Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет1/102
Дата03.11.2022
өлшемі3,67 Mb.
#47231
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Р.С.Касымова

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ
ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Оқу құралы

Алматы, 2020

ӘӨЖ 37.0

Пікір берушілер:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ п.ғ.д., профессор Ш.Т.Таубаева
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университетініңп.ғ.д., профессор Г.Ә Мұратбаева
Абай атындағы ҚазҰПУ п.ғ.к., доцент К.А.Абдреймова
Касымова Р.С.
Әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясы: Оқу құралы. Алматы: ҚазҰУ, 2020. – 200 б.
ISBN

Оқу құралы ғылыми –педагогикалық бағыттағы магистранттарға, студенттерге, әлеуметтік педагог мамандарға арналып жазылған.


Оқу құралында әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары бойынша қысқаша талдау, әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, тапсырмалар, өзіндік бағалауға арналған тестілік сұрақтар, ұсыныстар мен талаптар берілген.Әлеуметтік мәселелерге қызығушылық білдіретін оқырмандарға арналады.


КІРІСПЕ
Оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік өзгерістерге бейімделе отырып, әлемдік өркениетке ұмтылған қоғамда танымдық қызығушылығы, біліктілігі жоғары, белсенді азамат тәрбиелеу талабы бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіне үлкен міндет жүктеуде.Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тәрбиелік процестің тұтастығын тұрақтандыруға назар аударады. Осыған орай, ұстазбен білім алушының ортақ мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, яғни ынтымақтастығы деуге болады. Тәрбиенің мақсаты – қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру үрдістеріне, нарықтық қатынастарға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйенумен,Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алумен, өзінің ішкі мүмкіндігін өздігінен толық пайдалануға даяр, белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін мойындайтын, белсенді, сонымен бірге қайырымды және тапқыр, қоғамдық талаптарға икем, жеке басының мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруға қабілетті, жеке басының құнын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, ұлттық санасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері жетілген, мәдениетті бәсеке қабілеттті маман тәрбиелеу. Осыған орай еліміздің жоғары оқу орындарында әлеуметтік педагогика пәні оқу бағдарламасына енгізілген және ол базалық пән болып табылады. Қазіргі таңда көптеген педагогикалық білім беру университеттерінде «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша бакалавр-магистратура– Ph докторантура деңгейлері бойынша маман дайындайды.
Әлеуметтік педагогика пәнін оқып үйрену барысында студент төмендегі біліктер мен дағдыларды меңгереді атап айтсақ: әлеуметтік – педагогикалық тәжірибенің теориялық қолданбалы проблемаларын ұғыну және аналитикалық баға беру; ағымдағы басылымдардың және бастаулардың материалдарын өз-бетімен талдауды жүзеге асыруды; әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің міндеттерін отбасы, әр жастағы балалар сияқты түрлі категориялармен жұмыс жасаудыңтиімді жолдарын қолдана алуы; сәйкес технологияны таңдап алу үшін отбасын, мектепті, қиын балаларды, жас өспірімдерді, әлеуметтік педагогикалық зерттеудің әдістемесін жасауды және қолдануды; өзінің тәрбиелік, диагностикалық, алдын алу, ұйымдастыру, кеңес беру, қолдау, көмек беру, түзету, бейімдеу, коммуникативтік дағдыларымен біліктерін жетілдіру үшін игерілген теориялық білімдерді тәжірибеде пайдалана алады.
Жастарымыздың бойына ізгі дәстүрлерімізді адалдық пен адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік, салауаттылық, әдептілік, имандылықты үйретіп тәлім-тәрбиенің сипаты мен мәнін ұғындыруымыз қажет.
Жақсы адам болуы үшін тек денесінің сау болуы жеткіліксіз, рухани саушылықта болуы да өте маңызды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Аллаһ сендердің сыртқы түрлеріңе қарамайды, сендердің іштеріңе, жүректеріңе қарайды»- депті. Демек, ішкі дүниенің рухани тазалығы болуы керек.
Тәрбиені насихаттауда рахымшылдықтың шоқтығы жоғары. Рахымшылдық кез –келген біреудің басына іс түскен кезде сол адамға көмек беру емес, ол адамзаттың өзара қатынасы және басқа да тіршілік иелерімен жақсы қарым-қатынаста болу, адамға туа біткен тұрақты қасиет деуге болады.Мейірімділік адам бойындағы қасиетті сезім. Мейірімді адамның мерейі үстем болу үшін, ол адамдарға жақсылық, әдептілік, адамдардың жан саулығы мен денсаулығы ол адамды қуанышқа, бақытқа бөлейді.
Қазақ халқы ұрпағын әруақытта қайырымдылыққа тәрбиелеп отырған. Қайырымдылық ұғымы көбінде жетім-жесір мен мүсәпір, қайыршыларға жақсылық жасауға байланысты жалпы мағынада қолданылатын түсінік сияқты. Әке-шешеге қайырымдылық жасау, ол балаларының борышы. Жақсы тәрбиеленген бала ата-анасына мейіріммен қарайды, ал ата-анаға мейірімсіздікпен қараудың қайырымы ата-ананы тыңдамай, өз дегенімен кеткен балалардан болатыны белгілі. Өйткені, «не ексең, соны орасың» демекші, бір нәрсенің өтемі сенің іс-әрекетіңе тікелей байланысты.Мысалы, «Қайыр бар жерде ырыс бар», «Жақсылық жерде қалмайды», «Істеген жақсылығың біреуден болмаса, біреуден қайтар», «Жақсылық қылсаң, жарлы болмассың» т.с.с. айтуға болады.
Әлеуметтік маман жалпы педагогикалық мәселелерді ғана емес, қоғамның белгілі бір ауытқуларына ұшыраған бөлігіне арналғандықтан, бұл сала бірнеше ғылым салаларымен бірігіп, адамның басына түскен күйзелістің шешілу жолдарын қарастырып, ұйымдастырады, шешуге көмектеседі.
Қазіргі таңда әлеуметтік маманның алдына қойылып отырған талап - теориялық және практикалық жұмыстармен кеңінен танысып, әлеуметтік ортада инновациялық бағытта жұмыс істеуі қажет.
Әлеуметтік маманның зерттеу жұмыстарының тиімділігі мен табыстылығы – оның танып білуге қолданған теориялық және практикалық ой-пікірлері, инновациялық әдістері, жаңа технологияларды, коммуникативті әдіс-тәсілдерді қолдануы болып табылады.
Қазіргі таңдағы экономикалық өзгерістер тұлға сипатына әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған балалар, жастар, қарттар, мүгедектер, дертке шалдыққандар, психологиялық ауытқуға ұшырағандар, күйзеліске душар болғандар, табиғат апатына ұшырағандар күннен-күнге көбейіп келеді.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарғамемлекет тарапынан, жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар, жалпы халық көмек қолын созады. Өскелең ұрпақты, қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғалық қасиетін дамыту және баланы қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындау. Қазіргі кезде тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі — басқа адамдарды қолдауға дайын тұратын, қарым-қатынасты бағалай алатын, яғни коммуникативтік қабілеті дамыған тұлғаны қалыптастыру болса, бұл жұмысқа әлеуметтік педагог та өз үлесін қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет