«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет1/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ  ИННОВАЦИЯ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ: 
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ ХАЛЫҚpАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- 
ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ 
ЕҢБЕКТЕРІ 
 
 
 
ТРУДЫ 
МЕЖДУНАРОДНОЙ  НАУЧНО – ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ 
НА ТЕМУ  «РАЗВИТИЕ НАУКИ И ИННОВАЦИИ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: 
ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ» 
 
 
                                                         MATERIALS 
OF INTERNATIONAL SCIENTIFIC AND PRACTICAL CONFERENCE BY 
THEME “THE DEVELOPMENT OF SCIENCE AND INNOVATION IN THE MODERN 
WORLD: PROBLEMS AND PROSPECTS” 
 
 
 
                                                                      ШЫМКЕНТ    2016 
 
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIK OF KAZAKHSTAN 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ  РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
INTERNATIONAL HUMANITARIAN-TECHNICAL UNIVERSITY 
МЕЖДУНАРОДНЫЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ   
 
                                                                                          
 


 
ӘОЖ  332 (575) 
ББК  74.58 
Х 18 
 
        
Х18  Халықаралық  гуманитарлық-техникалық 
 
университетінде  «Заманауи  әлемдегі 
инновация  мен  ғылымды  дамыту:  мәселелері  мен  келешегі»  атты  халықаралық  ғылыми-
тәжірибелік конференцияның еңбектері:  ғылыми  басылым-Шымкент: Халықаралық гуманитарлық-
техникалық унтверситет, 2016ж. -398бет.Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 
 
H18    We  invite  you  to  participate  in  International  scientific  and  practical  conference  on  subject  
“The  development  of  science  and  innovation  in  the  modern  world:  problems  and  prospects”: 
scientific  publication-  Shymkent:  International  Humanitarian-Technical  University,  2016  -  398p. 
Languages: Kazakh, Russian and English. 
Х18 Труды международной научно-практической конференции на тему  «Развитие науки и 
инновации  в  современном  мире:  проблемы  и  перспективы»  Международный  гуманитарно-
технический университет: научные издание - Шымкент: Международный гуманитарно-технический 
университет, 2016г. -398с. Языки: казахский, русский, английский. 
 
  ISBN 978-9965-03-415-2 
Редакциялық алқа тӛрағасы: Жұрынов Ғ.М. - ХГТУ Президенті, э.ғ.к. 
Редакциялық алқа тӛраға орынбасары: Корғанбаев Б.Н.- ХГТУ Ректоры, т.ғ.д., профессор 
 
Редакциялық 
алқа 
мҥшелері: 
Жұрынов 
М.Ж. 
– Қазақстан 
Ұлттық 
Ғылым 
Академиясының академигі,  х.ғ.д.,профессор;  Жохов  А.Л.-  К.Д.Ушинский  атындағы  Ярославль 
мемлекеттік  –  педагогикалық  университетінің  п.ғ.д.,  профессор;  Шадрин  О.Ю.  -Доцент  кафедры 
уголовно-правовых  дисциплин,  Международного  юридического  института  (г.  Москва,  Российская 
Федерация)  к.ю.н.,  доцент,  профессор  Российской  Академии  Естествознания,  член  Российской 
секции  Международной  полицейской  ассоциации;    Мухаметзянова  Лилия  Хатиповна-  Старший 
научный  сотрудник  Института  языка,  литературы  и  искусства  им.  Г.  Ибрагимова  Академии  наук 
Республики  Татарстан;  Боткина  Г.М.-  Муниципальное  автономное  общеобразовательное 
учреждение средняя общеобразовательная школа № 11(г.Томск, Российская Федерация); Еркебаева 
С.Ӛ.– Ғылым ісі және халықаралық байланыстар жӛніндегі проректоры, б.ғ.к., Сабырова М.Е. - Оқу 
ісі  жӛніндегі  проректоры,  т.ғ.к.,  доцент;    Калықов  Қ.С.  –  Тәрбие  ісі  жӛніндегі  проректоры, 
Сыдыкова  З.Е.–  «Педагогика»  факультетінің  деканы,  п.ғ.к.;  Жусипова  Г.Т.–  «Жаратылыстану  –
техникалық»  факультетінің  деканы,  б.ғ.к.;  Кӛкенова  А.Т.–  «Экономика  және  заң»  факультетінің 
деканы,  э.ғ.к.;  Әбілқасым  А.Б.,  –  «Ӛнер  және  спорт»  факультетінің  деканы,  п.ғ.к.;  Утешова  А.Ж.– 
«Ӛнер»  кафедрасының  меңгерушісі,  п.ғ.к.;  Ӛтеген  Х.О.–  «Педагогика  және  психология» 
кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.; Мамирова Н.-  «Химия, биология және экология» кафедрасының 
меңгерушісі,  а.ш.ғ.к;  Ажиметова  А.Б.  –  «Есептеуіш  техника  және  стандарттау,  сертификаттау» 
кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к; Юнусов  А.А.–  «Информатика  және   математика»  кафедрасының 
меңгерушісі,  ф.м.ғ.к.;  Сабенова  Б.Н..,–  «Экономика»  кафедрасының  э.ғ.к.;  Қалмурзаев  Қ.С.,  – 
«Спорт және  дене  шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі;  Балабекова Д.Б.–  «Қаржы  және  есеп» 
кафедрасының  меңгерушісі,  э.ғ.к.;  Қарабаева  Г.У.–  «Тарих  және  география»  кафедрасының 
меңгерушісі, а.ш.ғ.к., Ибраева Л.Б., -«Қазақ және шет тілі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.; Бижан 
Н.Р., «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, Арапбаев И.А., – Компьютерлік технологиялар және 
тестілеу орталығының бастығы 
 
ӘОЖ  332 (575) 
ББК  74.58 
 
 
ISBN 978-9965-03-415-2 
 
©Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, 2016                                                                                               
©International Humanitarian-Technical University, 2016                                                                  
©Международный гуманитарно-технический университет, 2016 


 
ҚҦҚЫҚТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
ЮРИСПРИДЕНЦИОННЫЕ НАУКИ 
JURISPRUDENCE   SCIENCE 
ӘОЖ 343: 311.3 
 
ЛАУАЗЫМДЫ ҚЫЛМЫСТАР КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 
ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ 
 
                                             Атегова Н.У., Першеев А.С. 
 
ХГТУ, Шымкент қ., Қазақстан  
 
Резюме 
Автор в данной статье рассматривает проблемы борьбы с коррупцией 
 
Summary 
The author of this article deals with the problems of combating corruption 
 
Қазіргі  таңда  сыбайлас  жемқорлық  біздің  елімізді   ғана  емес,  әлем  елдерін 
алаңдатып отырған үлкен мәселе. Онымен қаншама күресу жұмыстары жүргізіліп, 
арнайы заң жобаларының қабылданғанына қарамастан сыбайлас жемқорлық қоғам 
мүддесін  шырғаланға  түсіруде.   Сыбайлас  жемқорлық  дегеніміз     заңның 
талаптарын ӛрескел бұза отырып, ӛз мүддесі үшін материалдық артықшылықтарды 
алу.   Қазақстан  үшін  сыбайлас  жемқорлықпен  күресу,  оны  жеңу  мемлекет 
саясататының  басты,  айқын  бағыты.  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  халыққа 
жолдаған  әрбір  Жолдауынан  сыбайлас  жемқорлықпен  күресу  мәселесін  сырт 
қалдырған емес. 
Елімізде  осы  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  жүргізетін  заңнамалық  база 
құрылған.  Оның  дәлелі,  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес  туралы», 
«Мемлекеттік  органдар  мен лауазымды  тұлғалардың  әрекеттерінде тәртіпті 
күшейту, 
сыбайлас 
жемқорлықпен 
күресті 
күшейту 
шаралары 
туралы» заңдар. «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Заңы  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғауға, 
Қазақстан  Республикасының  ұлттық  қауіпсіздігін  сыбайлас жемқорлықтан 
туындайтын  қауіптерден қамтамасыз  етуге,  сыбайлас  жемқорлықпен  байланысты 
құқық  бұзушылықтың алдын  алу,  оны  айқындау,  жолын  кесу, ашу,  салдарын  жою 
және  кінәлілерді жауапкершілікке  тарту  арқылы  мемлекеттік органдардың, 
лауазымды  және  мемлекеттік  функцияларды  атқаратын  басқа  және оларға 
теңестірілген  тұлғалардың  тиімді қызмет  кӛрсетуіне,  сыбайлас  жемқорлықпен 
күрестің  негізгі  принциптерін  айқындауға,  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты құқық 
бұзушылықтардың 
түрлерін, 
ол 
үшін жауапкершіліктің 
шарттарын 
орнатуға бағытталған. 
Жемқорлық  қоғамның  барлық  саласына:  экономикаға,  әлеуметтік  сала  мен 
саясатқа  іріткі  салуда.  Ал,  оның  зардабы  алға  басқан  қоғамның  дамуына  бӛгет 
болады. 
Бақылауға алынбайтын сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті зардабы мемлекет 
және   қоғамның  ӛз  арасындағы  жүйелі  негіздегі  қарым-қатынасқа  зиян  болып 
табылады.  Сыбайлас  жемқорлыққа  деген  қоғамның  немқұрайлылығы  және 
тӛзімділігі, адамдармен қоғамдық мүддеге қауіп сияқты емес, мінез-құлық нормасы 
болып  қабылданып кеткен  сыбайлас  жемқорлық,  құқықтық  мемлекеттің құрылған 


 
фундаментін  бұзуға  бейімделген  бақылаудан  шыққан  күш  болуының  кепілдігі 
болып отыр. 
Қызметтік әдепсіздік, лауазымды тұлғаның криминалистілігі, тиімді қоғамдық 
бақылаудың  болмауы  сыбайлас  жемқорлыққа  деген  қолайлы  ортаны  құрады.  Бұл 
бүгінгі күндегі жаңа қоғамдағы ең ӛзекті проблеманың бірі болып табылады. Нарық 
экономикасы  жағдайында  сыбайлас  жемқорлық  бүркемелеген  сипаттықта, 
мүдделік,  тамыр-таныстық  түріндегі  кӛріністер,  жеке  компаниялардың  басшылық 
лауазымдағы  жоғары  шенеуніктердің  ауысуы,  мемлекеттін  бюджет  қаражаты 
есебінен  жеке  құрылымдарға  инвестициялау,  мемлекеттік  мүліктерді  акционерлік 
қоғамдарға ауыстыру және тағы басқалар арқылы болуы мүмкін. 
Қазақстан  Республикасының  1998  жылғы  2  шілдедегі  «Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  Заңының  2-бабына  сәйкес:  «Мемлекеттік 
міндеттерді  атқаратын  адамдардың,  сондай-ақ  соларға  теңестірілген  адамдардың 
лауазымдық  ӛкілеттілігін  және  соған  байланысты  мүмкіндіктерін  пайдалана 
отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың ӛз ӛкілеттіктерін ӛзгеше пайдалануы, 
жеке  ӛзі  немесе  делдалдар  арқылы  заңда  кӛзделмеген  мүліктік  игіліктер  мен 
артықшылықтар  алуы,  сол  сияқты  бұл  адамдарға  жеке  және  заңды  тұлғалардың 
аталған  игіліктер  мен  артықшылықтарды  құқыққа  қарсы  беруі  арқылы  оларды 
сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» [1].   
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  атап  ӛткендей: 
«Сыбайлас  жемқорлық  –  бұл  ғаламдық  мәселе,  одан  әлемнің  бірде-бір  мемлекеті, 
бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес» [2].  
 
Ал, заң энциклопедиясында «Коррупция» термині латынша «бұзу, сатып алу» 
деген  мағына  білдіреді,  яғни:  «лауазымды  адамның  ӛзіне  сеніп  тапсырылған 
құқықтар  мен  мүмкіндіктерді  бас  пайдасына  жұмсайтындығын  кӛрсететін  саясат 
немесе  мемлекеттік  басқару  саласындағы  қылмыстық  әрекет»  деп  анықтама 
берілген [3].   
17.12.1979  жылғы  Қырғыз  Республикасының  лауазымды  адамдардың 
құқықтық  тәртібін  сақтау  жӛніндегі  кодексте  былай  делінген:  «сыбайлас 
жемқорлық  ұғымын  ұлттық  құқық  анықтайды»,  ал  «лауазымды  адамның  ӛзі 
ӛкілетті салада кез келген формадағы сыйақы үшін сол сыйақыны берген адамның 
мүддесіне  лауазымдық  нұсқаулықты  бұзып  та,  бұзбай  да  қандай  да  бір  әрекет 
жасауы немесе жасамауы» сол анықтамаға жатқызылған [4].   
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  2008  жылғы 
Қазақстан  халқына  жолдауына:  «Бұл  саладағы  басым  бағыт  –  жазалаушы  іс  – 
әрекет емес, құқық бұзушылықтарды абайлату мен олардың алдын алу болуға тиіс. 
Сондықтан  биылғы  жылы  «Құқық    бұзушылықтардың  алдын  алу  туралы»  заң 
жобасын әзірлеп, Парламентке енгізу қажет» делінген [5].   
Қазіргі  кӛптеген  әлеуметтік  –  экономикалық  және  саяси  –  құқықтық 
проблемалар  қатарындағы  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  проблемасының 
маңыздылығын кӛтеріп отырған бірнеше себептер бар. 
Біріншіден,  қолдағы  билікті  бас  пайда  үшін  пайдалану,  ондай  қылмыстың 
әшкерленуі  билік  беделін  түсіреді,  демократияға  нұқсан  келтіреді,  тіптен 
диктатураға алып келуі мүмкін. 
Екіншіден, сыбайлас жемқорлық ӛзінің ресурстардың бӛлінуіне тигізетін теріс 
әсерінің нәтижесінде жалпы экономиканың дамып нығаюына кедергі жасайды. 
Үшіншіден,  сыбайлас  жемқорлық,  басқа  да  келеңсіз  әлеуметтік  құбылыстар 
сияқты,  ӛзіне  –  ӛзі  жағдай  тудыра  отырып,  келешек  әлеуметтік  –  экономикалық 
және  саяси  тәртіпті  шайқалтады,  ол  неғұрлым  тамырын  жайған  сайын  онымен 
күресу қиындай береді. 


 
Тӛртіншіден, елде етек алған сыбайлас жемқорлық шеттен келетін жәрдемнің, 
инвестициялардың жолына тосқауыл болады. 
Сыбайлас  жемқорлықты  елде  орын  алып  отырған  жалпы  саяси,  әлеуметтік 
және  экономикалық  проблемалардың  салдары  деуге  болады.  ол,  әдетте,  қоғамның 
жаңару кезеңінде бой кетереді. Ал ондай кезеңді бастан кешіріп отырғанымыз рас. 
Сыбайлас  жемқорлықпен  күрестің  батыл  шараларын  қабылдамасақ,  оның 
криминалдық,  экономикалық  және  әлеуметтік  проблемадан  саяси  проблемаға 
айналып,  мемлекеттің  конституциялық  негізіне  қауіп  тӛндіруі  мүмкін.  Сондықтан 
да  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  ӛзінің  «Қазақстан  – 
2030.  Барлық  қазақстандықтардың  ӛсіп  ӛркендеуі,  қауіпсіздігі  және  тұрмыс 
жағдайының жақсаруы» деп аталатын Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен аяусыз 
күресті  басты  мақсаттар  қатарына  қойған,  оны  құқықтық  мемлекет  орнатудың 
шарты деп санаған. 
Жемқорлықтың кӛрініс табуының ең қауіпті екі түрі: 
- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау; 
-  мемлекеттік  қызметкерлердің  әрекетінде  ұрлық  белгілері  байқалмаса  да, 
олардың  қандай  да  бір  артықшылықтарды  заңсыз  жолмен  алу  мақсатында  ӛз 
қызметтік жағдайын теріс пайдалануы [6].   
Қазақстан  Республикасының  1998  жылғы  2  шілдедегі  «Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  Заңының  4-бабына  сәйкес:  Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарына: 
1)заңдылық; 
2)адам  мен  азаматтың  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін 
қорғау басымдығы; 
3) жариялылық пен ашықтық; 
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның ӛзара іс-қимыл жасауы; 
5)  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  шараларын  жүйелі  және  кешенді 
пайдалану; 
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; 
7)  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылға  жәрдем  кӛрсететін  адамдарды 
кӛтермелеу; 
     8)  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтарды  жасағаны  үшін  жазаның 
бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады [1].   
А.Н.  Ағыбаевтың  пікірінше:  «Сыбайлас  жемқорлық  -  бұл  кез-келген 
лауазымды  тұлғаның  ӛзіне  және  тағы  басқаларға  заңсыз  жолмен  пайда  әкелу 
мақсатында жасаған қылмысы [7].   
Сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  –  таптық  құбылыс,  ол  заманға  қарай  ӛзгеріп 
отырады.  Профессор  Е.И.Қайыржановтың  пікірінше,  сыбайлас  жемқорлық  жеке 
меншік  пайда  болып,  қоғам  антагенистік  таптарға  бӛлінгеннен  туындады,  оған 
дейін мұндай ұғым болған емес [8]. 
Филиппиннің  бұрыңғы  президенті  Ф.Маркос  ел  байлығын  ӛзі  бас  боп  талан 
таражға  салғандығын  заңдастыру  мақсатында  Конституцияға  ӛзгеріс  енгізді. 
Сондықтан да сыбайлас жемқорлықты кей кездері  заңға қайшы қылық деп айтуға 
да болмайды [9]. 
Кейбір  криминалистер  мұндай  пікірді  жақтайды.  Ресей  ғалымы 
П.А.Кабановтың  пікірінше:  «Сыбайлас  жемқорлық  –  әлеуметтік  құбылыс,  ол 
лауазымды  адамның  ӛз  қызмет  бабын  ӛзінің  бас  пайдасы  үшін  пайдалануынан 
кӛрініс табады» [10]. 
Г.А.Саттаров,  М.И.Левин  және  М.Л.Цирик  сыбайлас  жемқорлыққа  «қызмет 
бабын пайдақорлық мақсатта теріс пайдалану» деген сипаттама береді [11]. 


 
Біздіңше,  сыбайлас  жемқорлықты  бірнеше  негізгі  түрлерге  топтастыруға 
болады: 
Субъектінің мәртебесі бойынша: 
а) билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық
б) жеке сектордағы сыбайлас жемқорлық; 
в) саясаттағы немесе саяси сыбайлас жемқорлық; 
Деңгейлері бойынша: 
а) тӛмендегі; 
б) жоғарыдағы; 
в)вертикальды; 
Қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша: 
а) сыбайлас жемқорлық – теріс қылық; 
б) сыбайлас жемқорлық – қылмыс  
Сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының негізгі белгілері: 
-
 
Бәрінен  бұрын,  адамдардың  белгілі  бір  санаты  жасаған  қылмыстардың 
жиынтығы; 
-
 
Арнайы  субъектілердің  болуы,  яғни  мемлекеттік  басқару  органына  ресми 
тартылған, сондай – ақ жеке сектордың ұйымдарында лауазымды қызмет атқаратын 
адамдардың болуы;  
-
 
Бұл субъектілер ӛздерінің қызметін және мәртебесін жеке ӛзінің және белгілі 
бір топтың мүддесі үшін пайдаланады [12]. 
-
 
Еліміздің  Бac  Пpoкуpaтуpacының  apнaйы  eceпкe  aлу  және  құқықтық  cтaтиcтикa 
туралы кoмитeтiнiң Oңтүcтiк Қaзaқcтaн Oблыcындaғы бacқapмacының мәлiмeттepiнe cәйкec, 
oблыc бoйыншa лaуaзымды тұлғaлapдың, мeмлeкeттiк және әcкepи қызмeтшiлepдiң қылмыc 
caны 2007 жылы – 196, 2008 жылы – 249, 2009 жылы – 249, 2010 жылы – 259, 2011 жылы – 
285, 2012 жылы – 247, 2013 жылы – 247, 2014 жылы – 260, 2015 жылдың I тoқcaнындa – 137 
қылмыcтap тipкeлгeн. 
-
 
Oңтүcтiк Қaзaқcтaн Oблыcы бoйыншa apнaйы eceпкe aлу және құқықтық cтaтиcтикa 
бacқapмacының мәлiмeтiнe cүйeнceк, eлiмiздe 2013 жылы – 189 бaп, 3 бӛлiгi – 19 қылмыc, 
190 бaп, 3 бӛлiгi – 23, 361 бaп – 56, 362 бaп – 4, 364 бaп – 1, 365 бaп – 31, 367 бaп – 14, 368 бaп 
– 5, 369 бaп – 94 қылмыcтap caны тipкeлдi, жaлпы қocқaндa жeмқopлыққa бaйлaныcты 2013 
жылы – 247 қылмыc тipкeлгeн.  
-
 
2014 жылы – 189 бaп – 20, 190 бaп – 23, 193 бaп – 1, 361 бaп – 81, 362 бaп – 1, 364 бaп 
– 1, 366 бaп – 24, 367 бaп – 15, 368 бaп – 4, 369 бaп – 85, 370 бaп - 5 қылмыcтap caны тipкeлдi, 
жaлпы қocқaндa жeмқopлыққa бaйлaныcты 2014 жылы – 260 қылмыc тipкeлгeн. 
-
 
Қaзaқcтaн  Pecпубликacының  Қылмыcтық  кoдeкciнiң  жaңa  peдaкцияcы  бoйыншa, 
2015 жылы 3 aй iшiндe жacaлғaн қылмыcтap: 189 бaп – 9, 190 бaп – 20, 215 бaп – 1, 361 бaп – 
59, 366 бaп – 9, 367 бaп – 2, 368 бaп – 1, 369 бaп – 12, 370 бaп – 4 қылмыcтap caны тipкeлдi, 
жaлпы 3 aйдa – 118 қылмыc тipкeлгeн. Aл 2014 жылдың 3 aйындa 94 қылмыc бoлaтын, яғни – 
125 
%  -  ӛскен.  Бұдaн нәтижe  cыбaйлac  жeмқopлық қылмыcтapы  жылдaн  жылғa  ӛciп-ӛpбiп 
кeлeжaтыp. 
Криминологиялық  кӛрсеткіштердің бірі  – жаза тағайындау практикасы. 2006 
жылы  сыбайлас  жемқорлық  қылмысын  жасаған  барлығы  1030  адам  анықталған. 
Олардың  703-і  сотқа  жіберілген,  481-і  сотталған,  ал  138-і  ғана  (13  %)  бас 
бостандығынан  айырылған,  Ал  41-бап  –  «Белгілі  бір  лауазымды  атқару  немесе 
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру» жазаның негізгі түрі ретінде бір 
де бір рет қолданылмаған [12]. 
Зepттeліп отырған жұмыcты қopытa кeлгeндe, зaң бұзушылықтapдың aлдын aлу 
coнымeн қылмыc бoлуынa мүмкiндiк бepeтiн жaғдaйлapды тудыpмaу үшiн aлдын aлу  
шapaлapды жүзeгe acыpудaн бӛлeк, мeмлeкeттiң әp қызмeткepi бұл қызмeттi peттeйтiн 


 
eлiмiздiң  зaңдapы  жәнe  нopмaтивтiк-құқықтық  aктiлepдiң  бүкiл  тaлaбын  opындaудaн 
бӛлeк,  ӛз  бeтiмeн  дe  мeмлeкeттiк  қызмeткe  қapcы  кeлeтiн  ic-әpeкeттepдi  тыю 
шapaлapын жүзeгe acыpу қaжeт. 
Cӛз  coңындa,  лaуaзымды  тұлғaлapдың  жacaйтын  жeмқopлығынa  қapcы  ic-
шapaлapдың  бacты  фaктopы  aшықтық  қaғидacы  бoлып  тұp,  бұғaн  қoл  жeту  үшiн 
жұмыcтap тұpaқты, жүйeлi бoлуы қaжeт. 
 
                                                                      Әдебиеттер 
 
1.  Қазақстан  Республикасының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  1998  ж.  2 
шілдедегі №267 - 1 Заңы //Казахстанская правда. - 1998 ж. 9 шілдедегі №132, 2-бап. 
2.  Коррупция  в  Казахстане  (сущность,  проблемы,  предупреждение).  //Материалы 
международной  научно-практической  конференции.  Астана:  Акмолинская  полиграфия, 
1999. – С.3. 
3. Юрдическая энциклопедия. 2-изд. – М., 2003. – С.56. 
4. Кодекс проведения должностных лиц по поддержанию правопорядка. – Бишкек, 1998. 
5. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.  – Астана, 2008. – 64 б. 
6. Максимов С.В. Коррупция. Закон. Ответственность. Москва:2000. - С. 44. 
7.  Ағыбаев  А.Н  Ответственность должностных  лиц  за  служебные  преступления.  Алматы: 
Жеті жарғы, 1997. – С. 179. 
8. Каиржанов Е.И. Преступность – явление социальное // Предупреждение преступности. – 
2003. – № 1. 
9. Кирпичников А. Это модное слово «коррупция» // Российская провинция. – Набережные 
Челны. 1995 – №5. 
10. Кабанов П.А. Коррупция и взяточничество в России: исторические, криминологичекие 
и уголовно – правовые аспекты. – Нижнекамск: Гузель. 1995. – С.7. 
11. Саттаров Г.А. Россия и коррупция: кто кого? // Российская газета. 19.02.1998. 
12. Алауханов Е.О. Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика. Алматы, 2009.
 
 
ӘОЖ 343:311.3 
 
СОТ ЖҤЙЕСІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫ ҚЫЛМЫСТАРМЕН КҤРЕСУДЕГІ РӚЛІ 
 
Атегова Н.У., Оразалиева А.М., Н.Баймаханов 
 
ХГТУ, Шымкент қ., Қазақстан  
 
Резюме 
В настоящей статье рассматривается роль судебной системы борьбы против должностных 
преступлении 
 
Summary 
This article discusses the role of the judiciary to combat crime officers 
 
Үлкен  әлеуметтік  қасірет  болып  іспетті   бұл  індет  саяси  даму  жолындағы 
барлық елдің оң жетістіктеріне ӛз кедергісін тигізуде. Қазақстан   – ТМД елдерінің 
ішінде  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  Заң  қабылдаған  тұңғыш 
мемлекет.  Елімізде   жемқорлықпен  күресуге  және  оның  алдын  алуға  баса  мән 
беріліп  келеді.  Соның  ішінде  сот  жүйесінде  де  бұл  бағытта  кӛптеген  жұмыстар 
атқарылуда. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті   Н.Ә.Назарбаев  сыбайлас  жемқорлық 
қоғамды құлдырататын қатер екенін үнемі ескертіп, онымен күресті барлық салада 
қарқынды жүргізуді қатаң тапсырумен келеді. 


 
Елбасымыз айтқандай: «Мемлекет және қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  тұру  қажет.  Сыбайлас  жемқорлық  жай  ғана  құқық  бұзушылық  емес.  Ол 
мемлекетке  деген  сенімділікті  жоғалтады  және  ұлттық  қауіпсіздікке  де  тікелей 
қауіп тудырады». 
Сыбайлас жемқорлықпен тек қана ымырасыз күрес арқылы «Қазақстан-2050» 
бағдарламасының  кӛздеген  мақсатына  жетуге  болады.  Сыбайлас  жемқорлық 
Тәуелсіздігімізге  қатер  тудыратыны,  мемлекеттік  биліктің  тиімділігін  жоғалтып, 
қоғамның мемлекетке деген сенімін бұзатыны, еліміздің экономикалық-әлеуметтік 
және рухани дамуына кедергі келтіретіні анық. 
Сыбайлас  жемқорлықпен  күресте  еліміздің  сот  жүйесінің  де  үлесі  ауқымды 
деп  айтуға  болады.  Бәрімізге  белгілі,  еліміздің  сот  жүйесі  тұтас  алғанда 
азаматтардың  құқықтары  мен  бостандығының,  ұйымдар  мен  мемлекеттің  заңмен 
қорғалатын мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. 
«Тура  биде  туған  жоқ,  туғанды  биде  иман  жоқ»  -  деп  ежелден  ата 
бабаларымыз  бекер  айтпаған  болар.  Халықтың  сот  билігіне  сенімі,  ол  халықтың 
жалпы заңға, мемлекеттік жүйеге деген сенімі деп айтуға болады. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  баршаның  заң  мен  сот  алдында 
теңдігіне  кепілдік  береді.  Негізгі  заңға  сәйкес  судья  сот  тӛрелігін  жүзеге  асыру 
кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады [1]. 
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсанында қабылданған  ҚР 
сот  жүйесі  мен  судьяларының  мәртебесі  туралы  Заңының  3  бабында  сот  жүйесі 
жайлы  қарастырған.  Осы  заңға  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  сот  жүйесiн 
Қазақстан 
Республикасының 
Жоғарғы 
Соты, 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясына  және  осы  Конституциялық  заңға  сәйкес 
құрылатын  жергiлiктi  және  басқа  соттар  құрайды.  Қандай  да  болмасын  атаумен 
арнаулы және тӛтенше соттар құруға жол берiлмейдi деп кӛрсетілген [2].  
Заң бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер жазасыз қалмайды. Яғни, 
пара  берген  де,  пара  алған  тұлғада  жауапқа  тартылады.  Осы  орайда,  заңға  назар 
салсақ.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының талаптарына 
сай
 
мемлекеттік  функцияларды  орындауға  уәкілеттік  берілген  адамға  не  оған 
теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не 
лауазымды  адамға,  сол  сияқты  шет  мемлекеттің  немесе  халықаралық  ұйымның 
лауазымды адамына  жеке ӛзіне немесе делдал арқылы пара беру мүлкі  тәркіленіп 
немесе  онсыз,  белгілі  бір  лауазымдарды  атқару  немесе  белгілі  бір  қызметпен 
айналысу  құқығынан  ӛмір  бойына  айыра  отырып,  параның  жиырма  еселенген 
сомасы  мӛлшерінде  айыппұл  салуға  не  үш  жылға  дейінгі  мерзімге  бас 
бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Осы әрекеттерді адамдар тобы алдын ала сӛз 
байласып немесе  ұйымдасқан  топ  болып,  не  ірі мӛлшерде,  не  әлденеше  рет 
жасаса,     мүлкі  тәркіленіп,  белгілі  бір  лауазымдарды  атқару  немесе  белгілі  бір 
қызметпен  айналысу  құқығынан  ӛмір  бойына  айыра  отырып,  параның  қырық 
еселенген сомасы мӛлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі 
мерзімге 
бас 
бостандығынан 
айыруға 
жазаланады, 
ал 
жоғарыда 
сипатталған қылмыстық  әрекеттер  аса  ірі  мӛлшерде жасалған  жағдайда,  мүлкі 
тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу 
құқығынан ӛмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мӛлшерінде 
айыппұл  салуға  не  он  жылдан  он  бес  жылға  дейінгі  мерзімге  бас  бостандығынан 
айыруға жазаланады [3].
 
 
Заңға  бағынуға  кім-кімде  міндетті.   Ал  сыбайлас  жемқорлық  үшін  жаза 
әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамастан бұлтартпастай болуы 
қажет. 


 
ҚР  Жоғарғы  Соты  қызметінің  басым  бағыттарының  бірі  -  сот  жүйесіндегі 
сыбайлас  жемқорлық,  құқық  бұзушылықтарының  алдын  алу.  Осы  бағыттағы 
жұмысты  жандандыру  үшін  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Соты  Тӛрағасы 
Қ.Ә.Мамидың ӛкімімен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз 
ету  департаментінде  дербес  құрылымдық  бӛлімше   «Ішкі  қауіпсіздік  және 
соттардағы  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу»  бӛлімі  құрылды.  Осындай 
құрылымдық  бӛлімшелер  облыстық  және  оларға  теңестірілген  соттардың 
кеңселерінде де бар. 
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу бойынша Оңтүстік 
Қазақстан облыстық  және аудандық соттарында  ауқымды іс шаралар атқарылуда. 
Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  сот  тӛрағасы  Н.К.Шаріповпен  бекітілген  Оңтүстік 
Қазақстан  облыстық  соттарында  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу  шараларын 
жүзеге асыру туралы 2015 жылға арналған бағдарлама мен жоспарда  кӛзделген іс 
шаралар ауқымды. Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарында сыбайлас жемқорлық 
туралы құқық  бұзушылықтың алдын-алу және ескерту, судьялар мен   мемлекеттік 
қызметкерлерге  қатысты   заңмен  бекітілген  шектеулер  және  тиым  салулардың 
орындалуын бақылау, соттардағы сыбайлас жемқорлық фактісі мен факторларының 
орын  алуы  туралы  азаматтық  қоғам  ортасында  әлеуметтік  сауалнама  жүргізу,  сот 
жүйесіне  жоғары  білікті  мамандарды  дайындау  мәселесі  бойынша  заңгерлік 
бағыттағы жоғарғы оқу орындарымен жұмысты нығайту, судья лауазымына облыс 
соттарының  кеңсе  мамандары  арасынан  кадрлық  резерв  қалыптастыру;  интернет-
ресурстарында, теледидарларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне кӛрсетілімдер 
орнату және т.б. іс шаралар кӛзделген.  
Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  сотында  жалпы  азаматтық  істерге  қатысты 
шығарылған шешімдер саны мен олардың нешеуінің бұзылғанын пайызға шаққанда 
негізгі  сапа  шығады.  Азаматтық  істерде  сот  әділдігін  жүзеге  асыру  сапасын  2012 
жылы  –  0,4,  2013-2014  жылдары  -0,5  ,биылғы  9  айда  0,6  пайызды  құрады.  Бұл-
шешімдердің бұзылу кӛрсеткіші. Яғни 1 пайызға да жетпиді. Ал, абсолюттік санмен 
шығарсақ,  азаматтық  істер  бойынша  2013  жылы  –  171,  2014  жылы  234  ,  бүгінгі 
таңға  дейін  139  шешім  бұзылып  отыр.  Шешімнің  бұзылуының  екінші  жағы  тағы 
бар, ӛйткені екінші сатыда тараптар ӛзара бітімге келіп жатады. Мұндай жағдайда 
шешім  бұзылады.  Тараптар  ойланып,  талап  арыздан  бас  тартса  немесе  медиация 
тәртібімен татуласса да шешім бұзылады.  
Сондай-ақ,  қылмыстық  істерге  қатысты  сапа  кӛрсеткіші  де  1  пайыздан 
аспайды.  Мәселен,  биылғы  9  айда  ол  0,3  пайызды  кӛрсетіп  отыр.  Абсолюттік 
санмен алсақ, біз бұл тұста бұзылған үкімдерді тұлғамен есептейміз. Мәселен, бір іс 
бойынша бір, екі не тӛрт адам сотталды делік. Бір үкім бұзылғанда, әлгі тӛртеуі де 
есепке алынады. Егер тұлға санымен алсақ, биылғы 9 айда 8 тұлғаға қатыстыүкім 
бұзылған.  
Әкімшілік істерде де солай. Мысалы, 2013 жылы-36 мың, 2014 жылы- 32 мың, 
бүгіңгі таңда 23мың қаулы шықса, оның әзірге бұзылғаны-алтау. Сапа – 0,02 пайыз. 
Сапаның тұрақты деңгейі деген- осы.  
Енді  азаматтардың  сотқа  жүгіну  санының  артуына  келсек,  бұл  кӛрсеткіш 
жылдан-жылға  ұлғаюда.  Дегенімен  бұл  тұрғыда  ескерер  жайт,  «тұрғындар  сотқа 
кӛбірек жүгінсін, бізге сол қажет» деген мақсат жоқ. Алайда, неғұрлым аз жүгінсе, 
ол  да  зиян.  Азаматтар  қолданыстағы  заңнаманы  дұрыс  түсініп  кәдеге  асырып,  ӛз 
міндеттері  мен  жауапкершіліктеріне  ұқыпты  қарауы  керек.  Сондықтан  аталмыш 
кӛрсеткіш «сотқа жүгінген азаматардың құқықтық білімі жоғарылаған. Арызданып 
бұрынғыдай  партияға,  әкімдікке  бармайды.  Айқай  шығармайды.  Ӛзінің  заңмен 
қорғалатына  кӛзі  жетеді.  Процессуалдық  құқықтары  мен  міндеттерін  біледі» 

10 
 
дегенді  аңғартады.  Динамикаға  кӛз  жүгіртсек  азаматтық  істер  бойынша  сотқа 
жүгінуде  жылдан-жылға  ӛсу  байқалады.  Оны  баспасӛз  мәслихаттарында  ӛзім  де 
айтып  жүрмін.  Мысалы,  2012  жылы  41376  талап  арыз  түсіп,  барлығы  іс  болып 
аяқталды. Ал, биыл 9 айдағы 47 мың талап арыздың 43 мыңы іспен аяқталып отыр. 
Биылғы  кӛрсеткіш  19  пайыздай  азайған.  Оның  себебі  ӛзгерген  заңнамаларға, 
әсіресе,  процессуалдық  заңнаманың  ӛзгерісіне  байланысты.  Ӛйткені,  былтырдан 
бастап  жеңіл  түрдегі  істер  бұйрық  тәртібімен  қарауға  ұсынылуда.  Бұрын  бұйрық 
шығару  нотариалды  түрдегі  келісімшартттарға,  «талапты  мойындаған  жағдайда» 
деген  мәселелерге  қатысты  болатын.  Қазір  коммуналдық  тӛлемдермен  салық 
органдары  алдындағы  берешектер,  қызмет  кӛрсету  саласындағы  талаптарда  осы 
шеңберде  қаралып  жатыр.  Ол  таоап  арыздар  санына  ӛз  әсерін  тигізеді.  Енді 
бұйрықтарды салыстырып қарасақ, 2012 жылы-6 мың, 2014 жылы- 9 мың, биылғы 9 
айдың ӛзінде 12 мың 600 бұйрық шығып отыр. Яғни бәрібір сотқа жүгіну бар.  
  Тура  сондай  жағдай  қылмыстық  істерге  де  қатысты.  Әйтсе  де  бұл  ретте 
«Азаматтарға  байланысты  кӛбірек  үкім  шықты,  оларды  кӛбірек  соттадық»  деген 
мәліметтерден  іргемізден  аулақ  ұстаймыз.  Ӛйткені,  ол  мақтанатын  дүние  емес. 
Керісінше,  қынжылыс  танытамыз.  Облыста  небір  қылмыстар  жасалуда.  Оның 
кейбір  түрлері  ӛсуде,  кейбір  түрлері  азаюда.  Кез  келген  қылмыс  бәрімізді 
алаңдатады.  Егер  аяқталған  істерді  тілге  тиек  етсек,  2012  жылы-4  мыңнан  астам, 
2013жылы  –  4800  ,  2014  жылы-  3600,  осы  9  айда  5  мыңнан  астам  қылмыстық  іс 
аяқталған. Жылдың бітуіне 3 ай бар. 2015 жылы динамикаға заңның ӛзгеруі тағыда 
әсер  тигізіп  отыр.  Биыл  жыл  басынан  жаңадан  қолданысқа  Қылмыстық  кодекс, 
Қылмыстық  процестік  кодексі,  Қылмыстық  –  атқару  кодексі  енгізілді.  Жаңа 
Қылмыстық заңнама бойынша «Қылмыстық теріс қылық » деген бар. Бұрын барлық 
қылмыс  құқық  бұзушылықтар  қоғамға  қауіптілігінің  сипаты  мен  деңгейіне 
байланысты  «қылмыс»  және  «теріс  қылық»  деп  жіктеліп,  соңғысы  әкімшілік 
жауапкершілік  аясында  қарастырылатын.  Ол  қазір  қылмыстық  іс  санатына  ӛткен. 
Бірақ  жеңіл  тәртіпте  қаралады.  Бас  бостандығынан  айыру  жазасы  берілмейді. 
Айыппұл,  бас  бостандығын  шектеу  жаза  түрлері  белгілінеді.  Бірақ  соның  ӛзі  сот 
үкімімен аяқталатындықтан, ӛсім соның есебінен кӛрініс тауып тұр.  
-Дүниежүзілік 
экаономикалық 
форумның 
«Бәсекеге 
қабілеттілік» 
рейтингісінде  Қазақстанның  сот  жүйесі  «Сот  тәуелсіздігі»  индикаторы  бойынша 
72-  орынға  тұрақтап,  ӛзінің  беделін  біршама  жақсартты.  Алайда,  мемлекет 
басшысы  дамыған  30  елдің  қатарына  кіруде  сот  жүйесін  одан  әрі  дамытуды 
тапсырды. Тіпті, «100 нақты қадам» ұлт жоспарында мемлек басшысы 16- қадамнан 
бастап  26-  қадамға  дейін  тұтастай  сот  жүйесіне  арнап,  ауқымды  міндет  жүктеп 
отыр. Бұған облыстық соттың қосары нақты үлесі қандай? 
  - 
Дүниежүзілік  экономикалық  форумның  «Бәсекеге  қабілеттілік» 
рейтингісінде  Қазақстан  жалпы  рейтингте  50-  орында  тұр.  Ал,  «Сот 
тәуелсіздігі»индикаторы бойынша біздің сот жүйеміз 72- орында екені рас. Осынау 
кӛрсеткіштер  бойынша  бізден  тӛмен  мемлекеттерге:  Аргентина  –  129,  Армения-
106,  Әзірбайжан-101,  Болгария-116,  Италия-81,  Испаия-84,  Қырғызстан-109, 
Молдова-134,  Ресей-108,  Словения-85,  Словакия-125,  Түркия-107  орындарды 
еншілеп отыр. Менің ойымша, «Сот тәуелсіздігі» индикаторының ӛсуіне еліміздегі 
сот реформалары мен оның жүзеге асырылуы оң әсерін тигізуде [4]. 
2015  жылдың  6  наурызында  Қылмыстық  істер  жӛніндегі  мамандандырылған 
ауданаралық  әскери  сотында  генерал-лейтенант  Нұрлан  Айтманұлы  Жоламановқа 
және подполковник Қайрат Кӛпжасарұлы Балмағамбетовке қатысты қылмыстық іс 
бойынша сот үкімі жария етілді. 

11 
 
Н. Жоламанов пен Қ.Балмағамбетов ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, сауда 
құрылымдарының  ӛкілдерінен  заңсыз  іс-әрекеттер  үшін,  яғни  ҚР  ҰҚК  Шекара 
қызметіне  қажетті  тауар,  жұмыс  және  қызмет,  мемлекеттік  сатып  алу  жүргізу 
кезінде  бопсалаушылық  жолмен  аса  ірі  мӛлшерде  ақшалай   түрде  пара  алып 
отырған  деп  айыпталған  еді.  Жоламанов  құрған  және  басшылық  еткен 
ұйымдастырылған қылмыстық топ 2013 жылдың жазынан 2014 жылдың тамыз айы 
аралығында  жалпы  сомасы  173  181  750  теңге  және  436  000  АҚШ  доллары 
кӛлемінде ақшаны пара ретінде алған. 
Сот үкімімен Н. Жоламанов 11 жылға бас бостандығынан айыру, оған тиесілі 
жеке  немесе  бірлескен  ортақ  меншік  үлесіндегі  мүлкін  тәркілеу,  ӛмір  бойы 
мемлекеттік қызметте жауапты немесе басқарушылық қызметтер атқару құқығынан 
айыру, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде ӛтеуге сотталды. 
Бұған  қоса  сот  Қазақстан  Республикасы  Президентіне  Н.Жоламановты 
«генерал-лейтенант»  әскери  атағынан  және  2  дәрежедегі  «Даңқ»  мемлекеттік 
марапат орденінен айыру туралы ұсыныс жолдауға үкім етті. 
Н.  А.  Жоламановқа  қатысты  қамау  түріндегі  бұлтартпау  шарасы  ӛзгеріссіз 
қалдырылды. 
Қ.  Балмағамбетов  ҚР  ҚК-нің  235-бабының  3-бӛлігімен,  366-бабының  4-
бӛлігімен  айыпты  деп  танылып,  белсенді  ӛкініш  білдіргені  үшін  ҚР  ҚК-нің  65-
бабының талаптарына сай қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 
Қ. Балмагамбетовке қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі шарасы үкім заңды 
күшіне енгеннен кейін жойылатын болады. 
Қорытындылай  келе,
 
сыбайлас   жемқорлық   мемлекетіміздің  абыройын 
түсіріп қана қоймай,  еліміздің қауіпсіздігіне  зиянын тигізетіні айтпасада түсінікті. 
Сондықтан, біз сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, алдын алуға міндеттіміз. Осы 
орайда,  жегі  құртқа  айналған  дертпен  күрес  сот,  құқық  қорғау,  мемлекеттік 
органдардың ғана міндеті емес, әрбір жүрегі ұлтым деп соққан қазақ баласының ел 
алдындағы  парызы  екендігін  ұмытпағанымыз  жӛн.  Сонымен  қатар,  сыбайлас 
жемқорлықтың  жолын  кесуге  жәрдемдескен  адам  заң  бойынша  мемлекеттің 
қорғауында болып, қызметте кӛтермеленеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет