Профессор Алма Қыраубаеваның жаным садаға еңбегінен бүгінгі



Pdf көрінісі
бет1/34
Дата04.02.2023
өлшемі2,36 Mb.
#65162
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Unknown


Алма 
Қыраубаева
Жаным сада
ға
Профессор Алма 
Қыраубаеваның жаным садаға еңбегінен бүгінгі
к
үннің мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа жауап табасыз
Ғалымның қызықты деректі әңгімелері болашақ мұғалімге жас
маман
ға білікті ұстазға жол көрсетеді.
ЖАНЫМ САДА
Ғ
А
Жанны
ң «мені»
ТАЛАНТТАР
Алдымда томпиып-томпиып отыр
ған мынау 25 баланың
әрқайсысының бойында бұққан таланттар жатуы сөзсіз.
Суыртпа
қтап тарта бастасаң, қиғаштай туған жаңа айды көргендей
ұлы қуанышқа батасың. Бұлардың ішінде тіпті талантсызы жоқ, бір
қызығы, филолог боламын деп келіп отырған кейбірінің таланты –
шаруашылы
қта, саудада. Аудиторияда өзін сенімді сезіне алмайтын
шаруа
қорды сенбілікте көрсең. Әрбір істеген ісі орнына келіп, елеусіз
ғана балаларды басқарып кетеді. Олар үшін бес жыл уақытын
жіберген филологті
ң дипломы күнкөріс кепілі ғана болып қалады.
На
ғыз жан рақатын сабақтан басқа жерден, мысалы, шаруамен
айналыс
қанда табады.
Өзінің ашық мінезіне, қысылмай сөйлей алатынына қарап,
«
әдебиетші болу үшін туғанмын» деп есептеп қойған бала бар. Ол
қандай тақырыпқа болсын сөйлей кетуге дайын. Бірақ сөзі жаттанды
болып шы
ғады, тіпті күлкі туғызады. Бұл студенттің бойындағы


тамаша таланты – ойында
ғысын жасқанбай айта алушылығын өшіріп
алмаса
қ, кәнеки.
Т
ұйық баланың табиғаты тіпті қызық. Ылғи да партаның ең
со
ңғысына жайғасатын Ғаниді сөйлетпек түгіл, оқыс түртіп қалып,
селк 
өткізу де мүмкін емес сияқты. Оның өзінде біраздан кейін ғана
мойнын б
ұратын шығар. Жұрт дуылдап күліп жатқанда, білінер-
білінбес жыми
ғанының өзіне ұялғандай, сабырлы қалпынан бір
ажырамайды. Емтиханда болмаса, даусыны
ң қандай екенін ешкім
білмейді. Сына
қ кітапшасындағы бағалары орташа ғана. Бірақ өзіме
осы баланы
ң көзінде тұнған ой жатқандай көрінеді. Кейде бір туып
кеткен шабытты с
өздерімді соған қарап айтамын. Ондай кезде
партаны
ң арт жағынан морзе шамындай жарқ етіп бір қарап қояды.
Ішінде 
қызулы шоқ бар екенін содан сездіреді. Қызықты пікір алмасу
болса, бай
қамай, басын көтеріп: «Ол былай ғой», – деп қалады.
Сондайда 
әуе толқынынан 808-ты тапқан радиоқабылдағыштай,
аузынан шы
ққан сөзді қағып алып, құлақ түремін. Бір қуанышты
о
қиғаны күткендейміз. Ал содан кейін Ғани айтқан сөздерді
ты
ңдауға құлақ керек. Тек асықтырма, ойланып айтатын
сара
ңдығына шыдау керек. Бірақ аузынан шыққан әрбір ойы қандай
салма
қты! Әйтеуір сөйлеу үшін айтыла салған жеңіл-желпісі жоқ.
Өзі сенгенді ғана айтады және ол пікірден қайтпайды.
О
қу жылымызды бітіргеннен кейін сол бала көпке дейін көзіме
т
үспей кетті. Бір күні қарсы беттегі аудиториядан әлгі Ғани шығып
келе жатыр.
– Мен бая
ғы Желтоқсан оқиғасына қатысып едім ғой. Ол үшін
о
қудан шығарып жіберген. Биыл ақталып келіп тұрғаным, – дейді
басын сипап. Жай 
ғана ауылға барып келгенін хабарлағандай
жымиып.
К
ҮТПЕГЕН ОҚИҒА


Милициядан кейінгі 
өмірі күтпеген оқиғаға толы адамдар –
м
ұғалімдер болар.
Бір талапты студент болды. Аты – Байсал. 
Өзі қадірлі адамның
ұрпағы екен. Кейде атақты кісінің атын алып жүре алмайтын бала да
болады 
ғой. Байсал ондай емес. Көзілдірігін түзеп қойып, ауыздан
шы
ққан сөзді қағып алып, қарсы алдыңда отырады. Көзілдірік
киюіні
ң өзі «жұрт екі есе көрсе, мен төрт есе көрейінші, білімнің
тере
ңі қандай екен?» – дегендей әсер етеді. Қойған сұрағы, айтқан
пікірі ерекше.
К
өп ұзамай қысқы емтиханды тапсыру басталды. Жақсы оқитын
студентті
ң алдымен кіретін әдеті бар. Байсал да билет алып,
дайындалу
ға кірісті. Бірақ түрінен бір қобалжу байқалады.
Ма
ңдайын жиырып, мазасызданып, билетке үңіліп қарайды да, екі
қолымен басын ұстап қиналады. Байсалдың бұл отырысы
та
ңғалдырды. Билеттің ішінде түсініксіз сұрақ жоқ еді. Бұл сияқты
дайынды
қта жүрген студентке қиын болуы мүмкін емес.
Жауап бере бастады. Б
ұрын да лоторея ойнатқандай қылып қоятын
осы емтиханнан б
үгін тіпті көңілім қалды. Мынау алдымда отырған
Байсал екі с
өздің басын құрап айта алмайды. Оп-оңай нәрсені есіне
т
үсіре алмайды. Ісіңкі бет-аузына қарап, танымайтын адам болса, мас
деп ойлап 
қалуы да мүмкін. Әрі– бері сөйлетіп көріп, ештеңе
шы
қпайтынына көзім жетті.
«Жо
қ, бұл бала мен білетін Байсал емес!». Түнде өзін жұмбақ әлемге
ұрлап әкетіп, бүгін орнына ұқсас біреуді жібере салған сияқты.
Бетіне бажайлап 
қарасам, мас. Ұйқыдан мас екен. Өзінен-өзі қашып
кеткісі келгендей, «білмеймін, апай, білмеймін...» – деп, т
өмен қарай
береді. С
ұрағы да оңай екен, бірдеме қиыстырып айтуға болатын.
– 
Өзің бүгін ұйықтадың ба?
– Жо
қ, ұйықтағаным жоқ. Жатақханаға барып, таңғы жетіге дейін
дайындалды
қ. Жауабым ойдағыдай болмай қала ма деп, оқи бердім.
– 
Қалай шыдадың! («Шырағым-ау», – дей жаздап барып, сөзімді әзер
ұстап қалдым). Сөйтуге бола ма екен?


– Кофе 
қайнатып іше бердім, іше бердім. Оқып отырғанда, бәрін
ұққан сияқты едім, қазір не болғанын білмеймін.
– 
Қазір үйіңе жет те, жатып ұйықта. Екінші, емтиханға
дайындалмаса
ң да, ұйқыңды қандырып келіп жүр.
Студентім орнынан т
ұрып жатып: «Екі» алдым ба?– дегендей, көзінің
қиығымен тізімге қарады.
Айтпа
қшы, бұл балаға не қоюым керек? Жауап бермеген адамның
ба
ғасы – «екі». Басқа дайындалып отырған студенттер де «Не болар
екен?» – дегендей, тым-тырыс бола 
қалыпты. Не бір жауап бермейтін
нашар о
қушы болушы еді, жауап бере алмаған жақсы студентті
к
өргенім осы.
Бір с
әттен соң: «Бара ғой, «бес» қойдым», – дедім Байсалға. Демін
ішіне тартып отыр
ған курстастары да тынышталып, өз тіршілігіне
кірісіп кетті. 
Қолдағаны содан сезілді.
Байсал болса, жанкешті е
ңбегінің қайтқанына қуанып, көзі жайнап:
– Мен ерте
ң келіп, қайта айтып беремін. Кез-келген сұраққа
дайынмын, – деді.
Байсалды
ң қан құрамын тексерсе, құдай біледі, А(ІІ) тобына жататын
шы
ғар. Жан жүйесін зерттеушілер осы топтағы адамдардың өз ісіне
аса жауапкершілікпен 
қарайтынын, қолға алған тірлігін тиянақты
орындау
ға тырысатынын айтады. Олардың «иә» деген келісімінің өзі
кепілдік берумен бірдей дейді. Таби
ғаты осындай адамға әділдік
үшін нашар баға қойылса, оның бүкіл психикасына сұмдық салмақ
т
үскен болар еді. Жаны таза бала бұл жағдайды қайғыдай қабылдауы
м
үмкін, ал оның арғы жағы қандай нәтижеге әкеледі?
Осы о
қиғадан кейін емтихан алдында студенттерге уақытты дұрыс
пайдалану ж
өнінде ұсыныстар айтып, жауапты істің алдында ұйқыны
қандырудың жарты жеңіс екенін ескертетін болдық.
Екінші бір к
үтпеген жағдай мынау еді:
Екінші курста
ғы талқылау сабағы сегізде басталатын. Аудиторияның
есігін ашсам, тым-тырыс. Улап-шулап отыратын студенттер басын


партаны
ң үстіне салып томпиып-томпиып жатыр. Ұйқыға кеткен.
М
ұғалім кірген соң, сергектеуі бастарын көтеріп, бірін-бірі түртіп
оята бастады. К
өзін ашқанымен, сабақ тыңдауға шамалары жоғы
белгілі болды.
– Ал... жа
ғдайды түсіндіріңдер.
– Курстасымызды
ң үйлену тойына барып едік, колхоздан таң ата
шы
ғып, жаңа ғана келіп түстік. Ұйықтағанымыз жоқ.
«Саба
қ кезінде неге үйленесің?» – деп күйеуге шыққан қызға
ұрсарымды, не «курстасыңның тойына неге барасың?» – деп
қалғанына айтарымды білмей, тұрып қалдым. Жартылай ұйқыдағы
адамдар дымды т
үсінетін түрі жоқ. Ең оңайы – есікті сарт ұрып,
басты
қтарға барып, шағым айту. Олардың қолында «жатақхана,
стипендия» деген к
үш бар.
Екі отты
ң ортасында тұрғанда, Гауһардың даусы шықты.
– Баяндамамды дайын 
қылып әкеліп едім, мүмкін, мені тыңдарсыз.
Сонымен Гау
һар екеуміз баяндама талдауға кірістік. Жауапкершілікті
ойла
ғаннан ба, тың екен.
Тексеруші келсе, о
ңдырмасы анық. Абырой бергенде, бұдан кейін
саба
қ жоқ болып шықты. Әрқайсысы өз бетінше орындауға
тапсырма алып, бір саба
қ ұйықтаған соң, үйіне қайтты.
Осы екі о
қиға студенттер өміріндегі күтпеген жағдайға таңғалмауға
саба
қ болды.
СЕНДІМ СА
ҒАН
Адамды ауыртатын да, жазатын да – с
өз, сөзге сену екенін адамзат
т
әжірибесі ертеден біледі. Халық емшілігінің түп тамыры осында
жатыр. Миллионда
ған адамды Гитлердің соңынан ерткен де сөз емес
пе еді? Бойында сендіргіш куаты бар с
өздің адамды арбағандай әсер


ететінін к
үнделікті өмірден сөзінбеген адам жоқ шығар. Біреуден
естіген жылы с
өз көңіліңді көтереді. Жаман сөз уайымшыл кісінің
жанын жегідей жеп, ауыртуы да аны
қ. Айналада ауыртатын нәрселер
к
өп, бірақ оны адам уайымнан әлсірегенде ғана қабылдайды. Өйткені
адам 
өзі туралы қалай ойласа, солай өмір сүреді, неге сенсе, жан-
т
әнімен солай қарай бағытталады.
Ал ш
әкірттер өміріне келсек, бала жаны мұғалімнің айтқанына
имандай сенеді. Осыдан м
ұғалімнің қандай бір ашуланған жағдайда
да баланы кемсітіп с
өйлемеу керектігі шығады.
– Сен адам болмайсы
ң, миыңа еш уақытта сабақ қонбайды!– деген
с
өзден кейін, ол балаға шынымен сабақ қонбайтынына кепілдік
беруге болады. Емшіні
ң ауруды жазып жіберетін қасиеті сендіру мен
к
өмектесемін деген шын ниетінде екенін мұғалімнің де есте
ұстағаны жөн-ақ болар еді.
Г
үлсім деген студент қыз сабақ айтқанда қорқақтап сөйлейтін. Бірақ
ізденетіні к
өрініп тұрады. Сөзінің аяғын «осым дұрыс емес шығар»
дегендей, сенімсіздікпен ж
ұтып қояды. Университетті жақсы бітірді.
Дипломын 
қорғап шы ққан соң, бір әңгімеде мынаны айтты:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет