Р. М. Муталиева Қазіргі қазақ Әдебиеті


Бсйімбет'  Майлиннің  әңгіме  жанрының  шебері  екендігі  туралы



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата03.03.2017
өлшемі3,97 Mb.
#5511
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бсйімбет'  Майлиннің  әңгіме  жанрының  шебері  екендігі  туралы 

кеңес  дэуіріндегі  галымдар  жеткілікті  айтқан  болатын.  Т.Нұртазин  : 

«Қазақ  әңгімесі»  дегенде  алдымен  Бейімбет  Майлин  есімі  тілге 

оралады.  Бүл  қаламгер  әңгімені  сан  жагынан  да,  сапа  жагынан  да 

жазушыларымыздың бәрінен  көп  жазды,  келістіріп  жазды.  Бүл  пікірді 

басты  жазушымыз,  көркемсөз  шебері,  әдеби  теорияга  жетік  М.Әуезов

сан реет пысықтап айтып жүрді»  [14,46 б.].

М.Қарагаев  «Шеберлік  шыңына»  атты  еңбегінде  былай  дейді:

«Бейімбет  Майлин 

прозасының  қалыптасқан  белгі,  сипаттары

мыналар:  оқигалары  мен  фактыларының  нақтылыгы,  ақиқаттыгы,

шын 

түрмыстан 

алынатындыгы, 

образдарының 

айқындылыгы,

стилінің  қарапайымдығы,  суреттерінің  шағын  да  болса  шығарма

көлеміне  шақ,  өрнектілігі,  байыргылығы,  сөйлемдерінің  келте,  қысқа

болганымен 

оралымдылығы, 

диалогтарының 

мағыналылыгы,

әңгімелеу  сарынында сезімталдық пен  әзілшеңдіктің басымдыгы»  [15,

242 б.].

«Қара  шелек»  әңгімесі  былай  басталады:  «Әңгіме қара шелектен 

басталды.  Айшаның  атасының  басындай  сақтап  жүрген  шелегі  ғой. 

Үшінші  жыл  болып  барады,  Айша  шелексіз  қалып,  шелек  сүраймын 

деп  абысын-ажынға жексүрын  көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, 

Кәстеңкенің  дүкенінен  алдырган  шелек  еді.  Айшаның  жинақылығы, 

күтімділігі,  бірін  мыңға  балап  үстайтындығы  бүкіл  ауылга  мэлім.

68


Салақ  қатындар  Айшаны  жаратпаганда,  Айшага  мін  таккысы 

келгенде: 



Шр

— Көріне  бірге  алып  кетсе  көрерміз;  әйтпесе  кімнен  қалмаган 

дүние, -  деп бұрқылдасады.

Бұл жерде бірден Айшаның пысық,  шаруакорлыгы ашылады.

«Сол  кара  шелек  бүпн  майып  болыпты.  Қожагұлдың  кара 

токалы  біреуден  нәрсе  сүрамай,  апган  нәрсесін  бүлдіріп  бермей  жүре

ме,  бүпн  келіп  қара  шелекті  сұрай  қойды.  Айша  шелек  сұраушыны 

жайшылықта маңына жүргізбейтін:

— Ме нен  кедей  емессіңдер  гой,  керек  болса,  сатып  алыңдар,- 

дейтін.

Айшаның оңайлықпен  біреуге  шелегін бермейтіні  көрінеді.  Енді 

келіп  салақ  қара  тоқалга  шелекті  қалай  беріп  қойган  себебі  мынау: 

«Бүгін  сонысын  айта  алмай  калды.  Айта  алмай  қалган  себебі  болды: 

бүпн  айга  толды,  Бірмагамбет  жоқ!  «Аудан  жұмсапты,  науканга  өкіл 

қылыпты,  5-  ауылдың  байларын  Бірмагамбет  протоколдап  ауданга 

айдап  жіберіпті.»  — деген  сияқты  хабар  еміс-еміс  естіледі.  Науканы 

несі?  Байларда  не  жұмысы  бар? Айлап  қаңгыргандай,  ай  толганша үй 

бетін  бір  көрмегендей  не  болды?  Бұл  не  сұмдық?  Қатын-баласынан 

безген  адам б ола  ма  екен? —  деп  бірер  күннен  бері  Айша  үздіксіз 

ойлаумен  жүр.  Күл  шыгарса  да,  от  жақса  да,  жалгыз  ала  сиырды 

қақпалап  суатқа  апарып  сугарса да  есі  - дерті  Бірмагамбет  болады  да 

жүреді».  Айша  осындай  калың  оймен  Бірмагамбетті  уайымдап  жүріп, 

оның үстіне жиылыста біреу коллективке  қатысты:

—  Әйелдерді  де  ортага  салатын  болсақ  екен,  -   дейді-ау. 

Шынымен  солай  болса,  әйелдер  де  ортага  салынса...  Айшаның  ойына 

Бірмагамбетпң  мінезі  түсе  қалды:  кызганшақ,  күйгелек,  томырық... 

«Сені  жанымдай  көремін,  саган  біреу  тікелеп  қараса,  ішім  күйіп 

кетеді...» дейтін Бірмагамбет кейде.

Бейімбеттің 

кейіпкері 

ой 

үстінде 

жүргенде 

іс-әрекетте 

суреттеледі.Жогарыдагы  мысалда  Айша  күл  шыгарып,  от  жагады, 

сиырын  суатка  апарады.  Осындай  үй  жұмыстарын  аткарып  жүріп, 

Бірмагамбетті  ойлаумен  болады.  Бұндай  тәсіл  Чехов  әңгімелерінде де 

кездеседі.  Оның  «Святкиде»  әңгімесінде  қызын  ойлап  жүрген  кемпір 

былай  суреттелетін:  «Кемпір  сорлы  таңертең  ерте  тұрып  сиьф  сауып 

жүрсе де,  пешке от жақса да, түнде ұйкылы-ояу жатса да:  Ефимьям  не 

болды екен, аман-есен жүр ме екен деп кызын гана ойлайтын»  [16,

331 б.]


Коллектив  туралы  осындай 

алып-қашпа 

сөздерді 

ойлап 

отьфганда  шелек  сұрап  кара  токап  келеді.  Айша  таза  әйел  болса,  ол 

керісінше  салақ:  «Жаулыгы  саптақ-салтақ  кір.  Аягындагы  кебісі  бір

69


жамбастап  қисайып кеткен. Жау қуып келгеннен жаман ентігіп,  қотыр

малдай пешке сүйене тұрды да:

-   Аиырым-ай,  Құдайдың  күніне  не  болып  кетті,  түбі  түсіп

кеткен  шыгар,  күнде  боран,  есті  тандыратын  болды  гой.  Осы  боранда 

ерігіп,  жиылысқа  келіп  жүргендерін  айтам-ау,  «Шоққайыңның»  4-5 

адамы  үйге  келіп,  әкемдей  болып  сіресіп  отырып  алды.  Соларга  шаи 

қойып  беріп  құтылайын  деп  едім,  екі  шелекпен  бзрмасам,  боранда 

қайта-қайта барып жүру қиын,  шелегіңді бересің бё, келін? -  деді.

Қара тоқалдың не айтып, не қойганын Айша ұгынган жоқ, сөзіне 

құлақ  та  салган  жоқ.  Жалгыз-ақ  «шелек»  дегенін  ұгынып  қалды.

Шелекті  бермесе  қара  тоқал  мылжыңдап  мазасын  ала  беретін  сиякгы 

болды.  Содан  құтылганша  асықты.  Өзі  үйде  оңаша қалып,  істеген  ісін

тагы бір ойлап шықпақшы болды.

-  Ана жақта тұрған шыгар, ал! — дей салды.

Қара шелек қолынан осылай шыгып  кетіп еді.

Бейімбет — шагын  әңгімеге барлық мәселені сыйгызып жіберетін 

шебер жазушы. АйшаныН ойы арқылы коллективтендірудің қалай өтіп 

жатқанын,  өзінің  артель  бастыгы  болып  сайланганы,  мал  ортақ 

болады дегенде әзер дегенде жинаган  2-3  мапын уайымдаганы,  әсіресе 

бір  шелек  сүт  беретін  ала  сиырын  уайымдаганы  — бәрі  бізге  мәлім 

болады.  Осындай  нәрселерді  ойлап  отырып,  шелекке  мән  бермеуі  -

логикалық дэлел.

Ал,  қара  тоқалдың  шелек  сұрап  келуіне  де  себепкер  -

жиналысқа келген адамдар.

Қара тоКалдың салақ екені де айтылып  қалады. Жалпы, Бейімбет

эңгімелерінде  әйелдердің  салақтыгы  не  көкдолылығы  немесе  тагы

басқа  мінездері  қагыс  қалмайды.  Бірақ  таза  эйелдерден  гөрі  салақ

эйелдер көбірек сыналады.

Бір 

гана 

қара 

шелек 

арқылы 

сол 

кездегі 

жұрттың

колхоздастыруга 

қатысты 

түсініктері, 

заманның 

астан-кестеңі 

шыкканын  айқын  көреміз.  Шелек  оқигасы  сюжетте  байланыс

қызметін де атқарып тұр.

«Кеш  болып,  үй-іші  қара  көлеңке  тартқан  соң,  суға  барайын

десе,  шелегі  жоқ.  Шелегін  қара  тоқалдың  алып  кеткені  Айшаның

есіне  сонда түсті.  Жаны  шыгып  кете  жаздады,  ©йткені,  қара тоқалдың

қолына түскен  ыдыс  сау  қайтқан  емес:  кесе  алса,  екі  бөліп  қайтарады,

кұманша алса, шүмегін сындырып қайтарады, шелек алса...

Айша  шыдай  алмай  үйден  шыга  жүгірді.  Екі  үйдің  арасына

жалданып  тұрган  қарга  тізесінен  батып  малтыкты,  оган  да  тоқтаган

жоқ,  қара тоқалдың үйіне жеткенше, қара шелекті  көргенше асықты».

70


Айшанын»  карга  малтыгып  жүгіруі  — деталь.  Өйткені,  токалдың

ыдысты  сау  кайтармайтынын  біледі.  Уақытты  кетірмей  тез  жету 

керек. Айша кара тоқалдың үйіне барса:

«Шашы  обырап,  күлді  бүркыратып  қара  токал  пештің  алдында  отыр 

еді.  Есіктен 

кірген 

Айшаны  көрді  де,  ашуланган 

пішінмен 

шымшуьфмен отты  косеп-көсеп  қалды. Күл бүркырап пештің аузынан 

көлбеп үша берді.

— Шелекке келіп едім, — деді  Айша әлденеден корыккандай.

— Әлгі  кагынгыр  бала...  өзінің  де  сыйын  бердім...  — дсп  қара 

тоқал отпен бола берді.

Айша  шошынып,  сезіктеніп,  кара  токалга  төне  түсті.  Токал 

каймыккан түрмен қарап:

— Неге төндің? Үлкенді  сыйлап  именсе  қайтеді  екен бүлар? Әне, 

жатыр шелегің, -  деді.

Айша  босагага  караса,  екі  бүктетіліп,  түбі  аламайымен  сөгіліп, 

кара  шелск  жатыр!  Жаны  шыгып  кете  жаздады.  Жалма-жан  шелекті 

алып,  қара  гокалга  жіберіп  үрды.  Ызаланып  козінен  жасы  ыршып- 

ыршып кетті.

—Ойбай,  олтірді  мына  иттің  баласы!  —  деп  қара  токал 

шаңкылдап, үйді басына көтерді».

Қара  тоқалдың  екінші  рет  салақтыгы  корінеді:  шашы  қобырап 

кетуі, күлді бүркыратып  алуы.  Айшаны  көргенде бүлінген  шелек есіне 

түсіп,  соган  өзі  де  ызаланып,  бір  жагынан  Айшаның  да  қүр 

кетпейтінін  апдын-апа  ссзгендей  — осының  бәрі  бір-ақ  кимыл  аркылы. 

шымшуырмсп 

отты 

салып 

калуынан 

байқапады. 

Ашуланып 

кимылдаганы соншалык, күлді бүрқыратып жібереді.

Айша  шелектің  «қазасын»  естуге  корқып,  күдіктеніп  сүраганда 

даусының да калай шыгатыны белгілі.

Токал  бір-екі  сөзбен  гана  болган  жайды  аңдатады.  Шелекті 

бүлдірген бала екенін, өіінің де таяк жегенін аңгарамыз.

Айша  шелектің  бүлінгеніне  көз  жеткізу  үшін  токалдын  жанына 

жетіп  барады.  Қара  шелек  жай  майыса  салмаган,  жарамастай  боп 

бүлінген.  Сондыктан  Айшаның  жаны  шыгып  кете  жаздайды. 

Шелектің  бүлінгені  катты  батканы  соншалык,  тоқалды  шелекпен 

үрады.  Ызаланганынан  көзінен  жас  шыкканы  —  шелекке  колы  әрен 

жетіп еді, ол кезде ыдыс  кымбат түрады, алу оңай емес.

Жазушы  келемі  шагын  диалог  пен  баяндаудан  екі  әйелдің 

образын,  психологиясын  өте  дэл,  ыкшам,  шебер  түрде  жеткізген. 

Қабдолов  айтатын  дэлдік  пен  ыкшамдылық  бар.  Бір  сөздің  өзі 

кейіпкердің  ііикі  жагдайын  ашып  береді.  Ауыл  әйелдсрінің  мінез-

7


құлкы  айна-катесіз  накты  бсріледі.  Әйелдердің  кандай  жағдайда қалаи

сөйлейтіндіктерін жетік меңгерген.

«Шам  жага  Қожағұл  келді.  Бет-аузына  жабысқан  қар  еріп,

сақалынан  тамшылагі  тұр  Екі  үйдің  арасы  әжептәуір  алыс  екені,  қар 

борап тұрганы білінетін деталь.

-  Келін шырагым, біздің әйелге қол тигізбей-ақ қойсаң болмай

ма? _  деп күрсінді ( тоқалының кінәсін біліп тұр).

-Сындырмасын, бүлдірмесін біреудің нэрсесШі!

-   Сындырмасын  дегеніңіз  дұрыс  қой,  бірақ  «біреудікі»  дегенді 

койса  да  болады  гой.  Мана  өзіңіз  бар  емес  пе  едіңіз,  не  деп  еді  өкіл? 

«Керекті  кұралды  ортак  пайдаланасывдар»  демеп  пе  еді?  Сол 

құралдың  бірі  шелек  қой.  Бастық  адам  ұрмас  болар,  «бастыгымыз 

осылай  қылды,  ұрды»  деп  арыз  берсек,  «потсот»  кететініңізді  білесіз

бе?». 



г'  ,.1^ 

....

Мұнда  адамдардың  «ортақ  мүлію>  дегенді  қалай  ұғатындары

байқалады.

Айша  өзін  тентекке  санады.  «Шынында,  солай  екен:  ортақ 

мүлік,  алып  пайдаланды.  Сындырса  да  еркі  бар  емес  пе?»,  “ Деп 

ойлады.  Ойлап  еді,  коз  алдына  жапырылган  қара  шелек  елестегендей 

болды,  шашы  жалбырап,  пеш  алдында  албасты  құсап  отырган  қара 

тоқал  елестеген  сияқтанды»  Айша  колхоз  заңына  багынса  да,  қара 

тоқалдың  ісін  мақұлдай  алмайды.  Кейіпкердің  ішкі  психологиясы

корінеді.

Бірмағамбет  келгенде  Айша болған  жайды  айтады.  Қожағұлдың

сотқа берем дегенін де айтады.

-  Туу,  содан  қоркып  жүргенің бе?  Қожағұл  сотқа беруші  ме еді?

Қожағұлдың  кім  екенін  білесің  бе?  Ол  —  саудагер,  ол  —  молда. 

Берікболдың  жаназасын  шығарып,  қызыл  бұзауды  алғаны  биыл  күз 

емес пе еді? Ортақ мүлікке шелек қосылушы  ма еді?

Сол  кездегі  саясат  бойынша  қайтыс  болған  адамға  жаназа 

шығаруға  тыйым  салына  бастағанын  аңғарамыз.  Атеизм  қағидасы 

тұрғысынан  мұндай  істер  кеңес  өкіметіне  жат  боп  саналды.  Ол  кезде 

саудамен айналысқан адамды алыпсатар деп айыптайтын.

Колхоз туралы жиылыс болып жатқанда:

-  Иә,  Алла,  өзің  медет бере  гөр!  -  деп  Қайралап  ауыр  күрсінеді. 

Осы Қайралапты  колхозға алмаймыз деп, жиылыстан қуады.

Қайралапқа жоғарыдағы сөзді жазушының айтқызуында көп мен 

жатыр. Сол  созді жазушының өзі айтыи отырғандай.

Теориялық сұрақтар

1. Магжанның табиғат лирикасына тәи стильдік ерекшеліктер ?

2.  Магжан романтизмі

3.  Магжан өлеңдеріндегі символизм

4.  Магжан поэзиясьгадагы мифопоэтика

5.  Магжанның философиялық өлеңдері

6.  Магжанның азаматтық лирикасы

7. Магжанның махаббат лирикасы

8. Магжанның «Қоркьгп>  поэмасының идеясы

9.Мағжанньщ  «Қойлыбайдың  қобызы»  поэмасындагы  бақсылык 

туралы ұгым

10.  Магжан  «Жүсіп  хан»  поэмасында  кеңес  дәуірінің  кандай 

саясатын әшкерелейді?

11. агжанның саяси-әлеуметтік өлеңдері

12.  Магжанның  «Батьф  Баян»  поэмасы  орыс  эдебиетінде  кай 

шыгармага ұксайды?

13. Жүсіпбектің «Ақбілек» романының жанры

14. Жүсіпбектің «Лқбілек» романының идеясы ?

15.  Жүсіпбектің  «Акбілек»  романындагы  Қарамұрт  кандай 

бейне?

16. Жүсіпбектің «Ақбілек» романындагы Мұқыш кандай бейне?

17.  Жүсіпбек  кейіпкердің  ішкі  ойын  беру  үшін  қандай  тэсіл 

қолданады?

18. Жүсіпбектің «Қартқожа» романының тақырыбы не?

19. Жүсіпбектің «Қартқожа» романының идеясы не?

20. «Акбілек» романында қандай детальдар кездеседі?

Тапсырмалар

1.  Магжанның  табигат  лирикасын  Бальмонт  өлеңлерімен 

сапыстыр.

2.  Магжанның  символдык  өлеңдсріи  Блок,  Брюсов  олеңдерімен 

сапыстыр.

3.  «Батьф  Баян»  поэмасын  Гогольдың «Тарас  Бульба» повесімен 

салыстыр.

4.  «Батыр Баян» поэмасынан психологизмге мысалдар келтір.

5. Магжан  шыгармашылыгы туралы  галымлар  пікірін келтір.

6.  Жүсіпбектің  «Акбілек»  романынан  портретке  мысапдар 

келтір.

73


I

7.  Жүсіпбектің  «Ақбілек»  романынан  ақ  өлең  үлгісіне  мысал

келтір. 

_

8.  Жүсіпбектің  «Ақбілек»  романынан  сюжеттегі  байланысты

корсет. 

в 

..

9. Жүсіпбектің «Ақбілею> романынан шиеленісті  көрсет.

10.  Жүсіпбектің  «Ақбілек»  романынан  жан  диалектикасына 

мысал келтір.

11.  Жүсіпбектің  «Ақбілек»  романы  мен  Толстоидың  «Согыс

жэне бейбітшілік» романынан ұқсастықты көрсет.

12. 

Жүсіпбектің  «Ақбілек»  романы 

мен  Достоевскиидің 

«Агайынды  Карамазовтар»  романынан  адам  қатыгездігі  туралы  ұқсас

пікірлерді тап.

13.  Бейімбет  әңгімелерін  Чехов  әңгімелерімен  салыстырып, 

кейіпкер жасау тәсілдері мен юмор жағынан үқсастықтарды тап.

Тест сұрактары

1-нусқа

1.  М .  Ж ұмабаевтың  Шыгыс  және  Батыс  елдері  туралы

философиялық өлеңдері:

A) «Пайгамбар», «Тәңір», «Орал», «От»;

B) «Толқын», «Сағындым», «Айга»;

C)  «Алдамшы өмір», «Көкшетау», «Ой»;

и)

 «Мені де, өлім, әлдиле», «Жан сөзі», «Зар»;

Е) «Өмір», «Тұтқын», «Жатыр».



М.  Ж ұмабаевтың  «Батыр  Баян»  иоэмасының  басты 

м ұ раты:

A) Ел  қоргаушы батыр мен хандарды дәріптеу;

B) Ру тартысын сынау, ескі салтқа қарсылық;

C) Махаббаггы, сүйіспеншілікті жырлау;

О)

 Еркіндікті, бостандықты дәріптеу;

Е) Ашу-ызаны, қан төгісті айыптау.

3. 

М. 

Ж ұмабаевтың 

«Батыр 

Баян» 

поэмасының

тақырынтық-мұраттық бағыты:

A) Халыққа адалдық, жауға өшпенділік, биік адамгершілік;

B)  Махаббат еркіндігі мен бостандық жолындағы  күресі;

C) Жауынгерлік рух;

Б) Ұлттық эдет-ғұрпы пен озық дәстүрі;

Е) Ел басқару  ісіндегі ақыл-өнеге жэне билік тапқырлық.

74


4. 

М. 

Жүмабасвтын 

«Батыр 

Баян» 

поэмасынын

қаһармандары:

A) Баян,  Ноян,  қалмак қызы, Абылай хан;

B) Баян, Ноян, калмак кызы, Абылай хан, Еспембет;

C) Баян, Ноян,  калмак қызы, Абылай хан, Ер Косай, Ер Кокше; 

Э) Баян, Ноян, Ардақ, Адақ;

Е) Баян, Ноян,  Ардак, Адақ, Бөгембай, Қабанбай.

5. 

М. 

Жұмабаевтың 

«Батыр 

Баянына» 

такырыптас 

шығарманы корсетіціз:

A) В. Гогольдың «Тарас Бульба» повесі;

B) М. Горькийдің «Хан мен ұлы» әңгімесі;

C) Л. Толстойдың «Согыс және бейбітшілік» романы;

О) Мамин-Сибиряқтың «Ақ боз ат» әңгімесі;

Е) М. Шолоховтың «Адам тағдыры» әңгімесі.

ік

6. М. Жұмабасвтың «Батыр Баян» поэмасыпын жанры:



A) Лирикалық;

B) Тарихи-әлеуметтік;

C) Философиялық;

О) Мемуарлык;

Е) Тұрмыс-салт туралы.

7.  М.  Жұмабаевтын  «Батыр  Баян»  поэмасынын  көркемдік 

ерекшелігі:

A) Психологизм;

B) Тарихи-әлеуметік;

C) Үлттық болмысты  философиялык тереңдікпен жьфлау;

О) Халық басындагы тозық дэстүрді сынау;

Е) Жеке адамдарды бейнелеу.

8. М. Жұмабаевтын «Батыр Баян» поэмасынлағы  Баянііын 

інісі мен калмак кызыныц сонынан куу себебі:

A) Ақсақалдың «... бір маскара іс өткен болып қапты...», — деген 

сөзінің эсерінен;

B) Қалмақ кызын кызғануы;

C) I Іоянга деген  қимастық сезім;

О) Екі жасты  кайтару;

Е) Екі жаспен  коштасу.

75


9.  М. Жұмабасвтың «Батыр Баяиына» «симфониялык жыр»

деіі баға бсргсн  кім?

A) Ә. Тәжібаев;

B) М.  Әуезов;

C) Ж. Аймауытов;

О) Ш. Елеукенов;

Е) М.  Базарбаев.

10. М. Жумабаевтыц «Батыр Баям» ноэмасыныц оқига

жслісіидегі шиелеиісті корсет:

A) Ноян  мен  қалмак кызының бір-біріне гашык боп, елден

кашуы;

B) Баянның қалмақ қызын алып қайтуы;

C) Баянның інісін өлтіруі;

О) Баянның жау қоршауында қалуы;

Е) Абылайдың қол жинауы.

11. М. Ж ұмабасвтыц  романтизміне тэн срекшелік:

A) Тұсиалдау арқылы қогамга наразылыгын білдіреді;

B) Қогамды ашық түрде айыптауды;

C) Болашаққа деген сенімі мол;

О) Өмірді жарқьш жагынан көреді;

Е) Ерекше көңіл аударарлық оқига басым.

%

12.  Мына сөздер коркемдік тэсілдіц қай түріне жатады? 



Қомагай  қара топырақ бүлкіл қагып,

Асыгып  екі жастың қанын ішті.

A) Кейіптеу;

B) Метафора;

C) Метонимия;

Э) Теңеу;

Е) Эпитет.

13.  М. Ж ұмабаевтыц сталиндік қуғын-сүргінді эшксрелейтіи

шыгармасы:

A) «Жүсіп хан»;

B) «Қорқыт»;

C) «Қойлыбайдың қобызы»;

О)

 «Токсанның тобы»;

Е) «Оқжетпестің киясында».

76



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет