Радиоактивтілік



бет1/3
Дата11.12.2023
өлшемі29,33 Kb.
#137628
  1   2   3

РАДИОАКТИВТІЛІК.


Радиоактивтілік құбылысын 1896 жылы А.Беккерель ашқан. Ол уран тұзының белгісіз сәулелер шығаратыдығын байқаған, бұл құбылыс радиоактивтілік деп аталады. Радиоактивтілік деп кей атом ядроларың өз бетінше ыдырып (қирап) басқа заттың ядросына айналуын атаймыз. Бұл құбылысты терең зерттеген Мария мен Пьер Кюрилер радиактивтілік ыдырау кезінде «альфа», «бета» және «гамма» сәулелері шығатындығын, «альфа» сәулесі деп гелиидің ядросын, «бета» дегеніміз электрон немесе позитрон бөлшегі екендігін, ал «гамма» - жоғары энергиялы электромагниттік толқын екендігін анықтады.


Кез келген атом ядросы протон және нейтроннан тұрады, оларды жалпы түрде нуклондар деп атайды. Ядродағы «р» протон саны химиялық элементтің реттік нөміріне Z сәйкес келеді және заттың химиялық қасиетін сипаттайды, ал ядродағы нуклондар саны A= p+n заттың массалық саны деп аталады, мұндағы «n» нейтрон бөлшегі.
Атом ядросы мына түрде белгіленеді: химиялық элементің белгісінің жоғары жағына массалық саны,төменгі жағына реттік саны көрсетіледі , мысалы мұндағы - 12 көміртегінің атомдық салмағы, ал 6- периодтық кестедегі реттік саны немесе протон саны.
Атомдық нөмірлері бірдей, бірақ массалық саны әр түрлі болатын заттар кездеседі, оларды изотоптар деп атайды, мысалы тұрақты көміртегі, ал оның изотопы болып келеді.
Радиоактивтілі құбылысы кезіндегі ядроның ыдырауы (басқа зат ядросына айналуы) мына өрнек бойынша сипатталады:
N = N0e-t.
Бұл радиоактивтіліктің ыдырау заңы деп аталады, мұндағы N0 - бастапқы ядролар саны, N- t уақыттан кейін әлі ыдырамаған ядролар саны, -ыдырау тұрақтысы, ол сан жағыннан бірлік уақыт ішінде ядролардың ыдырау ықтималдығына тең шама. Сонда ыдыраған ядролар саны dN =N0-N тең болады.
Радиоактитілік құбылысын сипататуда -ыдырау тұрақтысының орнына жартылай ыдырау периоды Т деген шаманы қолданады. Жартылай ыдырау периоды деп барлық ядролардың тең жартысының ыдырауына кететін Т уақытты атайды. Бұл уақыт кей ядролар үшін миллиардтаған жылдарға созылады, ал кей ядролар үшін секундтың бір бөлігіне тең. Төмендегі кестеде осындай мәліметтер берілген:

Радиоактивті изотоптар, массалық саны (табиғи элементтердегі үлес, %)

Жартылай ыдырау периоды, Т

Уран- 238 (99,28%)

4,5109 жыл

Калий -40 (0,012%)

1,3109 жылы

Йод-131

8 күн

Йод - 132

2,26 сағат

Йод -125

60 күн

Торий -232 (100%)

1,41010 жылы

Радон- 222

3,8 күн

Көміртегі -14

5570 жыл


Жартылай ыдырау периоды Т мен ыдырау тұрақтысы  өз ара мына түрде байланыста: Т=ln2/=0.693/. Осы мәліметті қолданып радиоактивтіліктің ыдырау заңын мына түрде жазайық N = N0е-0,69t/Т.
Радиоактивті зат ядросының ыдырау нәтижесінде ол басқа затқа айналады, осындай құбылыстың нәтижесінде табиғатты кең таралған уран U-238 ядросы альфа сәулесін шығарып 4,47 млрд. жыл кейін Тh-234 айналады, ол өз кезегінде бета сәулесін шығарып 24,1 күннен кейін Проактиний-234, ол бета сәулесін шығарып 1,17 мин. кейін U-234 айналады, бұл үрдіс 13 рет жалғаса береді, ең соңында енді ыдырамайтын, ядросы тұрақты Pb-208 қорғасынға айналады.
Заттың радиоактивтілік белсенділігін активтілік деген шамамен сипаттайды, ол сан жағынан бірлік уақыт ішінде ыдыраған ядро санына тең: А = dN/dt. Активтілік Беккерель (Бк) деген шамамен өлшенді, сонымен қатар кюри (Ки) деген өлшеу бірлігі де қолданылады: 1 Ки =3,71010 Бк.
Енді радиоактивті ыдырау түрлерін талдайық. Өздеріңізге белгілі радиоактівтілік кезінде ядродан ,  және  бөлшектері ұшып шығатын. Зерттеулер  бөлшегі гелий ядросы екендігін көрсетті. Ол ыдырайтын радиоактивті зат ядросы құрамындағы протон бөлшегі, олай болса  ыдырауы нәтижесінде жаңадан пайда болатын зат мына реакация бойынша анықталынады: , мұндағы X- бастапқы зат ядросы, Y ыдырау нәтижесінде жаңадан пайда болған ядро, ал гелий ядросы. Жаңадан пайда болған ядро қозған күйде болады, сондықтан оның негізгі күйге көшуі  сәулесін шығарумен қатар жүреді, жалпы барлық ыдырау түрлері  сәулесін шығарумен ерекшеленеді. Альфа сәулесінің энергиясы 4-9 МэВ тең.
Радиоактивтілік кезінде бөлінетін  сәулесі е- электрон немесе оған қарама қарсы е+ позитрон (антиэлектрон) бөлшегі екен. Өздеріңізге белгілі ядрода құрамында мұндай бөлшектер кездеспейді, бұл бөлшектер ыдырайтын зат ядросы құрамындағы протон немесе нейтрон бөлшектерінің радиоактивтілік кезінде басқа бөлшектерге айналуы кезінде пайда болады және мұндай ыдыраулар гамма сәулесін шығарумен қабаттасып жүреді. - ыдырау екі түрде кездеседі.
1. Электронды - ыдырау. Бұл ядродағы нейтрон бөлшегінің протон және электронға айналуы кезінде орын алады: мұндағы -антинейтрино бөлшегі.
2. Позитронды + ыдырау. Бұл ядродағы протон бөлшегінің нейтрон және позитронға айналуы кезінде орын алады: мұндағы -нейтрино бөлшегі.
Радиоактивтіліктің электронды е-қармау деген түрі де кездеседі. Бұл құбылыс ядроның ішкі қабаттардың бірінен электронды қармап алып, нәтижесінде ядродағы бір протонның нейтронға айналуы кезінде байқалады: Бұл құбылыс тікелей иондаушы(гамма) сәулесін шығарумен қабаттасып жүрмегенмен, құбылыс нәтижесінде гамма сәулесі пайда болады. Электрон қабаттындағы босаған орынған сыртқы қабаттан электрон ауысқан кезде рентген сәулесі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет