихатынан 
тарыдай  болса  да  жақсылық  көргісі  келді.  Əсіресе  социалистік  идеяға  көп  үміт  артты.  XIX  ғасырдың 
ортасында  К.  Маркс:  «Еуропаны  елес  кезіп  жүр,  Окоммунизм  елесі»  деген  еді.  Коммунизм  елесін  қазақ 
жалықпастан  қуды.  Тіпті  сталиндік  қуғын-сүргін  ілімнің  утопиялық  болмысын  əшкерелей  алмады.  Адам 
жақсыға  тез  үйренеді.  Адамзатты  жарқын  болашағы  -  коммунизм  құрушылармыз  деген  хрушептік, 
брежневтік  сөзі  тəтті,  діні  қатт  идеологияға  елтіген,  1970-1980  жылдар  аралығында  мұнайдан  түскен  мол 
қаражатқа  сүйенумен  болар-болмас  қорланған  кеңес  халқы  ілгерідегі  аштықты,  тапшылықты  ұмытып, 
үкімет  пен  партия  өлтірмейд  дегенге  саятын  дүниетанымды  малданды.  Азды-көпті  сыны  бар  горбачевтік 
«қайта  құру»  идеологиясы  да  оны  бекерлеген  жоқ.  Осы  екпінмен  1993  жылы  қабылданған  Қазақстан 
Республикасының бірінші Конституциясы да социалистік популизмге толы еді. 
Тəуелсіздік  елес  қуумен  орнықпайтынын,  шындықтың  көзіне  тура  қарамай,  азаттықты  жасампаз 
болмысы  ашылмайтынын  1995  жылғы  екінші  Конституция  паш  етті.  Президенттік  басқару  формасы, 
парламентаризм мен көппартиялық  жүйе осыдан кейін орнықты, шағын жəне орта бизнеске жол ашылды. 
Нарықтық  қатынас  жанданды,  əлеуметтік-мəдсни  саясат  халықаралық  тəжірибеге  сүйене  бастады.  Түптеп 
келгенде,  1995  жылдан  бергі  Қазақстанның  тыныс-тіршілігіне  арқау  болған  құжат-  екінші  Конституция. 
Бірақ  жаңаның  орнығып  кетуі  үшін  уақыт  керек  екен.  Қазақстандықтардың  дүниетанымы  мен  өмір 
салтындағы  елес  қуушылық  ғасырлар  межесіндегі  экономиканың  инновациялық  ілгерілеуімен  қайта 
жанданғанын  көзіміз  көрді.  «Жаңа  қазақтар»  байлығын  қайдашашарын  білмей,  керекті-керексіз  зəулім-
зəүлім үй салып, қос-қостап қымбат көлік мінсе, тұшымд жұмысқа қолы жеткендер банктен алған несиеге 
бизнесін  ашудың  орнына  аспа-текпе  той  жасаумен  əуестенді.  Табыстан  басы  айналган  БАҚ-тарда  азды-
көпті  ілгерілеуді  мақтау-мадақтау  шектен  шығып  кетті.  Елес  қуудың  нарыққа  серік  еместігін  2007  жылы 
басталған  қаржы  дағдарысы  тағы  қуаттады.  Басқаша  айтсақ,  қоғамдық  санадағы,  өмір  салтындағы 
өзгерістер табиғатын, олардың азаттық диалектикасы мен қисынына тарихи үндесгігін немесе қайшылығын 
ашатын зерттеу методологиясына сұраныс та, қойылар талап та жоғары. 
Социалистік  сана  мен  идеологиядан  арылу  тағылымы  мен  тəжірибесін  іргелі  зерттеу 
методологиясының  нысанына  айналдыру  -  бүгінгі  күн  талабы.  Біздің  ойымызша,  тəуелсіз  Қазақстан 
идеологиялық  жəне  саяси  əралуандылықты  Конституцияға  енгізу  арқылы  ресми  идеологиядан 
бастартқанмен,  мүлде  идеологиясыз  да  қалған  жоқ.  Тəуелсіз  БАҚ,  мемлекеттік  емес  ұйымдар  саны 
артты,діннің  рөлі  күшейді,  оппозиция  бар,  экономикалық  либерализм  орнығуда.  Қоғамдық 
санадағытүбегейлі  бетбұрыстың  өмірдегі  нақты  көрінісі  -  саяси  партиялар  мен  түрлі  қозғалыстардың 
пайдаболуы.  Осылардың  əрқайсысының  өз  идеологиясы  түзілген.  Дегенмен  бұл  салаға  мемлекеттік-
құқықтық  реттеу  қажет  екендігі  сөзсіз.  Ол  əсіресе  діни  қатынастар  саласында  өткір  сипат  алуда.  Кешегі 
атеист азаматтардың қысқа мерзім ішінде сан-алуан діни ағымдар мен секталарға жойдасыз бой алдыру 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 

 
себебін 
деректер 
мен 
фактілерді 
алға 
тартумен 
кемел 
дəйектеу 
мүмкін 
емес. 
Оның 
əлеуметтік,экономикалық,  рухани,  халықаралық,  құқықтық  құраушыларын  жеке  дара  жəне  өзара 
ықпалдастықта саралайтын методологиялық ізденіске кең өріс ашқан абзал. Сөйте тұра, атқарушы биліктің, 
сот билігінің қоғам өміріне реттеуші күш ретінде араласуының шегі мен дəрежесі заңмен анықталып, одан 
қылаудай ауытқымауы керек. Кеңестік тəрбие мектебінен өткен аға ұрпақ ірілі-ұсақты істің басы- қасында 
мемлекеттік  билік  жүргенін  құп  көргенмен  азаттық  ұландары  мұны  өзінің  еркіндігіне  қол  сұғу  ретінде 
қабылдауы мүмкін. 
Азаттық  тарихын  ақиқат  биігінен  саралаудың  келесі  бір  методологиялық  шарты  – 
көшбасшылардың  практикалық-қолданбалық  жəне  теориялық-шығармашылық  қарымы  мен  бəсекеге 
қабілеттілігін, ел тағдырындағы жасампаз немесе кереғар рөлін салиқалы зерделсй білу.
 
Иə,  халықтың  тарихтағы  орнын  ешкім  жоққа  шығармайды.  Астананы  тұрғызған, 
материалдыигіліктерді  арттырған,  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ететін  күш  -  халық.  Бірақ  халықтың 
жасампазəлеуеті  өздігінен  жүзегс  аса  қалмайды.  Бəрі  халықтың  қолында  тұрса,  фашизм  де,  тоталитаризм 
де, ек дүииежүзілік соғыста, Аралдың тартылуы  да, үлескерлердің алдануы меи жемқорлардың тайраңдау 
да  мүмкін  емес  қой.  Алысқа  бармай,  өзіміз  жақсы  білетін  Ресей  империясының  күйреуі,  КСРО-ның 
ыдырауы  тарихына көз  жүгіртсек елдегі қоғамдық-саяси, экономикалық  жəне мəдени-имандыққатынастар 
мазмұнына  қарай  халықтың  екі  мінезбен,  екі  құндылық  бағдармен  өмір  суретінін  байқаймыз.  Бірі  - 
құлшыныс, екіншісі - енжарлық. Көптің лайықты өмір сүруге, ұрпақ өрбітуге, еңбекетуге, дем алуға құқы 
қағаз  жүзінде  қалмай,  нақты  істе  атқарылғанда,  адамдардың  көңіл-күйі,  өмірдағдысы,  ертеңге  көзқарасы 
құлшынысқа  оранып,  арасынан,  біріншіден,  нағыз  таланттар  шығады,екіншіден,  халықтың  жасампаздық 
қабілеті  ашылады.  Сырттан  жау  келмесе,  орта  табы  қалың  мұнда  мемлекеттің  табиғи-ырғақты  дамуы 
тамаша табыстармен көмкерілмек. 
Заңы  мен  нақты  өмір  шындығының,  сөзі  мен  ісінің  арасындағы  алшақтық  ұлғайған  мемлекетте, 
яғни  халық  мүддесіне  биліктің  көздегені  қайшы  келген  сəттсн  əділетсіздікке  іштей  наразы  тарих 
субьектілері  алғашқыда  енжарлыққа  салынады,  уақыт  өте  қоғамдағы  даму  қайшылықтары  асқынады, 
түбінде  -  билік  пен  қоғамдық  құрылысқа  наразылық  бұрқ  етіп  сыртқа  шығады.  Мұның  бұлтартпас  айғақ-
дəлелі  -  тоқырауға  ұшыраған  кеңес  қоғамы  мен  кеңестер  Одағының  ыдырауы.  Биліктен,  меншіктен 
шеттетілген, санасын енжарлық билеген халық 1991 жылғы тамызда коммунистік келешектен бас тартып, 
жаңа демократия жағына шығуы бір күннің нəтижесі емес. Ашынған халықты  
тəуелсіздік құндылықтарының өзі тоқтата алмайтынын 2005, 2010 жылдарғы Қырғызстан оқиғасы көрсетіп 
берді.                                             
Билік жəне тұлға 
Орталықтың  өктемдігінен  енді  ғана  құтылған  Қазақстанға  -  өтпелі  кезеңдсгі  жас  мемлекетке 
қоғамдық-саяси, 
экономикалық-мəдени 
биік 
белестерге 
шығуы 
үшін 
халық 
мүддесін 
қорғайтынзаңнамаларға  қоса  тегеурінді  билік  вертикалы  керек.  Басқаша  айтқанда,  методологиялық 
басымдықты  адам  факторымен  байланыстырғанда  оның  жабық,  көзге  көріне  бермейтін  («адам  аласы 
ішінде»)қасиеті  бар  екендігін  ескеріп,  нысананы-мақсатты  əрекетін  ұйымдастыратын  мемлекет,  билік, 
құқық,жүйесіне ерекше мəн беретін уақыт келді. Əзірге тарихшы-ғалымдар тəуелсіз мемлекет, билік, кұқық 
тарихының методологиясын зерделеуде көп іс тындыра қойған жоқ. Бұл міндетке артылар 
жауапкершілік  зор  екенін  өмірдің  өзі  дəлелдеді.  Бізді  мұндай  пайымға  жетектеген  себептер:  біріншіден, 
мемлекеттік  тəуелсіздік  жарияланған  сəтте  қоғамдық  сана.  Тіпті  Отандық  тарих  ғылымы  нарықтық 
экономиканың,  демократияның,  идеологиялық  либерализмнің,  əлемдік  саясаттың,  қоғамдық  топтар  мен 
əлеуметгік қозғалыстардың шын мағынасындағы қыр-сырынан хабарсыз еді; екіншіден, уақыт алға тартқан 
міндеттерді ауыр дағдарыс үстінде шешуге тура келді; үшіншіден, əрқашан дұрыс шешім табыла бермеді. 
Тəжірибенің  жоқтығы,  білікті  мамандардың  тапшылығы,  технологиялық  мешелдік  қателесуге,  жаңсақ 
басуға  ұрындырып  жатты,  объективті  үдерісті  тежеді.  Мəселен,  президенттік  қызмет  1990  жылы 
енгізілгенмен президентік билік институтының орнығуы 1995 жылы жаңа Конституция қабылдау негізінде 
мүмкін  болғаны  осыған  айғақ-дəлел.  Қазақстан  элитасы,  ең  бастысы  -  ел  тағдырына  жауапкершілікті 
мойнына  алған  тұңғыш  Президент  Н.  Назарбаев  мемлекеттілікті,билік  вертикалын  қалыптастыруда  төл 
тəжірибемізге  сүйену  аздық  ететінін  білгендіктен  Батыс  пен  Шығыстың  үлгілерін  шығармашылықпен 
пайдалануға  басымдық  бергені  рас.  Сондықтан  да  болар,  қазіргі  Қазақстанның  билік  жүйесі, 
демократиясына  тəн  ерекшеліктері,  ұлт  пен  ұлтшылдығы,  орталықтанған  басқару  мен  жергілікті  өзін-өзі 
басқарудың ара-қатынасы, мемлекеттің  

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 

 
 
рөлі, экономикасы қаншалықты калиталистік, қазақстандық, «импорттық» екені қоғамдық сана мойындаған 
əрі түсінікті дəйектелген методологиялық талдау биігінс шықты дей алмаймыз.
 
Біздің  ойымызша,  бөтеннің  уысынан  енді  босаған  мемлекеттің  номиналды  азаттықтан 
шынайыазаттық биігіне көтерілгенше табиғи-ырғақты даму жолына түсу-түспеуін, бəсекеге қабілетті болу- 
болмауын,  барша  тағдырын  мемлекеттік  биліктегі  тұлғалар,  бірінші  кезекте  тұңғыш  Елбасы,  оның  саяси 
кемелдігі,  интеллектуалдық  көрегендігі,  нысаналы-мақсатты  қызметінің  негізділігі  анықтайды.  Күні  өткен 
қоғамдық  қатынастар  ығыстырылмаған,  жаңасы  толық  басымдыққа  жетпеген  өтпелі  кезеңде,  əсіресе 
демократия мен саяси мəдениет қоғамның кауіпсіздігін қамтамасыз ететін факторға айналмаған елде ұлттық 
Тұлға мен Көшбасшының əрбір шешімі, əрбір қадамы тағдыранықтағыш мəн-  
мағынаға  ие.  Сондықтан  Қазақстанда  Президенттік  басқару  институтының  тууын,  нығаюын, 
конституциялық
реформалармен  қамтамасыз  етілу  эволюциясын,  бүкілхалықтық  қолдауға  ие  болу 
диалектикасын  методологиялық  тұжырыммен  даралаудың  орны  ерекше.  Күрмеуі  күрделі  осы  мəселені 
шешкенде  Президенттің  тұлғалық  қасиеттері  мен  тарихи  рөлі  ғана  ашылмайды,  командасы  мен 
оппозицияның, идеялары мен сыншыларының көздегені, іс-əрекетінің нəтижесі өз бағасын алады.
 
Көшбасшылар 
мен 
халықтың 
қазіргі 
Отан 
тарихындағы 
ықпалдастығын 
методологиялыпайымдағанда əр затты өз атымен атаған абзал. Көзінің тірісінде бағаланбай, дүниеден озған 
соң  И.Н.  Худенко  тамаша  басшы  еді,  М.  Мақатасв  -  ақиық  ақын.  ІІІ.  Қалдаяқов  -  талантты  сазгер,  С. 
Қондыбай  -  екінші  Шоқан  екен  деп  көлгірсу  -  кемел  методологияның  жоқтығынан,  жартыкеш  ғылымның 
сөзі. Тарихи үдерісте көшбасшылар факторының əсері жария əрі ұзақ мерзімді, ал халық факторы көзге түсе 
бермейді, кейде тіпті бір сəттік. Айғақ-дəлел келтірер болсақ, Тəуелсіз Қазақстан  
тарихында Назарбаев факторы ұзақ сақталатынын, келесі Елбасы билікке келгеннен қейін де «жұмыс» істей 
беретінін  алға  тарта  аламыз.  Ал  халықтың  билеушіге  ықпалы  күнде  көріне  бермейді,  оның  жоғары  жаққа 
жазған  хаттары,  өтініш-сұрағы,  тіпті  жанайқайы  жауапсыз  қалатыны  бар.  Ол  -  ол  ма,  бүкілхалықтық 
президент сайлауы əрісі - бірнеше айдың, берісі - бір күннің екіншісіндегі таңдау ғой.
 
Түйіп айтсақ, тəуелсіз Қазақстан тарихынан жазылған еңбектерде миллиондаған тонна көмір темір, 
мұнай,  миллиардтаған  пұт  астық  өндіргеніміз,  жүздеген  мың  маман  даярлағанымыз,  ақбасАлатау  мен 
ертегідей  Бурабайды  жалғаған  жол  салғанымыз  ауызға  алынбайбай  тұрып,  осылардың  бəрініңқажет  əрі 
мүмкін  екенін  дəйектеген  тұлғалық-интеллектуалдық  фактор  мен  халық  еңбегінің,  мүддесінің  үйлесімін 
немесе  қайшылығын  биік  методологиялық  модемиетпен  пайымдаудың  парқы  да,  нарқы  да  жоғары.  Бұған 
арқау  боларлық  тəжірибе  -  мемлекеттік  егемендік  туралы  Декларациядан  «Жол  картасына»  дейін  -  бізде 
баршылық. Сонда əлдекімді асыра дəріптеуге немесе адал еңбекті ескерусізқалдыруға соқтыратын, азттық 
тарихын көшбасшылар тарихына айналдыратын сыңаржақ тарихи  
көзқарасқа жол берілмейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет