Психология



Дата21.07.2023
өлшемі14,17 Kb.
#104602
Байланысты:
псих


Психология –адамның дара тұлғалық психикасын,оның сан -алуан сезімін,кей-кезде адамның мінез-құлқын зерттеу деп те анықталады.
Психологияның негізгі мақсаты-психиканы субъективтік структураның, сыртқы ортаны байымдауымен,елестеумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Психология салалары:

  1. Еңбек психологиясы. Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын еңбекті ғылыми негізгі сүйене отырып ұйымдастырады.



  1. Педагогикалық психологиясы. Оқу,тәрбие істерінің оқушы саласына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Балалардың жас мөлшеріне сәйкес оқулықтарының болуын,екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері,тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары,жыныс тәрбиесі.




  1. Медициналық психология. Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты,олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді.



  1. Инженерлік психология. Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді.




  1. Жас ерекшелік психологиясы.Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге децінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы.



  1. Арнаулы психология. Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауыруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады.




  1. Салыстырмалы психология. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.

  2. Әлеуметтік психология. Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімділігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.



  1. Әскери психология. Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі,соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.


Субьектив – бастауыш
Психикаішкі сезім, көңіл-күй
Индивид – жеке тұлға

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет