Психологиялық денсаулықтың деңгейлері



Дата07.01.2022
өлшемі16,44 Kb.
#17849

Егемен еліміздің келешегі үшін рухы биік, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкімет тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Еліміздің басты құндылығы адам және оның өмірі мен денсаулығы. Психологиялық денсаулық бұл –тән саулығы мен жан саулығының бірлігі. Психологиялық дені сау адам- шығармашыл, өмірге құштар, ашық ,көңілді, қоршаған ортасының сезімдерін бөлісе алатын адам.Бір сөзбен айтқанда тәніміз бен психикамыздың үйлесімді дамуы.

Психологиялық денсаулықтың деңгейлері:

1.Креативті(жоғары) ортаға тұрақты түрде жеңіл бейімделетін, стрестік күйлерден өтуге күші жеткілікті, шынайылыққа шығармашылықпен келе білетін адам. Мұндай адамдар психологиялық көмекті қажет етпейді.

2.Адаптивті (орташа) әлеуметтік ортаға бейімделе алатын,бірақ мазасыздығы басым адамдар.

3.Дезадаптивті(төмен) ортаға өзінің жағымсыз қылықтарымен бейімделуге тырысатын,ортасын өзінің қылықтарына бағындыруға тырысатын адамдар. Мұндай адамдар үнемі жеке көмекті қажет етеді.



Психологиялық денсаулықты сақтаудың және қалыптастырудың шарты:

Ойындар мен жаттығулар

Жағымды әуен

Сурет салу

Ертегі әңгімелер оқу

Табиғатпен қатынас жасау

Тыныс алу және гимнастикалар

Психологиялық климат:

Отбасындағы жағымды климат, отбасының мүшелері өздерін еркін,бірақ әр отбасы мүшесінің құқығы сақталған жағдайда,әр отбасы мүшесі бір-біріне жауапкершілікті сауатты түрде жүзеге асырғанда орнайтын климат.

Жеке бас гигиенасының талаптары

Организмнің жалпы жағдайы, денсаулық пен өмір ұзақтығы жеке бас гигиена ережелерін сақтауға байланысты болады.

Дене гигиенасының негізгі ережелері.


Тері, асқазан-ішек және гельминтті кеселдерді болдырмау мақсатында қарапайым және белгілі ережелерді сақтау қажет. Әрбір адамның күніне екі рет душ немесе ванна қабылдап, ішкі киімін ауыстыру керек.
Әжетханға барғаннан кейін, қоғамдық көлікпен жүргеннен соң, қолды міндетті түрде сабындап жуу қажет.
Әрбір адамның жеке қолдануында (тіс щеткасы, сүлгісі, кір ысқышы) және іш киімі ( шұлығы, мәйкесі және с.с.) болуы тиіс.
Аяқты таза, жылы және құрғақта ұстау маңызды. Бұл суық тию мен зеңдік кеселдерден сақтайды.

Оңтайлы күн режімі.


Ұйықтау мен ас ішу режімін реттеген жөн. Бұл организмді бейберекет өмір салты тигізетін стресстен арылуға және жүрек-қан жүйесі кеселдері бұзылыстарының дамуынан бойды алыс ұстауға көмектеседі.

Ұйқы гигиенасы.


Ұйықтауға арналған төсек орынның ыңғайлы және таза болуы, аса жұмсақ немесе аса қатты болмауы керек. Ұйықтар алдында таза ауада серуендеу, терезені немесе терезе желдеткішін ашық етіп ұйықтау пайдалы.

Тағамдану гигиенасы.


Барлық жемістер мен көкөністер ағын суда мұқият жуылуы тиіс. Ет тағамдарының ыстық өңдеуден өтуі қажет.

Жыныстық гигиена.


Жыныс мүшелерін таза ұстауға баланы ерте жасынан үйреткен жөн. Жыныс мүшелерін күніне екі рет сабындап жуу және іш киімді күнделікті ауыстыру пайдалы.

“Жан гигиенасы” немесе психологиялық гигиена.


Мүмкіндігінше артық стресстен қашқан немесе стресстік жағдайларға өз көзқарасыңды өзгерткен дұрыс. Өмірде стрессті толықтай болдырмау мүмкін емес. Босаңсу (релаксация) тәсілдерін игеру көптеген кеселдерді болдырмауға, тән мен жан үйлесімділігіне қол жетуге мүмкіндік береді.

Стресс -адамның  мазасыздығынан  туындайтын  көбіне   өзі  бейімделмеген 

жұмыстардың  шамадан  тыс  болуына  байланысты бейімделген  психикамен  организмнің  өзгерістерге  ұшырауына әкелетін  процесс  ретінде  саналады. 

Стресс белгілері


- Үнемі  шаршаңқылық  сезімі;
- Сыртқы  ортадағы  өзгерістерге  байланысты қабылдауы  мен  белсенділіктегі  өзгерістер;
- Себепсіз   бастың ауруы  мен қан  қысымының  көтерілуі;
- Дене  массасының  күрт  азаю  немесе  ұлғаюы; 
- Толығымен  немесе  сирек  ұйқының  бұзылуы; 
- Ұйқылы  ояу  жүру; 

Стресске қарсы тұру факторлары:

Өз  денсаулығын  күту;

Өз-өзін  жоғары  бағалау;

Өзіне  және  өз  қабілеттеріне  деген  сенімділік;

Стресске   қарсы  тұра  алу; Ашық  қарым- қатынасқа  түсе  білу; Өз-өзін басқару;



Қортынды:

«Денсі саудың жаны сау», «Денсаулық зор байлық» -дегендей денсаулығымызды сақтап, таза жұру керек. Денсаулығымыз мықты болу үшін салауатты өмір салтын сақтайық.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет